Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жаңа кезең - жаңа экономика

ірге ауыртпалықсыз болмаса да, жаңа технологияларды жедел ендіру, сауда-саттық көлемінің өсуі мен жаңа экономиканың қалыптасуы есебінен ұтысқа да шығып жатыр. Сайып келгенде, сапалы және салыстырмалы түрде арзан тауар сатып алатын тұтынушы ұтыста болады. Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды.

Дамығған елдерде тауар өндіруші экономикадан білім өндіру мен қолдануға негізделген экономикаға қарай ойысу жүріп жатыр. Оларда жаңа технологиялардың, жаңа білімдерді сақтаушы жабдықтардың үлесіне ІЖӨ өсімінің 70-85 пайызына дейін келеді. Ғылымды көп қажет ететін өнімнің әлемдік рыногының көлемі 2 триллион 300 миллиард долларды құрайды (АҚШ үлесі — 39, Жапония — 30, Германия — 16 пайыз). Барынша дамыған жеті ел 50 макротехнологияның 46-сына ие болып, жаңа технологиялар рыногының 80 пайызын ұстап отыр.АҚШ жыл сайын ғылымды көп қажет ететін өнім экспортынан 700 миллиардқа жуық доллар, Германия — 530, Жапония — 400 миллиард доллар алады. Экономикалық кеңістік үшін осынау аяқталмас сайыстағы жеңістің басты факторы инновациялар және тұтастай білім болып отыр.Бірқатар дамушы елдердің тәжірибесі, қатал бәсекеге қарамастан, жаңа нарықтық экономикалар серпінді даму үстіндегі әлемдік шаруашылықтан өз орнын таба алатынын дәлелдейді. Алғашқы толқындағы секілді (Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань және Сингапур) екінші толқындағы да (Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филиппин) жаңа индустриялық елдер өз өсуінің көрсеткіштері бойынша кейбір дамыған мемлекеттерден озып кетті.

Дамушы    елдердің    жаңа    экономикаға интеграциялану үлгісін Үндістан танытып отыр, оның өнеркәсібінде 280 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2000 жылы бағдарламалық өнімдердің экспортынан түскен табыс 4 миллиард доллардан асса, 2008 жылға қарай ол 50 миллиардка дейін өсуі тиіс.

Прогресшіл өзгерістерге ұмтылған Қазақстан да осынау тым тығыз экономикалық дүниеде өз орнын табуы керек. Оны ерікті түрде және "ұрыссыз" ешкімнің бере қоймасы анық.Республиканың өзара қатынастардың соны сипатына кіру шарттары айтарлықтай қатаң жене барынша қорғалған. Егер оның шикізат рыногына қатысуы құрметтеліп, дамыған елдерге шикізат импорты алымнан босатылса, дайын өнім рыногында жоғары алымнан тұратын кедергілер сакталып, дамыған инфрақұрылымы бар, соның ішінде жаңа өнімді зерттеу, талдап жасау және өндіру саласында қуатты трансұлттық корпорациялар әрекет етуде.

Қазақстанға өзінің жаңа индустриялық-инновациялык бағдарламасын іске асыруға барынша байыптылықпен және жауаптылықпен қарағаны жөн болып көрінеді. Ең алдымен, барынша мұқият талдаудан кейін бәсекелестігі жоғары өндіріс қалыптастыру мақсатында интеллектуалдық, ғылыми-ағартушылық, инженерлік, өндірістік әлеуетті, жинақталған елеулі қаржы ресурстарын біріктіру керек.

Ел құрылымдық өзгерістердің қатаң басымдықтарына, әсіресе барынша нақты да қол жетімді басымдықтарға ие болуы тиіс.

Қазақстанда жаңа экономика категориясына жататын салалар бар. Бұл — түсті металлургия, уран өнеркәсібі.Республика бүкіл әлемде мойындалған бірқатар бірегей технологияларға ие болып отыр. Бұл әлеует әлі де өзінің мәнділігін сақтап отырғанын Қытайдың Қазақстаннан сульфидтік қорғасын концентраттарын қайта өңдеу жөніндегі технологияны сатып алу ниеті дәлелдейді. Бұл технологияға 14 елден патент алынып, ГФР-да, Италияда, Канадада, Боливияда зауыттар салынғаны белгілі.

Жаңа материалдарды игеруде "Қазатомпром" кәсіпорындары көшбасшы болып отыр, бүларда жаңа және аса жаңа технологиялар негізінде табиғи уранның ұнтағы, уран таблеткалары, оксидтік керамика, бериллийлік қола секілді бұйымдар игерілген және игеріле басталған.

Уранды жер астында сілтісіздендіру жөніндегі жаңа технологияларды қолдану оны өндіруді 3 700 тоннаға дейін ұлғайтуға жөне республикаға әлемдік уран рейтингінде 3-орынды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын жасау индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыты бола алады. Талдау көрсеткеніндей, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары, тот баспайтын, подшипниктік, қоспалы жөне басқа барлык. түрлерін тұтыну артып, барған сайын арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Өткізуге байланысты кей кездері туындайтын қиындыққа қарамастан, болат рыногы тарылған емес.

Болат пен қорытпалар динамикасы алдағы кезде де дамитын болады. Оларды өндіру үшін барлық компоненттерге ие Қазақстан әлемдік рыноктың осы сегментінде елеулі түлғаға айналуына болады, бірақ әзірше басқа елдер үшін жеткізіп беруші ғана болып отыр. Мұқият есептеу жағдайында байыпты ресурстық, өндірістік, кадрлық әлеуеті және дәстүрлері бар республика әлемдік болат рейтингінде әлдеқайда лайықты орын алып, 10-15 пунктке жоғары көтеріле алады.Республикада бериллийдің, ренийдің, цирконийдің, молибденнің, кобальттің, ванадийдің, вольфрамның, бордың негізінде арнаулы қорытпалар шығаруды ұлғайту мүмкіндігі бар. Тұтастай алғанда металлургияның дамуы, арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болаттар мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі 13-14 миллиардтан астам доллар келтіре алады.Басқа жобалардан ерекшелігі, осы саланы дамыту жұмыс істеп түрған кәсіпорындарға, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетке, инженер кадрларына және жаңа технологиялардың берік қорына арқа сүйейді.

Жаһандану, әлемдік экономиканың интернационалдануы, өршіп тұрған халықаралық бәсекелестік жағдайында өз орныңды табу өте маңызды. Егер шикізат өндіру жөне өңдеу салаларында Қазақстанның көптеген ұстанымдар бойынша бәсекелесі болмаса, жоғары деңгейде өңделген өнімге байланысты жағдай мүлдем басқаша. Көптеген елдердің, соның ішінде дамушы елдердің тәжірибесі табанды күш-жігер болса, әлемдік рынокта өз орныңды табуға болатынын көрсетеді.

Солай болса-дағы, жоғары әзірлік деңгейіндегі өнім шығаруды ұйымдастыру жөніндегі біздің ниетіміз елеулі қиындықтарға тап болады, сондықтан, мұқият дайындық жасалмаса, сәтсіздік болуы мүмкін, соның ішінде отандық ғылымның жетістіктері де солай болмақ. Республика жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лерінде өнімнің тұтынушылық сапасын айтарлықтай арттыратын бәсекеге қабілетті талдамалар мен технологиялар бар. Әлемдік рынокқа жоғары әзірлік деңгейіндегі өнімнің жарып өту стратегиясын талдап жасай отырып, Қазақстан өзінің көзге айқын артықшылықтарын барынша пайдалануы тиіс.

Республиканың жаңа экономикасы оның әлемдік шаруашылыққа қайта интеграциялану жөніндегі белсенді күш-жігерінің нәтижесінде ашылатын артықшылықтарға да арқа сүйеуі қажет.Елдің қаржы жүйесінің мүмкіндіктері, лизингтік, факторингтік схемаларының дамуы индустриялық-инновациялық стратегия міндеттерін шешу үшін жағдай туғызады. Инновациялық, инвестициялық қорлар, Экспортты сақтандыру жөніндегі компания, Даму банкі сияқты дамудың жаңа институттары осы факторлардың іс-әрекетін әлдеқайда мұқият ескеріп, оларға жәрдем көрсетуі керек.Жетекші шикізат елдерінің тәжірибелері жоғары бөліністерге қаржы салудың артықша тиімділігінің көзге түсер ақиқатын қуаттап берді. Канаданың минералдық өнеркәсібі жалпы өнімінің көлемін 1 долларға ұлғайтқанда, елдің жиынтық ІЖӨ-сі, мультипликативтік тиімділікті есепке алғанда, орташа есеппен 9,3 долларға өседі екен.Бұл елдің минералдық өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар санын 2 мыңға көбейту жұмыс орындары санын жүз есе дерлік ұлғайтуға жеткізеді. Мүның өзі көп ретте Канадада ол табиғи монополист болып табылатын және оны айтарлықтай тиімді пайдаланып отырған салаларда 4 жөне 5 бөліністер елеулі дамығандығымен байланысты.Инновациялық процестердің айтарлықтай жеделдеуінде ақпараттық экономика немесе ақпараттық дәуір экономикасы секілді ұғымның нақты, катаң мәніндегі жаңа экономика процестердің интенсивті дамуы қуатты серпін болды. Барлық салаларға ақпараттық технологияларды енгізу көлемі мен қарқыны және олардың экономикаға ықпал ету аукымы өте елеулі болып отыр.

Нақ ақпараттық құрамдастық жаңа экономикаға жаһандық барлык жерге кірігушілік сипат бере отырып, оның жеделдеткішіне айналды. Интернет-технологияларды қолдану жетекші фактор болды. Әсіресе электрондық сауда-саттықтың өсу қарқыны айқьш сезіледі. Мысалы, соңғы жылдары БСҰ-ға мүше елдерде оның көлемі жыл сайын бес есеге ұлғайып, 327 миллиард доллардан асып түсті.

Соңғы 10 жылда ғылымды көп қажет ететін өнімнің өсімі 80 миллиард долларды құрағанына қарамастан, бұл салаға инвестициялар көлемі артуда. Осы факторды жете бағаламаушылық келеңсіз салдарға соқтыруы мүмкін. Мәселен, Жапония 1990-шы жылдары ақпараттық технологияларда артта қалғандықтан әлемдік экономикалық көшбасшы жағдайынан айырылды. Әу баста үлкен табыстарға байланысты нағыз шулыған туғызған бүл бизнес енді калыпты арнаға түсіп отыр.Осы процеске кіретін Қазақстанға дамыған елдердің тәжірибесін ескеріп, оған белсене интеграциялануы қажет. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды да. Мәселен, 1998 жылы интернетке 885 абонент косылса, 2003 жылы 184,9 мың қосылған — 209 есе орасан қауырт артқан. Бұған қоса интернетті пайдаланушылар көбеюіне қарай оның трафигі де ұлғайған. Мысалы, егер 2001 жылы ол 359,5 миллион минөтпен есептелсе, 2002 жылы 684,9 миллион минөтке жеткен. Қазір бүл көрсеткіштер әлдеқайда өскен.

Электрондық пошта көлемі шұғыл ұлғайды. Бүл мүмкіндіктер әлі әлдекдйда өседі. Мәселен, қазірдің өзінде "Шанхай-Франкфурт" шыны-талшықты супермагистральдің казақстандық бөлігі жөне оның Орал арқылы Ресейге кететін тармағы іске қосылған. Елдің барлық өңірінің интернетке жоғары жеделдікпен қолжетімд
12345След.
скачать работу

Жаңа кезең - жаңа экономика

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ