Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жапон-қытай қатынастары дамуының құқықтық саяси негізі

байланысқа» ұмтылу жарияланды. Аймақтық деңгейдегі маңызды мәселелерді шешуде объективтілікке бағыт алынды: қоршаған ортаны қорғау, Азиядағы валюта қаржы дағдарысын шешу, Корей түбегіндегі жағдайды реттеу. XXІ ғасырға бет алған жапон-қытай қатынастарының нығаюы туралы Бірлескен өтініш жарияланды. ҚХР Председателі Цзян Цзэминнің Жапонияға бірінші сапары жүзеге асты.
Жаңа мыңжылдық басында Жапония мен Қытай қатынастары барлық салада дамуын бастады. Сауда экономикалық салада және гуманитарлық салада бірлескен жобалар саяси ағыммен ұштаса бастады. Жапон-қытай қатынастары Шығыс Азиядағы жағдайдың дамуына және Азия Тынықмұхиты аймағының интеграциялану процесіне септігін тигізді. Соған қарамастан, Жапония мен Қытай арасында толық саяси жақындасу болған жоқ: екі жақтың бір біріне деген сенімі толық болмады.
Жаңа ғасырдағы жапон-қытай қатынастарына тоқталсақ, екі жақты қатынастардың аймақтық аспектісі көзге ерекше түседі, себебі Жапония да, Қытай да Шығыс Азияда экономикалық көшбасшылар, олардың арасындағы серіктестік, көптеген басқа да мәселелермен қатар, Пекин мен Токио арасындағы аймақтық көшбасшылыққа деген өзара бәсекелестікті де қамтиды.
Жаңа мыңжылдық басында Жапония мен Қытай екіжақты қатынастары өте қатты ушықты. 2001-2006 жж. Пекин Токиомен ресми жоғары деңгейдегі байланыстарын үзді, оған себеп: жапон премьері Дзюнъитиро Коидзумидің Ясукуни храмына барып тұруы, бұл храмды Қытайда жапон милитаризмінің символы деп қабылдайды. Қытай және Азияның басқа да мемлекеттері, аймақта жапондық колониалдық өткен саясатын ескере отырып, премьердің Ясукуни храмына жиі баруына үлкен наразылық білдірді. Жапон-қытай қатынастарының ең төмен деңгейі осы жылдары байқалды. 2005 жылдың сәуір айында екі ел арасындағы дағдарыс шарықтау шыңына жетті, Қытайда жаппай антижапондық бой көтерулер болып өтті.
2006 жылдың қыркүйек айында Жапонияда үкімет басына Синдзо Абэ келуімен екі жақты қатынастар жақсара бастады. Премьердің Ясукуни храмына баруы туралы мәселе шешілді. Абэ дипломатия саласында жапон-қытай экономикалық қатынастарына ерекше көңіл бөлді, тіпті Жапонияның ұзақ экономикалық дағдарыстан шығуы, Қытай экономикасының өсуінен болды деп есептеді. С.Абэнің айтуынша, жапон-қытай қатынастарын тұрақтандыру үшін «саясатты экономикадан бөлу принципін нығайту» болып табылады [4].
Жапон-қытай қатынастарындағы ең маңызды оқиға деп 2008 жылдың мамыр айындағы ҚХР төрағасы Ху Цзинтаоның Токиоға жасаған ресми сапарын айтуға болады. Осы сапар нәтижесінде Қытай мен Жапония арасында тарихи «Бейбітшілік пен серіктестік Келісіміне» қол қойылды және бұл қадам екі ел қатынастарының жаңа сатысы басталғандығының белгісі ретінде қабылданды. «Екі ел, Жапония мен Қытай бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін жауапты және XXІ ғасырдың дамуына да жауапты», – деп екі ел арасындағы саммитті қорытындылаған коммюникеде жария етілді [5].
Осы келісім екі ел арасында шексіз экономикалық серіктестік мүмкіндіктеріне жол ашты және жапон сыртқы істер министрлігінің бағалауы бойынша, 1972 жылғы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтірген уақыттан бергі екі ел арасындағы төртінші маңызды құжат болып табылды.
2009 жылы жапон-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға – Жапонияның премьр-министрі Таро Асоның Қытайға ресми сапары. 2009 жылдың 30 сәуірінде Пекинде Жапон премьер-министрі Таро Асо ҚХР төрағасы Ху Цзинтаомен кездесіп, екі жақты серіктестік мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қорытындылай келгенде, қазіргі кезеңде жапон-қытай қатынастарының оңды қарқынмен дамуына қарамастан, Токио мен Пекин арасында көптеген күрделі мәселелер орын алуда. Қытайдың экономикалық және саяси күрт көтерілуі және Жапонияның экономикалық мүмкіндіктеріне негізделген саяси өрлеуге деген белсенділік танытуы екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқан мәселелерді ушықтырып отыр. Бірақ бұл күрделі мәселелердің аяғына дейін шешілмеуі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейі мен қарқынын реттестіріп отыру құралы ретінде пайдаланылуының себебінен де болып отыр.
Жапония мен Қытайдың өзара мүдделері екі елдің бір-біріне деген экономикалық тәуелділігіне тікелей байланысты. Іс жүзінде екі ел арасындағы қатынастарда «саясатты экономикадан бөліп қарастыру принципі» қолданылады. Жапония үшін Қытай ең басты сауда серіктесіне және тікелей инвестициялар нысанына айналды. Ал Қытай үшін Жапония оған саяси әрі экономикалық жағынан да өте тиімді әсер ете алатын серіктеске айналып отыр. Қазіргі кезеңде экономикалық жағынан әлдеқайда дамыған Жапония ішкі ресурстардың жетіспеушілігінен Қытай экономикасынан тәуелді болып отыр.
Сонымен қатар, назар аударатын жайт, жапон-қытай қатынастары қазіргі кезеңде екіжақты ғана болудан қалды. Олар қазір аймақтық және жаһандық мәселелерге әсерін тигізе алатын деңгейге көтерілді. Екіжақты қатынастардың сипаты Жапония мен Қытайдың жаһандық саяси және аймақтық бақталастығымен ерекшеленіп отыр. Олар өзара Шығыс Азия мен Азия-Тынық-мұхиты аймағында әрі серіктес, әрі бақталас. Бұл аймақтың болашағы Қытай мен Жапонияның қандай рөл атқаратынына тікелей байланысты болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Мазуров В.М. США-Китай-Япония: перестройка межгосударственных отношений (1969-1979). – Москва: Наука, 1980. – 215 б.
2 В.Э.Молодяков, Э.В.Молодякова, С.Б.Маркарьян. История Японии. XX век. – М., 2007. – 453 б.
3 А.Семин. Внешнеполитические ориентиры Японии и Китай (90-е гг.). – М., 2001. 167 б.
4 Речь премьер-министра Абэ С. в парламенте // Асахи симбун. 21.01.2007.
5 Пекин и Токио пообещали простить друг другу «ошибки» Второй мировой войны // «Новый Регион» 07.05.08

Іn gіven clause stages of development of the Japanese-Chіnese attіtudes from the moment of formatіon of the Peoples Republіc of Chіna tіll today are analysed, and the specіal attentіon іs paіd to becomіng normatіve- legal base of mutual relatіons.
Жанар Ашинова –
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ шығыстану
факультеті жапонтану
кафедрасының аға
оқытушысы, т.ғ.к.

12
скачать работу

Жапон-қытай қатынастары дамуының құқықтық саяси негізі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ