Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жапон-қытай қатынастары дамуының құқықтық саяси негізі



 Другие рефераты
Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер КСРО кезіндегі қақтығыстар ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ Қазақстан – менің тағдырым

Токио мен Пекин арасындағы екі жақты қатынастар көптеген сарапшылар мен зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Себебі Жапония да, ҚХР да Азия Тынықмұхит аймағындағы әлемдік және беделді державалар ретінде аймақтың тұрақтылығына ғана емес, жалпы әлемге де әсерін тигізетін елдер. Бұл мақалада Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі жапон-қытай қатынастарының даму кезеңдері талданып, екі жақты байланыстардың нормативтік-құқықтық негізіне ерекше мән беріледі.
Екі жақты қатынастардың даму үрдісін талдай келе, оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бұл кезеңдердің хронологиялық сипаты екі жақты қатынастардағы оқиғалармен және екі елдің байланыс сипатына үлкен әсерін тигізген Жапония мен ҚХР-дің ішкі және сыртқы процестерімен анықталады.

Бірінші кезең – Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан бастап 1972 жылға дейін, яғни Токио мен Пекин арасында ресми дипломатиялық байланыстар болмағандығымен ерекшеленеді; екінші кезең – 1972 жылдан 1989 жылға дейін, бұл кезеңде Жапония ҚХР-да мойындап, 1972 жылы 29 қыркүйекте бірлескен коммюнике жарияланғаннан кейін екіжақты қарым-қатынастар тұрақтандырылады және 1978 жылы Жапония мен ҚХР арасында бейбітшілік және достық Келісіміне қол қойылады; үшінші кезең – сыртқы саясаттағы бағытқа әсер еткен әлемдегі биполярлы жүйенің ыдырап, халықаралық қатынастар құрылымының өзгеруінен басталды, яғни 1989 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін, жапон сыртқы саясатында «қытай факторы» негізгі компонентке айналған кезең.
Бірінші кезеңде екі ел арасындағы сауда экономикалық байланыстарды нығайту арқылы дипломатиялық қатынастардың ретке келтірілуіне, жапон билік басындағы топтардың проамерикандық саясаты кедергі болды. 1952 жылы АҚШ-тың қысым көрсетуімен жапон үкіметі Қытайдың Тайваньдағы чанкайшийлік үкіметін мойындап, онымен келісімге қол қояды. Бұл дипломатиялық қадам Жапонияның халықаралық аренада Қытай Халық Республикасы үкіметін мойындамайтындығын білдірді. Соған қарамастан, осы кезеңде екі жақ арасындағы экономикалық қатынастарды жалғастырып, дамыту мақсатында төрт ресми емес сауда келісіміне қол қойылды. Жапон үкіметінің бұл кезеңдегі ҚХР-ға қатысты сыртқы бағыты «саясатты экономикадан бөліп қарастыру» саясатына негізделген еді. Бұл кезеңдегі екіжақты қатынастар дамуының басты ерекшелігін сипаттайтын жағдай – Токионың ресми түрде ҚХР-ды жалғыз және заңды үкімет ретінде мойындаудан бас тартуы. Бірақ, соған қарамастан екі ел арасында сауда экономикалық байланыстар жоғарыда аталған келісімдер арқылы жүзеге асырылып жатты. Алайда Пекин үкіметінің «үлкен секіріс» жылдарындағы сыртқы саясаттағы авантюристік бағыты және жапон үкіметіне ҚХР-дың дипломатиялық мәртебесін мойындатуда қысым көрсете бастауы, 1958 жылғы «нагасакидегі инциденттен» кейін Токио мен Пекин арасындағы екіжақты қатынастардың екі жылға тоқтауына алып келді.
Одан кейін Токио мен Пекин арасында қатынастар біртіндеп жақсара түсіп, екі ел арасында ресми емес экономикалық және саяси байланыстар тез жандана бастады. ҚХР үкімет басшыларының әлемдік коммунистік және жұмысшы қозғалысы бағытынан бас тартуы оның социалистік елдермен байланыстарын үзуіне әкелді және Жапониямен қатынастарының жақсаруына септігін тигізеді. Осы жылдар Қытай үкіметінің ішкі бағыттағы «мәдени революцияға» байланысты сыртқы саясатта белсенділігінің төмендеуі және Пекин үкіметінің жапон үкіметіне ҚХР-да дипломатиялық мойындау мәселесінде қысым көрсетуімен ерекшеленді. Елдер арасындағы сауда байланыстарының тиімділігін пайдалана отырып, Қытай жағы Жапониямен тек экономикалық қатынастар ғана орнатпай, сонымен қатар жапон- қытай дипломатиялық байланыстарын құруға мүдделі болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Токио мен Пекин арасындағы байланыстардың қалыптандырылуына кері әсерін тигізген американдық «ҚХР-сын тежеу және изоляциялау» бағытына жапон саясатының тәуелділігі еді. 1971 жылғы Киссинджердің Пекинге сапарының нәтижесінде басталған америка-қытай қатынастарының өзгере бастауы Жапония мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстардың реттелуіне әкелген еді.
Жапон-қытай қатынастары дамуының екінші кезеңі 1972 жылдың қыркүйек айында дипломатиялық қатынастардың қалпына келуімен және 1978 жылдың тамыз айында Жапония мен Қытай арасында «бейбітшілік пен достастық Келісіміне» қол қойылуымен сипатталады. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылуы Жапония мен ҚХР байланыстары дамуындағы өте маңызды және тарихи қадам болды, сонымен қатар ол сол кезеңдегі Азиядағы және бүкіл әлемдегі күштер арасалмағындағы өзгерістерге тікелей байланысты болды. Енді Жапонияның сыртқы саясатында Қытаймен қатынастарына ерекше маңызды мән беріле бастады.
Жапон билеуші топтары әрдайым Қытайды табиғи байлығы мол, халық саны көп ел ретінде шикізаттың маңызды көзі және тауарларын сыртқа шығарудың әлеуетті нарығы ретінде қарастырды, оларды пайдалану географиялық жақындық және белгілі тарихи-мәдени дәстүрдің жақын болуы сияқты объективті факторлар жеңілдеткен еді. Қытай үшін де Жапониямен қатынастар өте маңызды болды. Қытай үшін бұл, біріншіден, географиялық және этникалық жақындықты пайдалану арқылы Жапониядан қажетті өнеркәсіп тауарларын алу мүмкіндігімен, екіншіден, қытай басшылары жапон экономикалық әлеуетін Пекин жариялаған Қытай мен Жапонияның «азиаттық бірлігі» негізде гегемонистік, ұлыдержавалық мақсатында пайдалануды көздеді. Жапон-қытай дипломатиялық байланыстары орнатылуы және 1970-80 жылдардағы саяси және экономикалық қатынастардың белсенділігі Жапония мен ҚХР арасында байланыстың одан әрі дамуына үлкен септігін тигізді. Алайда, соғыс кезінде қалыптасқан жапон-қытай қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар жойылмай қала берді [1].
1970-80 жж. жапон-қытай қатынастарының дамуын саралағанда, ең бастысы Токио мен Пекин арасындағы идеологиялық және саяси келіспеушіліктің болғанын ескеру керек. Жапония мен Қытайдағы кең таралған тарихи және нәсілдік бірлік идеясына қарамастан, әлеуметтік- қоғамдық құрылыстағы түбегейлі айырмашылықтар Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың дамуын тежеп отырды.
1978 жылдың 12 тамызында қол қойылған жапон-қытай «бейбітшілік және достық Келісімі» екі жақтың барлық маңызды мәселелерін бейбіт жолмен шешуге, территориялық біртұтастық пен суверенитетті сыйлау, өзара шабуыл жасамау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, теңдік және өзара тиімділік, бейбіт көршілестік принциптеріне негізделді. Сол жылғы Пекиннің «ашық есік және реформалар» саясаты жапон-қытай экономикалық байланыстарының ары қарай кеңеюіне жол ашып берді.
Әлемдегі халықаралық қатынастардың биполярлы жүйесі құлдырағаннан кейінгі, яғни үшінші кезеңдегі Қытай және Жапония арасындағы қатынастар қатты өзгерістерге ұшырады. Геосаяси жағдайлар Жапонияны сыртқы саясатта стратегиялық және тактикалық мақсаттарын айқындауды және қайта қарауды талап етті, өйткені ол негізінен совет-американдық конфронтациясына негізделген еді. Негізгі стратегиялық одақтасы АҚШ-қа сүйене отырып, Жапония сыртқы саясатындағы барлық бағыттарында белсенді қызметтер жүргізе бастады. Бұған дейін ұзақ уақыт бойы Жапония ҚХР-ді оның антисоветтік сыртқы бағытына сәйкес «советтік қауіпке» қарсы тұрушы ретінде қарастырған еді. Совет үкіметі ыдырағаннан кейін Азия Тынықмұхиты аймағында жаңа күштер арасалмағы орын алды. Енді Ресей және Қытай қырғи қабақ қатынастарын тоқтатып, стратегиялық серіктестікке көшкендігін жариялады. Соған байланысты жапон саясаткерлері пайда болған саяси вакуумді экономикалық және әскери қуаты күн санап өрлеген Қытай толтырады деп қауіптенді. Осындай жағдайда жапон сыртқы саясатында «қытай факторын» ескеру негізгі компонентке айналды: ол Азиядағы жағдайды ушықтыруға итермелейтін қадамдардан сақтап қалу үшін Қытайға әсер ету тетіктерін анықтау, соған байланысты саясат құруға негізделді [2].
Жапонияның Қытайдағы саяси ставкалары өте жоғары болды, тіпті 1989 жылдың мамыр-маусым айларындағы Тяньаньмынь алаңында болған, әлемді Пекин үкіметіне қарсы қойған, қайғылы оқиғадан кейін де Жапония Қытайға көмегін тоқтатпады. Жапон үкіметі Қытайға қатысты халықаралық санкцияларды жоюға белсенді түрде қатысты.
ҚХР мен Жапония арасындағы қатынастар 1990 жылдың басында жоғарылай бастады, әсіресе, экономика саласында. Осы жылдары Жапония Қытайдың басты сауда серіктесі позициясын ұстап тұрды. Алайда экономикалық фактордың екі ел арасындағы саяси мәселелерімен байланысы әлсіз болды. Токио мен Пекин арасындағы саяси келіссөздер сауда-экономикалық серіктестік деңгейінен әлдеқайда төмен болды. Дегенмен, сауда- экономикалық байланыстар тиімділігін ескере отырып, саясат саласындағы келіспеушіліктерді барынша ушықтырмай отырды. Саяси келіспеушіліктің негізінде «Тайвань мәселесі», Сэнкаку (Дяоюйдао) аралдарының кімге қарасты екені туралы территориялық дау-талас, соғыс кезіндегі Қытайға жасаған Жапонияның шығынын өтеу, т.с.с. мәселелер жатыр. Екі елдің жақындасуына Азияда мүдделерінің түйісуі де кері әсерін тигізді. Жапонияны Қытайдың әскери әлеуетін нығайтуы, ракеталық-ядролық қаруын кемелдендіруі әсіресе қауіптендірді. Екі елдің экономикалық және саяси мүдделері Азия Тынықмұхитында аймақтық деңгейде де қиылысты, болашақтағы екі елдің аймақта көшбасшы роліне бәсекелестігі айқын болды [3].
1990 жж. аяғында жапон-қытай қатынастарында үлкен өзгерістер болды. Бейбітшілік пен достық келісіміне сәйкес екі ел арасында жаңа ғасыр басында жанжалдарды қойып, жаңа саясатқа бет алуы күтілді. 1990 жылдардағы сыртқы саясат ағымына сәйкес Токио мен Пекин арасында саяси қатынастар нығая түсті, ресми өкілдердің бір біріне сапары артты, аймақтық деңгейде серіктестік келісімдері қабылданды. Аталған дипломатиялық қызметтің қорытындысы 1998 жылдың күзінде Токиода өткен жапон-қытай саммитінде қорытындыланды, сол кезде Бірлескен декларацияға қол қойылды, онда «серіктестік және достастық рухындағы

12
скачать работу


 Другие рефераты
Самоубийство, как девиантное поведение
Кибернетика
Применение химических веществ группы углеводов в росписи тканей
Предельные издержки


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ