Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жапония

жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 — 1873 жылы үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 — 1885 жылы 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі “Мицул”, “Мицубиси”, т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 жылы Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894 — 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғасырдың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 — 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылы Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 — 1918) еуропа мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шаньдун провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу — Го) құрылып, 1933 — 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946 — 1949 жылы аграрлық реформа жүргізіліп, мемл. аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950 — 1953) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.

Әдебиеті

Utamaro1.jpg

Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Кодзики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Кодзики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Сикибудың “Гэндзи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хэйкэ — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхэйки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Есицунэ-ки” (“Есицунэ туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Тикамацу Мондзаэмоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватакэ Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоэнің “Отты бағана” романы, ақын Исикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамунэ Хакутэ, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға “Қарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Симода Сэйдзидің “Таңсәрі” (1970), Накадзато Кисенің “Айырық” (1963), Суми Суэннің “Өткелсіз өзен” (1970), Кубода Сэйдің “Сякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “Жапон ертегілері” (1959), “Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Симадзаки Тоссонның “Орындалмаған өсиет”, Эндо Сюсанудың “Әйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.

Өнері

Гейша

Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады (б.з.б. 1 ғасырдағы Идзумо Исэ ғибадатханасы). 6 ғасырда будда дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды (Хорюдзи, Якусидзи, Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырларда Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима). Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. 3 ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3 — 6 ғасырларда “ханива” — адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 — 11 ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 — 14 ғасырларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды (Камакурадағы Будда мүсіні, 13 ғасыр). Жапония өнеріне 14 ғасырдан бастап Қытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 — 18 ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғасырдың аяғында еуропа стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескіндеме (Т

123
скачать работу

Жапония

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ