Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жапония

осико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясудзи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио’, Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды. Сингэки — еуропа театр ықпалымен 20 ғасырдың басында пайда болған драмалық жанрында Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 жылы түсірілді. 1908 жылы Киото мен Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 жылы дыбысты кинолар шыға бастады. 20 ғасырдың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық кинокомпаниялар пайда болды. өлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін дамытқан Куросава шығармашылығы Жапонияның кинематографиясының жаңа өрістеу кезеңін бастады. 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары және одан кейінгі кезеңде бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен “өмытпа сол бір күндерді” (1963, реж. Х. Теенгахара), “Ереуілші” (1967, реж. М.Кобияси), “Трамвай доңғалағының дүрсілімен” (1971, реж. А.Куросава), т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.

Қазақстан мен Жапония арасындағы экономика­лық ынтымақтастық

Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-эко­номикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония ара­сындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді.

Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.

Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ. [1]

Пайдаланылған әдебиеттер

  1.  »Қазақ Энциклопедиясы»
123
скачать работу

Жапония

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ