Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЖАРКЕНТ МЕШІТІ



 Другие рефераты
АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ БЕКЕТ АТА ЕСКЕРТКІШ‐ҒИМАРАТТАРЫ ТАРИХ-И РАШИДИ ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ

Жаркент атты екі қала бар. Бірі Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде. Бұл көне қалалардың бірі болып саналады. Мұнда 1858 жылы белгілі құлжа сапарында Шоқан Уәлиханов болған. Бұрын да, қазір де Қытайдағы қазақ бауырларымыз тұрады.

Жаркент атты енді бір қала өз аумағымызда. Бұл 1891 жылы патша үкіметінің Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережесі бойынша құрылған уез орталығы. 1910 жылғы дерек бойынша уезде 17 болысқа қараған 157 210 адам болған. 1918 жылы кеңес өкіметі орнағаннан кейін Жаркент уезі таратылып, Жетісу облысына қосылған.

Жаркент кеңес тұсында аудан орталығы болды. 1942 жылы ол Панфилов қаласы, Панфилов ауданының орталығы болып аталды. Қазір тарихи есімі қайтарылды. Алматы облысының құрамында.

Қаладағы мәдени-тарихи орындардың ерекше сәулеттісі де, көпке белгілі болғаны да Жаркент мешіті болып саналады. Орта Азия сәулет өнері үлгісіндегі бұл мешітті 1892-1895 жылдары ұйғырдың ірі байы Уәли Юлдашев деген кісі Хон-Пик деген қытай сәулетшісіне салдырған.

Мешіт тұтастай ағаштан, Тянь-Шань шыршасынан шегесіз қиюластырылған. Беті шығысқа қарата салынған мешіттің ауданы – 28×54 м, биіктігі – 14,5 м, ал мұнарасы – 19 метр. Ол 52 бағанамен тізбектеле айналдырыла қоршалған. Мешіттің іші-сырты ағашқа түсірілген әсем өрнектермен көмкерілген. Әрбір бағана кендірмен оралып, сыланып, қызыл жосамен сырланып, сырты лакталған. Арабша жазылған жазулардың өзі өрнекше өріліп, өте жарасымды келістірілген.

Мешіт ауласында қосымша шағын үй және медресе бар. Кешен биіктігі 2,5 метрлік тас қабырғамен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде екі үлкен қақпасы бар.

С.Шүкірұлы

скачать работу


 Другие рефераты
Операционная система NetWare
История возникновения театра в России
Восстание Спартака
Мировоззрение и его исторические типы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ