Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

 

 

8

Тұрманбетова А.

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

БЖББ-2(ІV)-07  тобында өткізілген К. Леонгардтың тест-сұрақшасының нәтижелері.

К. Леонгардтың тест-сұрақшасының нәтижелері бойынша топтың екеуінде де, ұқсас тенденциялар байқалды: екі топ білімгерлерінде де жеке тұлғаның қозулы, дистимді және үрейлі-күмәншіл тип деңгейі жоғары. Алғашында өткізілген диагностикалық әдістеме (Интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы) мен К. Леонгардтың тест-сұрақшасының нәтижелері арасында айқын байқалатын байланыс бар. Бірінші өткізілген тест (Интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы) нәтижесінің көрсеткіштері бойынша Интернетке тәуелділіктің жоғары деңгейін көрсеткен оқушыларға екінші өткізілген диагностикалық әдістемесінде (К. Леонгардтың тест-сұрақшасы) жеке тұлға типтерінің ішінде  — қозулы, дистимді, үрейлі-күмәншіл типтер тән екені анықталды. Бұл зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде Интернетке тәуелді тұлға бойында кездесетін ерекшеліктердің жеке тұлғаның қозулы, дистимді, үрейлі-күмәншіл типтері немесе сәйкес екендігінің дәлелі болып табылады. Жеке тұлғаның бұл үш типіне (қозулы, дистимді, үрейлі-күмәншіл типтер) – көп үндемеу, адамдармен қарым-қатынасқа аз түседі, олар ұжыммен тіл табыса алмайды. Шын мәнінде де, Интернет-тәуелділігіне шалдыққан адамдарға мұндай ерекшеліктер тән. Интернетке тәуелді адамдар көп жағдайда депрессиялық күйді басынан кешіреді.

Анықтаушы кезеңде жүргізілген зерттеудің нәтижесі топтың екеуінде де интернет-тәуелділігіне шалдыққан адамдар саны бар екенін айқын көрсетті. Анықтаушы кезең аяқталғаннан кейін тәжірибелік зерттеу жұмысының қалыптастырушы кезеңінің мақсатын айқындадық: жасөспірімдермен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарын өз-өзіне сенімділік, құрмет, жағымды көзқарастар қалыптастыруға бағыттау.

1-кезең: эксперименталдық топқа (ДТ-2(ІV)-07) интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарламаны өткізу, жасөспірімдерге қолайлы әрі жағымды ортаны ұйымдастыру, эксперименталды топ оқушыларына олардың ата-аналарына «Интернет-тәуелділігінің пайда болуы», «Компьютер алдында отыру кезіндегі жалпы ережелер» тақырыптарында дәрістер оқу.

2-кезең: өткізілген интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарламаның тиімділігін тексеру, яғни диагностикалық әдістемелерді қайталай өткізу арқылы бақылаушы және эксперименталды топтарының арасындағы динамиканы анықтау.

3-кезең: қорытындылау кезеңі: бүкіл тәжірибелік зерттеу жұмысындағы екі топ (эксперименталды және бақылаушы топ) көрсеткіштерін сараптау.

Қалыптастырушы кезеңнің 1-кезеңінде эксперименталды топқа (ДТ-2(ІV)-07) интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарлама жүргізілді.

Интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарлама

Бұл бағдарлама интернеттен тәуелсіз болғысы келетін адамдарға арналған. Бағдарламада интернет-тәуелділігін төмендетуге  арналған жаттығулар келтірілген:

  • Ø «Субтұлғалар ортасы» жаттығуы (ҚОСЫМША 1);
  • Ø «Өзін-өзі жазу» жаттығуы (ҚОСЫМША 2);
  • Ø «Мен кіммін?» жаттығуы (ҚОСЫМША 3);
  • Ø «Психосинтетикалық автобиография» жаттығуы (ҚОСЫМША4);
  • Ø «Мәселені мақсатқа айналдыру» жаттығуы (ҚОСЫМША 5).

Эксперименталды топқа (ДТ-2(ІV)-07) «Субтұлғалар ортасы», «Өзін-өзі жазу», «Мен кіммін?», «Психосинтетикалық автобиография», «Мәселені мақсатқа айналдыру» жаттығуларынан тұратын интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарламаны жүргіздік. Бұдан кейін эксперименталды топ білімгерлеріне және олардың ата-аналарына «Интернет-тәуелділігінің пайда болуы», «Компьютер алдында отыру кезіндегі жалпы ережелер» тақырыптарында дәрістер оқыдық. Бағдарламаны жүргізгеннен кейін бір жұмадан кейін тәжірибелік зерттеу жұмысының қалыптастырушы кезеңінің 2-кезеңі басталды. Ол интернет-тәуелділігін төмендетуге арналған бағдарламаның тиімділігін тексеру мақсатында жүргізілгендіктен, Интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы, К.Леонгардтың тест-сұрақшасы диагностикалық әдістемелерін қайталай өткіздік. Оның нәтижелері:

Пред.11
скачать работу

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ