Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері



 Другие рефераты
Ес психологиясы Бүгінгі өмірді компьютерсіз елестету Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің белгілері мен механизмдері Интернет тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері

Интернеттегі жасөспірім әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез–келген  қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады[29]. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері Интернеттегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен басқа адамдармен қарым–қатынас жасауы үшін не береді (немесе не бермейді) деген сауал қызығу тудырады. Бұл сауал тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы Интернеттегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Субьектінің оның тұтынушылық қызметінің тікелей және жанама нәтижелерді бағалау процесі мотивациялық реттелуге (регуляция) әсерін тигізеді. Қызмет нәтижесінің адам қажеттіліктеріне сәйкестілік дәрежесі яғни қаланған мен қол жеткізгенді салыстыру бұл бағалаудың критерийі болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.

Интернет тұтынушыларының мотивациясын зерттеушілер ішінде А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестова еңбектерін атап өтуге болады. Олар Интернет тұтынушыларының мотивтерінің келесі классификациясын келтіреді.

  1. Іскерлік мотив. Тұтынушылардың көпшілігі үшін Интернеттегі жұмыс нақты мақсатқа, яғни нәтижеге жетуге бағытталған кәсіби қызметтік құрылымды бөлік болып табылады. Бұл нақты бір ақпараттың ізденісі, белгілі бір адаммен өзара әрекеттестік және байланыстар белгілі бір бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және т.б. нақтылы іскерлік нәтижеге бағдарлану іскерлік мотивацияның индикаторлық қызметін атқарады.
  2. Танымдық мотив. Бұл мотив жаңа білімдерді алумен байланысты. Тұтынушының танымдық қызығуының бағыттылығына байланысты оның түрлі сипаттамалары болуы мүмкін. Компьютерлік желідегі танымдық қатынас пәні: жаңа қызметтік мүмкіндіктер, түрлі гипермәтіндік ақпарат, жаңа адамдар, жаңа идеялар мен пікірлер визуалды және есту бейнелері.
  3. Қарым–қатынас мотиві(коммуникативті мотив). Ол жаңа танысуларды, қызығулары жақын адамдарды іздеумен, пікірлерді алмастырумен сипатталады. Бұл мотив адамның жаратылыстық қажеттілігі – білімдер, пікірлер, эмоцияларды өзі тәрізіділермен алмастырумен байланысты.
  4. Корпоративті мотив(ынтымақтастық мотив). Адам қызметтерінің көптеген түрлері құрамы бойынша болсын, құрылымы бойынша болсын, әлеуметтік сипатқа ие. Қызмет адамдар арасындағы функцияларды бөледі: қызмет нәтижелерін алмастыру, жұмыс барысында бірігіп отырып мәселені шешу. Адамдардың көпшілігі ортақ қызмет жағдайында еңбек етеді. Тұтынушылардың Интернетте жұмыс істеу барысында басқалармен ынтымақтастыққа бағдарлану корпоративті мотивацияның индикаторының қызметін атқарады.
  5. Өзіндік табылу мотиві. Бұл мотив негізінде терең психологиялық құбылыстар жатыр. Тұлғалық өзін–өзі бағалау, талап қою деңгейі, жетістік мотивациясы. Адам қызметі өте жиі жетістіктік сипатқа ие, алайда адамға өзіне және басқаларға өз құндылығын дәлелдеуге тура келеді. Бұл мотив субьектінің тұлғалық құндылықтарының типіне байланысты қызметтің әртүрлі түрлерінде жүзеге асырылады.
  6. Рекреация мотиві және ойындық мотив.Ойын және рекреация әр адамның өмірінде маңызды орын алады. Ойын және рекреация жұмысқа қабілеттіліктің функционалды күйін қалыпқа келтіруден басқа, сондай–ақ олар қызметтің жаңа түрлерін игеру әдісі, өз мүмкіндіктерінің жаттығуы және тексеруі, жарысу болып табылады. Интернетте әр адам өзіне неғұрлым жақын және қызықты болып табылатын ойын түрін таба алады.
  7. Аффилиация мотиві. Берілген мотив адамның қызметінің әлеуметтік мәні мен тұлғасының көрінісі болып табылады. Ол әр адамның белгілі бір топқа қатысты болу, оның құндылықтарын қабылдап оларға еру, топ құрылымында өз орнын алуға деген қажеттіліктен көрінеді.
  8. Тұлғаның өзіндік жүзеге асу және даму мотиві. Тұтынушылардың айтарлықтай бөлігі Интернеттегі жұмыстың жеке тұлғаға және қызметке әсерін түсінеді. Бұл әсерге танымдық мүмкіндіктер, ойын әрекеті, қарым–қатынас ерекшеліктері, тұлға қызығуы қалыптасуының дамуы жатқызылады. Өз мүмкіндіктерін танымдық, коммуникативті тағы басқаларын дамытып, жүзеге асыруға деген саналы бағыттылық Интернеттегі жұмыс барысында тұлғаның даму мотивін қалыптастырады. Бұл мотивте шығармашылық компонент өзінің айқын көрінісін тапқан[36].Интернетте жұмыс істеу адамға өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы, жаңа программалық продуктіні жасау, www ресурстарындағы телеконференцияларда ойды білдіру. Бұл адамға өзінің шығармашылық потенциясын жүзеге асыруға, құзырлы эксперттер және мәнді адамдар тарапынан өз шығармашылығы үшін баға алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген    мотив   типтері   психологиядағы  тұлғаның   мотивациялық

бағыттылықтың негізгі түрлерін репрезентациялайды: продуктивті, әлеуметтік–коммуникативті, танымдық, дамытушы.

Интернет өз дамуында программисттердің кәсіби ортада қарым–қатынас жасаудан анағұрлым кең қызығуды жүзеге асырушы еркін қарым–қатынас ортасына дейінгі жолдан өтті деген ойды А.Е.Войскунскийдің зерттеулері дәлелдейді[36].  Бұл мәліметтер Интернет тұтынушыларының қызметінде іскерлік және кәсіби сипаттағы мотивтердің салмағының азайғандығын көрсетеді. Ал коммуникативті мотив, рекреациялық бағыттар, жеке қарым–қатынас мотивтері керісінше мотивациялық регуляция жүйесінде үлкен таралымға ие.

Интернет аудиториясы әрдайым өсіп бара жатқандықтан, интернеттің қоғамға әсер ететіндігін жоққа шығару мүмкін емес. Интернет тек қана ақпарат көзі ғана емес, сондай–ақ адамдар коммуникациясының үлкен зонасы. Интернеттегі қарым–қатынастың өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады. Бүкіл әлемдік желінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдалану адмның психикалық қызметіндегі құрылымдық және функционалдық өзгерістерге әкеледі. Желідегі қарым–қатынас ерекшелігі екі түрлі феномен тудырады: біріншіден, интернет виртуалды тұлғаны жасау мүмкіндігі пайда болды; екіншіден, реалды қарым–қатынастың виртуалды қарым–қатынастан айырмашылығының бар болуына байланысты интернет–тәуелділігігіне жол ашылады[33]. Біздің болжауымызша, интернет–тәуелділік тұтынушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің индикаторы болып табылады. Ал интернетті танымның құралы және байланысты үзбеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қабылдау тұлғаның психологиялық есеюдің, жетілудің кепілі деп санауға болады.

Интернет – технологияларды дамыту туралы сұрақтар алғашында Желіні утилитарлы контесті негізінде ғана қарастырылғанымен ол халықтың психикалық саулығы жағынан қарастырылуы тиіс. Алдын – ала сақтандыру бағдарламаларын, қалыпқа келтіру орталықтарын және көмек көрсету топтарын жасақтау қажет. Зерттеудің жаңа облыстарына кибер–тәуелді адамдарды анықтау мен олардың күйін бағалау үшін стандартты диагностикалық құралдарды дамыту енуі керек. Бұл болашақта Интернеттің басқа тұрақтанған әдеттерге (мысалы, алкоголизм, азарттық ойындар, сексуалды комплекстер) және психиатриялық күйлерге (мысалы, депрессия, маниакальды–депрессивті бұзылыстар, зейін тұрақтылығының төмендеуі).

Ғылыми-зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, «интернет–тәуелділігі» диагнозының негізгі 5 типін көрсетуге болады. Олар адамның  нақты нәрсеге құмар екендігін сипаттайды:

  1. 1.           киберсекс;
  2. 2.           виртуалды танысулар;
  3. 3.           онлайнды биржалық сауда;
  4. 4.           және азарттық ойындарға құмарлық;
  5. 5.           компьютерлік ойындарға деген құмарлық[41].

Емдеу сәтті аяқталуы үшін, адам өз бойында ауру бар екендігін саналы түрде түсінуі маңызды шарт болып табылады. Бұдан кейін пациентті жетімсіздік комплексінің нәтижесі болып табылатын сексуалдық комплекстерден арылтуға көмектесетін шаралар қолданылады. Сондай–ақ адамның зейінін оның жанұясына ауыстыру немесе түрлі әлеуметтік дағдыларға үйрету де эффективті әдіс болып табылады.

«Тәуелділік» (addiction) термині Интернетте көп кездесетін әлеуметтік және психологиялық мәселелермен ассоциациялау жолымен Интернет мәселелерін идентификациялауды жеңілдету мақсатында психиатрлардың лексиконынан алынған болатын[34]. Барлығы 1-ден 10-ға дейін симптом байқалуы мүмкін, оған желіде тым көп уақыт өткізу, реалды әлемде болған кездегі тынымсыздық, киберкеңістігінде өткізілген уақыт көлемін жасыру немесе реалды әлемдегі жігерсіз әрекеттер. Интернетті тым артық пайдалану әлеуметтік изоляция, өспелі депрессия, жанұя бұзылуы, оқудағы сәтсіздік, финанстық тұрақсыздық, жұмысты жоғалтуға дейін апарады.

Сапалық анализдің көрсеткіші бойынша, бұл құбылыстың кең таралуына жағдай жасайтын фактор Желідегі тұлғаның анонимділігі болып табылады. Негізінен анонимділік басты төрт бұзылыспен байланысты: түрлі ауытқулардың қалыптан күшеюі, көптеген сайттарда таралған жалған тіпті аморальды не тыйым салынған суреттерді (бала порнографиясы) қарау сияқты криминалдық әрекет жасау[43].

Кибер–тәуелділігінің пайда болуын интерактивті компоненттер жеделдетіп жібереді ол жанұя ішіндегі қатынастарға және жанұя тұрақтылығына негативті әсерін тигізеді. Ал бұл ең алдымен адамдардың реалды өмірден алыстап, тіпті айырылысуға дейін де апарады. Мұндай жағдайда индивидуалды және

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Казахстан во второй половине 40-х – середине 80-х годов
Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері
Основы оптовой торговли
Жануарлар тектес талшықтылар класс тармағы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ