Жасушаның химиялық құрамы
Другие рефераты
ЖАСУШАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Клеткалар құрылысы ғана емес, сонымен бiрге химиялық құрамы жағынан да ұқсас. Тiрi организмдер клеткаларының заттар құрамы бiрдей болмаса да, жақын мөлшерде болады.
Клетканың химиялық элементтерi. Клетка құрамында 80-ге жуық химиялық элементтер бар, бiрақ тек тiрi организмдерге ғана тән арнайы элементтер анықталған жоқ.
Клеткадағы кейбiр макро және микро химиялық элементтер
(құрғақ массаның % )
Оттегi 65-75 Бор 0,0001
Көмiртегi 15-18 Мырыш 0,0003
Сутегi 8-10 Мыс 0,0002
Азот 1,5-3,0 Иод 0,0001
Калий 0,15-0,2 Фтор 0,0001
Күкiрт 0,15-0,2 Кобальт 0,000001
Магний 0,04-0,03 Селен 0,000001
Кальций 0,04-2,00
Жоғарыдағы көрсетiлген барлық химиялық элементтер организм құрылысын құруға не ион түрiнде, не қосылыс құрамында – органикалық және биорганикалық заттар молекула құрамында қатысады.
Клетка құрамына кiретiн биорганикалық заттар. Ең кең таралғаны – бұл су. Оның мөлшерi кең мөлшерде ауытқиды: тiс эмалiнiң клеткасында шамамен 10 %, ал дамып келе жатқан ұрықта – 90 %-тен көп. Орташа көпклеткалы организмде дене массасының 80 %-iн су құрайды.
Су молекуласы химиялық тұрғыдан қарағанда, оның атомдары кеңiстiктiк орналасуына қарай дипольдi құрайды. Молекула құрылысының дипольдi ерекшелiгi судың көптеген заттармен белсендi әрекеттесе алатын қабiлетiн негiздейдi. Көптеген реакциялар нәтижесiнде гидраттар түзiледi. Судың гидраттар түзу қабiлетi оның универсальдi ерiткiш қасиетiмен негiзделген. Клеткада өтетiн көптеген реакциялар тек сулы ерiтiндiде ғана өтедi.
Судың жылу сыйымдылығы жоғары және жылу өткiзгiштiгi басқаларға қарағанда жақсы. Бұл қасиеттер суды клеткалар мен органимздердiң жылу тепе-теңдiгiн ұстап тұру үшiн тамаша сұйықтық жасайды. Су — клетканың биохимиялық реакциялары жүретiн негiзгi ортасы. Су – фотосинтез нәтижесiнде бөлiнетiн оттегi және көмiрқышқыл газы ассимиляциясының өнiмдерiн қалпына келтiруге пайдалнылатын, сутегi көзi болып табылады және, су – организмдегi және клеткадағы заттар қозғалуының негiзгi ортасы (қан, лимфа ағуы, өсiмдiктерде түтiкшелер арқылы ерiтiндiлердiң ағуы).
Клетканың биорганикалық заттарының көпшiлiк бөлiгi тұз түрiнде – не ионға диссоцияцияланған, не қатты түрде болады. Ең маңыздылары олар тiрi организмдердiң тiтiркену қасиетiн қамтамасыз етедi. Клетка iшiндегi тұздар концентрациясына цитоплазманың буферлi қасиеттерi тәуелдi. Буферлiк деп клетканың сутегi иондарының белгiлi концентрациясын сақтау қабiлетiн айтады (рн). Клеткада әлсiз сiлтiлi реакция болады (рн 7,2).
Организмдегi ерiмеген минералды тұздар, мысалы кальций, сүйек ұлпасының клеткааралық затының құрамында, молюскiлер қабыршағында кездеседi, олар бұл түзiлiстердiң берiктiгiн қамтамасыз етедi. Клеткадағы барлық қосылыстар тiрi табиғатқа тән емес. Су немесе тұз өлi дүниеде де кең тараған. Бiрақ организмдерде және олардың тiршiлiгiнiң өнiмдерiнде көмiртегi бар заттар көп мөлшерде бар екенi анықталды, олар тек тiрi клеткалар мен органимздерге тән, сондықтан оларды органикалық заттар деп атайды.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|