Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жайықтағы жаңа ауыл



 Другие рефераты
Идеология — қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі Ұлы дала атаулары Нәбижан БӘЙТЕКОВ: Желтоқсанда туғанмын… Ажарлы Атырау

Батыс Қазақстан облысы өзге өңірлерден шалғай жатқандықтан бұл аймаққа арнайы ат ізін салатындар сирек. Алайда биыл бүкіл елдің назары осы өңірге бұрылды. Ақжайықтың айналасындағы ауылдарды басқан тасқын су қаланың шеткері аудандарына дейін жеткен еді. Тосыннан келген тасқында халық баспанасы мен малынан айырылып, далада қалды.
Дегенмен дер кезінде көрсетілген көмек пен республиканың әр түкпірінен жеткен жәрдемнің арқасында тұрғындар таршылық көрмей, «бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығара білуімен» бүгінгі күнге жетті. Бүгінде су шайып кеткен ауылдардың орнында сән-салтанатты үйлер сап түзеген. Ауылдың ажары кіріп, бойына қан жүгірген. Апаттан соң айдалада қалғандай күй кешкен халықтың бүгінде жаңа үйге кіріп, жүздері жадыраған. Кешегі қайғының ізі де жоқ. Осынау апаттан зардап шеккен Тасқала, Зеленов аудандарының жай-күйімен танысып, жергілікті халықпен жүздесіп қайту үшін шалғайдағы ауылға аттандық.

Алғаш ат басын тірегеніміз Зеленов ауданының орталығы – Переметное ауылы болды. Бұл өңір тау-тасты деуге де, қала берді, аса бір сай-салалы деп сипаттауға да келіңкіремейді. Жазыққа жақын. Сондықтан да бұдан сәл бұрын бұл жерді су шайып, ел үдере көшуге тура келді деуге аузың бармайды. Бірақ апат айтып келмейді емес пе? «Алматыдан бір топ тілшілер келеді» дегенді естіген соң жергілікті тұрғындар бала-шағасымен ауылдағы «Қазпоштаның» қасына қаздай тізіліпті.
«Тасқыннан сәл бұрын ғана Алматы облысындағы ауыл түгел кеткен апатты теледидардан көргенде ағайынның жағдайына алаңдап, қолымыздан келгенше жәрдем көрсеткен едік. Бірақ еліміздің қиыр шетіндегі бізге де дәл мұндай апат келеді деп кім ойлаған?! Абдырап қалдық. Адам шығыны болмағанға Аллаға шүкір дедік. Міне, содан бері көзді ашып-жұмғанша айлар да зулап өте шықты. Ел болып жұмылып, қала берді, жергілікті басшылардың жедел ұйымдастыруының арқасында жаңа үйлер салып алдық. Міне, бүгін қоныс тойын да тойлап отырмыз», – дейді тұрғындар.
Бұл ауылдардың қазіргі келбеті қалашыққа тән. Олардың алды жаңа атауларға да ие болып жатыр. Мәселен, Зеленов ауданында «Мұнайшы» шағынауданы пайда болса, Тасқала кентінде тұрғызылған жаңа қалашыққа осы топырақтың төл перзенті, өмірінің соңғы күндеріне дейін өңірде тұрған, Жеңістің 65 жылдық мерекесі қарсаңында өмірден озған Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловтың есімі беріліпті. Қасымыздан қалмай жүрген Зеленов ауданының әкімі Ғайса Қапақовтан әріптестеріміз тұрғындардың қазіргі жай-күйін сұрап жатқанда, біз сөз арасында Зеленов ауданы мен осы ауданға қарасты ауыл атауларының әлі күнге қазақшаланбай келе жатқан себебін сұрадық. Әкім бұл мәселенің күн тәртібінен түспей тұрғанын айтып, жақын күндері осы мекен жаңа «Бәйтерек» атауына ие болуы мүмкін екенін айтып қалды. Сонымен қатар кейбір ауыл, көше аттарының «Ақжол», «Достық» және тағы басқа болып өзгеруі мүмкін екенін де жеткізді. Осыны естіген біз әкімге қайта сұрақ қойдық: «Бүгінде «Бәйтерек», «Ақжол», «Достық», «Болашақ» секілді бейтарап жалпылама атауларды еліміздің түкпір-түкпірінен еститін болдық. Бұл сол өңірдің тарихына тереңірек үңіліп, зерттеп-зерделемегендіктен болып отыр. Қазақтың қай даласына барсаңыз да оның өз тарихы, түрлі табиғи ерекшеліктері аңғарылады. Сіз атаған атаулар бұл ауданның тарихына, тіпті географиялық, тарихи ерекшеліктеріне сәйкес емес қой», – деп едік, бұл сөзімізге аудан басшысы: «Біз мұны ауыл халқымен ақылдаса отырып, бір ауыздан шештік. Қала берді, біздің өңірден аса бір аты ауызға іліге қоятын тұлғалар да шыққан жоқ қой», – деп қысқа қайырды. Егер Зеленов ауданында орыс ұлты өкілдерінің көп тұратынын ескерсек, олар үшін өлкенің тарихы, табиғи ерекшелігінен гөрі айтуға оңай әрі қысқа атаулар тиімдірек екені сөзсіз. «Қазақы атау қойылады дегенге тәубе дейміз де, қайтеміз…» деп біз ауылдағы жаңа үйлерді аралауға көштік. Әр шаңыраққа 10 сотықтан жер тиіпті. Кей үйлер бір-бірінен жапсарласа, яғни бірге, бір аулаға салынған. Бұл құрылыс материалын үнемдеуден туған ой екен. Қысқа уақыт аралығында бой көтерген ауыл тек тұрғын үйлер тізбегінен тұрмайды, түрлі сауда орталықтары, дәріхана, пошта бөлімшелері, аурухана, мектеп, халыққа қызмет көрсету нысандары да қоса салынған.
Апаттан кейін Зеленов ауданында 586 үй тексеріліп, соның 444-і комиссия қорытындысы бойынша жөндеуге жатқызылса, оның 106-сын бұзған. Жалпы сомасы 488,3 миллионды құрайтын 106 пәтерлік 56 үй салынған. Оның барлығы бүгінге пайдалануға берілген екен.
«Тасқын кезінде облыстан бастап жергілікті басшыларға дейін етігімен су кешіп, халықпен бірге жүрді. Жұдырықтай жұмылып жәрдем көрсеткен жамағатқа да мың алғыс. Баспанамыздан бір түнде айырылып, бас сауғалап кеткенде бірнеше айдан соң мынадай су жаңа үйлерге кіреміз деп ойладық па?!» – дейді тұрғындар. Зеленов ауданының әкімі Ғ.Қапақовтың айтуынша, бұл үйлерді салуға тұрғындардың өздері де атсалысқан. Салыну барысында болып, үйлерін өздері бақылаған.
Тасқынға тап болған Тасқаланың да қазір жағдайы тәуір. Қанша дегенмен ауыл халқының бірлігі берік емес пе, ел басына күн туған кезде бөлініп кеткен біреуі болмапты. Талай жылдан бері бір жердің ауасын жұтып, жерін емген жандар бір-бірін апат аузына тастамай, бірге көшіпті. Аузынан тәубесі түспеген тұрғындардың тек бір мәселеге келгенде кібіртіктейді. Бірақ онысын жар салып айта да алмайды. Өйткені дер кезінде көмек қолын созып, кейін үй салып беріп отырған жергілікті билік өкілдеріне мұны батып айта алмайтындары да байқалып тұр. Ол – қора-қопсы мәселесі. Бір-біріне тым жақын орналасқан үйлерге қарап: «Тұрғындар қораларын қайда салмақ? Үйінің төңірегі тым тар емес пе?» – дегенімізде әкімдер: «Енді қора-қопсы үйдің жанынан мүлде салынбайды. Тек ауылдың шетінен арнайы орын бөлеміз. Мал сол жерде бағылады», – деп бір қайырды. Ал ауылды төрт түліксіз елестету мүмкін бе? Тұрғындардың көңіліндегі түйткіл де санаулы тұяғының көз алдында тұрғанын қалайтыны болып тұр. Бірақ ол ойларын таратып айта алмайды. Бұл жақтың қысы қатты. Ол аздай қыс түссе, ауыл төңірегін торуылдайтын ит-құс, ұры-қары деген бар. Сондықтан халық санаулы тұяғын көз алдында түгендеп отырғанын қалайды. Қала берді, жеңгелеріміз сиыр сауу үшін шелегін ұстап қыр аса ма? Кім біледі, мүмкін кеш болса азан-қазан болып, жамырап мал келетін ауылдың өзіндік «сән-салтанатын» біреулер жақтырмаған шығар… Бірақ «оның да бір мәнісі болар» деген халық қамығып отырған жоқ. «Биыл жаңа үйге кірдік. Газ, ауызсуға мұқтаж емеспіз. Жазға іліксек, қора-қопсымызды да өзіміз жайлап алармыз. Енді аурухана – іргемізде, керек десеңіз, ауыл ішінде аялдама да бар, балалар мектепке автобуспен қатынап жүр» дейді. Тасқалада тасқыннан 441 тұрғын үй зардап шегіп, оның 358-і комиссияның қорытындысы бойынша күрделі жөндеуден өткен. Жалпы сомасы 336,7 миллионды құрайтын 72 пәтерлік 40 үй жаңадан салынған. Олардың барлығында қазір қоныс тойы тойлануда.
Тасқын Орал қаласының 5-ші шағын ауданын да шайып кеткені белгілі. Баспанасынан айырылған бұл жердің тұрғындары да көмектен құр қалмады. Осы ықшамауданда 7 нысан салынып, оның 6-ның құры­лысы аяқталды. Қала тұрғындарының қоныс тойларына журналистер де куә болды. Тұрғындар тек баспанаға ие болып қана қойған жоқ. Дәл жандарынан заманауи стандарттарға лайықты екі бірдей балабақша салынып, мектеп те бой көтеруде. Бұл тұрғындардың қуаныштарына ортақтасуға облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов, «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Болат Ақшолақов, «Қазақстан теміржолының» вице-президенті Асхат Акчурин және тағы басқалар келді. Аталған қалашықтардың салтанатты түрде ашылу рәсімі кезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өз ойын былайша тарқатты: «Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Үкіметтің дер кезінде көрсеткен көмегінің, барша қазақстандықтардың қолдауының нәтижесі. Мұндай қысқа уақытта арзан бағаға әрі сапалы тұрғын үйлер салу оңай шаруа емес. Бұл – жұрт болып жұмылғанның арқасында жүзеге асқан жұмыс». Сондай-ақ осы дүйім құрылысқа кеткен 17 миллиард қаржының 5 миллиардын берген «ҚазМұнайГаз» бен «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компанияларының да басшылары құрылысқа қатысып, қиын-қыстау кездері қайыспай, темірдей төзімділік танытқан тұрғындарға ризашылықтарын білдіріп, қоныс тойларымен құттықтады.
Әкім қолынан алғаш пәтер кілтін алғандардың бірі – он баланың анасы Роза Жолтаева болды. Сонымен қатар осы 5-ші ықшамауданның жанынан ашылған 290 орындық екі балабақшаның да алғашқы тәрбиеленушілері тасқыннан зардап шеккендердің балалары болмақ. Ал құрылысы жүріп жатқан 1200 орындық мектепте келе жылы күміс қоңырау сыңғырламақ.
Асан ауылындағы 320 орындық мектеп болса алғашқы шәкірттерін қабылдап та үлгерді.
Осы сапарымызда облыс аумағындағы түрлі кешендер мен өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілігмен де танысып қайттық. Солардың бірі –дамыған инфрақұрылымы бар «Сrown Батыс» мал бордақылау кешені. 118 га аумақты алып жатқан мал бордақылау кешені 8640 бас малға арналған. Ет экспорттауға бағытталған бұл жоба келешекте 2000 тоннадан астам етті шетке шығаруды қолға алғалы отыр. Бүгінде 2500 бас ірі қара бордақылануда екен. ТМД елдеріне ет экспорттауды жоспарға алған бұл кешен қазір 80 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар осы кешенмен көршілес «Licorice Kazakhstan» ЖШС-на қарасты мия тамырын қайта өңдейтін цехтың жұмысымен де танысудың сәті түсті. Бұл өңірде мия өсімдігінің кең таралғанын ескерсек, бұл цехтың іске қосылуының өзін игі бастама деп бағалауға болар. Аталған кешенде бұған дейін 47 тонна мия тамыры сығындысы өндірілген. Мия тамырының сығындысы – дәрі-дәрмек, түрлі дәрілік препараттар үшін таптырмас шикізат. Алдағы уақытта Қытайға 500 тонна ми

12
скачать работу


 Другие рефераты
Экологическая обстановка города
Антонио Доменико Виральдини (1705-1741)
Нарық
Жизнь и творчество Исаака Ньютона


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ