Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жайықтағы жаңа ауыл

я тамыры сығындысын жеткізуге келісім-шарт жасасу да жоспарда бар көрінеді. Ал есіктер және жиһаз шығарумен айналысатын «Алтим» цехы да үздіксіз жұмыс істеуде. Германиядан әкелінген заманауи қондырғымен түрлі сапалы есіктер, жиһаздар жасайтын өндіріс ошағы төзімді әрі ыстық пен ылғалға шыдамды қасиеті бар шикізаттарды пайдаланады. Әртүрлі көлемдегі полиэтилен құбырларды шығарумен шұғылданатын «Әлім» өндіріс орны да бүгінгі күннің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстар атқаруда. Олар осы облысты газ және су құбырларымен қамтамасыз етіп отыр. Оның шикізат көзі мұнай қалдықтары бола тұра Қазаннан тасымалданады екен. Ал Ғимран Бисенов басқаратын «МАЗ» автомобильдері базасында арнайы автотехниканы бірлесіп өндіретін «Орал­агрореммаш» АҚ еліміздің өрт сөндіру қызметіне көліктер құрастырумен қатар суару, жуу, қоқыс тазалау, қар күреу секілді жұмыстарды бір өзі атқаратын машиналар жасап шығаруда. Қазір бұл бұл база еліміздің Төтенше жағдайлар қызметі мен Қорғаныс саласының қажеттіліктерін өтеп отыр.
Елдің елдігі мен бірлігі қиын-қыстау шақтарда сыналатыны анық. Ел басына күн туған уақытта оралдықтар темірдей төзім мен елдіктің үлгісін көрсете білді. Жергілікті жұрттың алды жаңа үйлерге кіріп жатқанымен құрылыс тоқтаған жоқ, қарқынды жүруде. Өңірдегі өндіріс ошақтарында да еңбек қазаны қайнап-ақ жатыр. Барлығы ел игілігі үшін еңбек етуде. Өйткені ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын жаңа асу, жарқын істермен қарсы алу – әр қазақстандықтың борышы.

Динара ІЗТІЛЕУ

12
скачать работу

Жайықтағы жаңа ауыл

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ