Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ



 Другие рефераты
ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСАТЫН ТҰЛҒАЛАР ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ТҮСІНІГІ

Жедел- іздестіру қызметін іске асыратын органдар

Қазақстан Республикасының «Жедел — іздестіру қызметі» туралы Заңның 6 бабында жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды атап көрсетеді:

Қазақстан Республикасының аумағында Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар:

  • Ішкі істер органы;
  • Ұлттық қауіпсіздік органдары;
  • Қазақстан Республикасының қорғаныс министірінің әскери барлау органдары;
  • Әділет министірлігінің қылмыстық атқару жүйесі;
  • Қаржы полиция органы;
  • Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметі.

Бұл органдар тізімі жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар болып табылады.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі , тек заңмен ауыстырылуы және толықтырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі 1994 жылғы заңның бірінші  нұсқаулығындағыдай толықтай жалпы түрде сәйкес келеді және көбі өзгіртілгін жоқ.

Жедел іздестіруді іске асыратын органдардың міндеттері. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың құқықтары

 Жедел іздестіруді іске асыратын органдардың міндеті:

Жедел іздестіру қызметінің заңының 7 бабында көрсетілген:

·   қылмысты ашу, анықтау, алдын алу және тергеуді  қаматамасыз ету;

·   азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауға қатысу;

·    жедел — іздестіру шарасын орындау барысында керек шаралар қолдану,  сондай-ақ материалдарды тапсыруда, өткізілген қылмыстық іс жүргізудегі жедел — іздестіру шарасында жасалған нәтижелерді және құпияны жарияланбауын қадағалау;

·   Қазақстан Республикасының басқару  және мемелекеттік органдардың қоғам және мемелекеттерге төнген қауіп-қатер жөнінде уақытылы хабарлау;

·    құқықтық көмек келісім шарты негізінде өзге мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сұрауларын орындау.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ортақ міндеті Қазақстан Республикасының «Жедел — іздестіру қызметі» туралы Заңының 1 бабында көрсетілген міндеттер жатады.

Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың құқықтары

Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын огандардың компетенциялары заңда көзделген құқықтар міндеттерін әрбір орган өзіне жүктейді.  Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын огандардың компетенциялары Қазақстан Республикасының заңды актілерімен жүзеге асырылады.

Бұндай актілерге ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметінің заңнамаларына Қазақстан Республикасының Президентінің заңды күші бар нұсқаулары, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары» туралы, Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік органдары» заңы ( екі заңда  1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданған), Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі» туралы заңы (1995 жылғы 3 қазанда қабылданған).

Ұлттық қауіпсіздік органдары міндеті болып:

1. Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету,

2. Барлау нәтижесінде  Қазақстан Республикасына қажетті  ақпаратты алу;

3. Ұлттық қауіпсіздік органының заңнамадағы міндетіне кіретін қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу;

4. Қазақстан Республикасының   мемлекеттік шекарасының қорғау және күзетін қамтаммасыз ету;

5. Қазақстан Республикасының    әскерінде бөлімшелерінде мемлекеттік органдарының шифрлық қызметін жүзеге асыру;

6. Cоғыс кезінде және бейбітшілік кезінде Қазақстан Республикасының үкіметтік ақпарат алмасуын қамтамассыз ету Қазақстан Республикасының президентіне, мемлекеттік органдарға, қарулы күштерге және өзгеде әскери бөлімшелерге.

Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың  компетенттілігі

   Қазақстан Республикасының «Жедел – іздестіру қызметі» туралы  Заңының 8 бабына сәйкес жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары, мыналар:

1. Жедел — іздестіру қызметінің органдары өз міндетін атқару барысында мына құқықтарға ие болады:

  • Осы заңның 11 бабында көрсетілген өз қызметі шегінде ашық және жасырын жедел — іздестіру шарасын жургізу болады;
  • Жедел — іздестіру қызметіне қызметіне серіктестікке қайтарымсыз немесе ақылы негізде құпия түрде өз келісімдерін білдірген тұлғаларды қабылдау;
  • Жедел — іздестіру қызметіне жүзеге асыруға ақпараттық жүйе және жедел есеп құрау және пайдалану;
  • Жедел — іздестіру қызметінің шаралары барысында жазба немесе ауызша шарт бойынша қызметтік ғимарат, транспорттық және өзге техникалық құралдар, мекеменің, ұйымның мүлкі, әскери бөлімдерді пайдалану, сондай-ақ азаматтардың тұрғын ұйлеріне, транспорттық құралдарына және де мүліктеріне  зиян келген жағдайда орнын толтыру жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың есебінен төленетін болады;
  • Лауазымды тұлғалардың және ғылыми — техникалық білімі бар мамандарды шақыру.

2.  Ведомствалардың, мекемелердің, ұйымдардың және өзге басқаратын субъектілердің, әскери бөлімдердің лауазымды тұлғалардың жедел — іздестіру қызметіне өз құзыреті шегінде заң негізінде кедергі келірмеуі тиіс.

Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асырушылар өздерінің қызметін атқару барысында заңға сүйенуі тиіс.

скачать работу


 Другие рефераты
Исследование влияния акцентуации характера на девиантное поведение подростков
Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық бағыттары: коммуникатифтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастырушылық
Жизнь и творчесво Марины Цветаевой
Эффективность рекламы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ