Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жер ұғымы және жер қорының түсінігі



 Другие рефераты
Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері Жер туралы заңдардың принциптері мен міндеттері Жер қойнауының түсінігі, жер қойнауын пайдалануға байланысты заңдардың міндеттері мен принциптері

Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1.  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

2.  елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері.

3.  өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер.

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер.

5.   орман қорының жері.

6.   су қорының жері.

7.   босалқы жер

Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.

Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.

Жердің құқықтық қатынастары дегеніміз – жер заңдары ережелерімен реттелетін жерді иемдену, пайдалану және қорғауға, яғни жер заңының ережелеріне сәйкес пайда болатын, жүзеге асырылатын, өзгеретін және жойылатын немесе тоқтатылатын нақты қоғамдық қатынастарды құрайтын адамдардың ерікті қызметінің нәтижесі.

Жердің құқықтық қатынастарының субъектілеріне Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын жүзеге асырып отыратын өкілді және атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жатады. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады. Жердің құқықтық қатынастарының объектілеріне жоғарыда көрсетілген жер қорының барлық санаттарындағы жерлер жатады

скачать работу


 Другие рефераты
Торсионные поля. Торсионные технологии
Махмұд Қашқари
Охрана природы
Российский Федерализм: проблемы формирования отношений нового типа


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ