Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жер қойнауының түсінігі, жер қойнауын пайдалануға байланысты заңдардың міндеттері мен принциптері



 Другие рефераты
Жер ұғымы және жер қорының түсінігі Жер туралы заңдардың принциптері мен міндеттері Жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын қорғау Су қорының түсінігі, су заңдарының мақсаттары,міндеттері және принциптері

Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы – жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды «Жер қойнауын пайдалану туралы»  Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайындағы заңның міндеттері:

1.     Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау;

2.     Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау;

3.     Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;

4.     Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау;

5.     Жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып табылады.

Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:

1.    жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

2.     жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

3.     республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз ету;

4.     минералдық шикізат  базасын толықтыруды қамтамасыз ету;

5.     жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргізу.

6.     жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;

7.     жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізуге инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу.

Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншігі болып табылады.

Егер контрактіде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикізат меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншігіне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына  - шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығымен).

Техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

Мемлекект меншігіндегі техногендік минералды түзілімдерден алынатын пайдалы қазбаларға иелік ету құқығы контрактіде айқындалады.

Минералды шикізат, техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар немесе пайдалы қазбалар меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелігінде болса, ол минералды шикізатқа, техногендік минералдіық түзілімдерге, техногендік суларға немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, олар жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған кез-келген азаматтық құқықтық мәмлелер жасауға қақылы.

скачать работу


 Другие рефераты
Понимание речи
Функции государства
Виды формы и функции контроля в обучении
Социальное оббеспечение и работа с трудными детьми


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ