Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі



 Другие рефераты
Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі Ұлттық есеп-шотты жүргізу — қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде Фирма шығынының құрылымы және пайда

 

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық  (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал — жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды — заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды — заттай түрінде өндіріс құрал — жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал — жабдықтар өндірісі (1-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (2-ші бөлімше).

ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал — жабдығы құнына бөлінеді: (С) шикізат, материалдар және машина,ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) – (жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (М), — (қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді. 

Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚО) құн формуласы:

W=c+ v+ m

Мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.

с — өндіріс құрал — жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн.

v – қажетті өнім.

m – қосымша өнім.

Осы экономикалық көрсеткіш қоғамдық өндірістің нәтижесін көтеріңкіреп көрсетеді, себебі кейбір технологиялық процестерде шикізат пен материалға шығындар қайталанады немесе қосарлы есеп — шот жүргізуге болады.

 

Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш — түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп — шотын жүзеге асырмайды. Түпкі өнім мөлшері төмендегідей формуламен анықталады:

 

                                               Кпр= c1+ v+ m

Мұндағы:   с1  — машина, жабдық ірі үйлер, алып құрылыстар

(амортизация),

 

v + m- жаңа құрылған құн, таза өнім немесе табыс.

Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылды, яғни олардың қайталану есеп — шотын болдырмайды. Қоғамның экономикалық дамуының ең маңызы — жиынтық көрсеткішке ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары игерген табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетелдік тәжірибеде ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:

 

ҰТ=ТҰӨ — жанама салықтар

 

Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстары қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.

                                             ҰТ=ЖҚӨ — МШ

мұндағы:       ҰТ – ұлттық табыс,

ЖҚӨ — жиынтық қоғамдық өнім,

МШ – материалдық шығындар.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыну мен қорлану). Өндіріс сатысында ұлттық табыс барлық салада құрылатын   таза  өнім  түрінде  болады;  бөлу     сатысында

(және қайта бөлу немесе үлестіру) — әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас сатысында – тауардың өндіріс құрал — жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану сатысында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.

Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі, сондай — ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50%-ын құрайды. Ұлттық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8-10% болады.

Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір деңгейінің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.

 

Кейбір дамыған елдердегі басына шаққандағы ЖІӨ көлемі

Ең кедейлік деңгей

Кедейлік деңгейі

123
скачать работу


 Другие рефераты
Глобальные экологические проблемы
Әрменстан
Одно из семи чудес света: Пирамиды
Живое наследие


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ