Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жоспарлау



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасындағы инфляция Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп(Жамбыл) Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы
ереже.

 

 1. Жалпы ережелер.

      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган.
      2. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
      2) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру;
      3) экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру.
      3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады.
      4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5.Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй.
      7. Министрлiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi».
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

 

 2. Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары.

      10. Министрлiк мемлекеттiк саясатты қалыптастыру саласында заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлеудiң салааралық және өңiраралық үйлестiруiн жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн стратегиялық, орта мерзiмдi экономикалық,бюджеттiк жоспарлау және рұқсат беру жүйесiн жетілдiру;
      3) бюджет процесiне әдiснамалық жетекшiлiк ету;
      4) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қалыптастыру, олардың орындалу мониторингiн жүзеге асыру;
      5) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру;
      6) гранттарды тартуға басымды өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
      7) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты, бюджеттiк кредит берудi жоспарлауды және талдауды жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының ёлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті органның қатысуымен алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалықдамуының орта мерзiмдi жоспары, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемi мен құрылымы негізiнде мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн жәнеболжамын жыл сайынғы бағалауды дайындау;
      9) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын әзiрлеу;
      10) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясаттың жобасын әзiрлеу;
      11) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобасын әзiрлеу;
      12) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу;
      13) төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу;
      14) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемi туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу;
      15) бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлеу;
      16) қаржыландырудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту;
      17) әлеуметтiк-экономикалық дамудың, бюджеттiк жоспарлау және бағдарламалаудың, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалардың орта мерзiмдi жоспарларының әзiрленуiн және iске асырылуын әдiснамалық қамтамасыз ету;
      18) бюджеттiк инвестициялардың жүзеге асырылуын әдістемелік қамтамасыз ету, әзiрленуiн ұйымдастыру мен оның мониторингi;
      19) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу, мемлекеттiк бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ету;
      20) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында негiзгі бағыттарды әзiрлеу және бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржы мен мемлекеттiк меншiгiн басқару және жекешелендiру саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындау;
      22) республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну;
      23) мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды қалыптастыру;
      24) әкiмшiлiк реформаларды әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      25) мемлекеттік кәсiпкерлік саласындағы саясатты қалыптастыру және экономиканың жеке секторларындағы мемлекеттiң қатысуын кеңейту немесе қысқарту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау;
      26) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың функцияларына талдауды жүзеге асыру;
      27) ел дамуының орта мерзiмдi басымдарын есепке ала, ұлттық компаниялар даму жоспарын қарау және келiсу;
      28) оған тиесiлі ұйымдардағы акциялар мен қатысу үлесi бойынша мемлекеттiң кiрiстерiн қалыптастыру саласында дивидендтiк саясатты тұжырымдау;
      29) басым бағыттарды айқындау және халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдар мен донор елдерден қаржылық және техникалық көмектердi тартуды және пайдалануды үйлестіру;
      30) мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылатын жұмыскерлердiң еңбегіне төлеу жүйесін жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      31) Қазақстан Республикасында және шетелдiк мемлекеттерде салық және кеден заңнамасын қолдану практикасын талдау;
      32) Министрлiктiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу;
      33) Министрлiктің құзыретіне енетiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
      34) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргізу және шарттар жасасу;
      35) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын сараптауды жүзеге асыру.
      11. Министрлiк мемлекеттік саясатты iске асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiндегi қызметiн талдауды және үйлестіру

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Культура как социальная система
Индия. Кулинарные традиции
Творчество Нестерова на уроках
Булгаков (биография)


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ