Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы



 Другие рефераты
60-жылдардың екінші жартысында қазақстан дамуында болған өзгерістер 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы Абыл Тілеуұлы Абылай хан

1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы.

 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика.

   Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ.

   Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектептер қиратылды және тоналды. Тек ғана РСФСР территориясында неміс басқыншылары 17 мыңдай, Украинада 20 мыңға жуық мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар мектептерде мұғалімдер жетіспеді.

   Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және тәртіптің үлгісін көрсете білді.

   Көптеген жасырын жастар ұйымдарды, олардың ішінде ерекше белгілі болған краснодондық “Жас гвардияны” ерекше атауға болады, олар фашист басқыншыларына жанқиярлықпен қарсы күресе отырып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ондаған мың мұғалімдер мен оқушылар партизан отрядтарында күресті. Мысалы, бір ғана Беларуссияның партизан отрядтарында басқыншыларға қарсы 7 мыңнан астам мұғалімдер мен 30 мыңдай оқушылар қарсы күресті. Уақытша неміс фашистерінің басып алған жерлерінде Украинаның, Белоруссияның, Брянск, Псков және басқа облыстардың партизандық аудандарында мектептер кеңестік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істеуді жалғастырды.

   Соғыстың алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты. Бұлар майдан шебіндегі аудандардың балалары еді.

   Соғыстың және экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, партия мен үкімет-мектептер мен тәрбие мекемелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін ерекше қамқорлық жасалды. Мектеп үйлерінің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеуіне, мұғалімдердің жүктемелерінің ауырлығына байланысты туындаған көптеген мәселелер шешіліп отырылды. Соғыстың алғашқы жылдары ер мұғалімдердің негізгі бөлігі әскерге алынды. 1941 жылдың өзінде Белоруссиядан 10 мың мүғалімдер, Грузиядан 7 мыңнан астам мқғалімдер армия қатарына алынды. Соғыс астындағы аудандар мен тылдағы көптеген мектептер госпитальдерге, казармаларға, әскери-шақыру бөлімдеріне айналды.

   Соғыс жылдарында ұйымдастыру бағытындағы көптеген кешенді шаралар алынды: сабақтың ұзақтығы, 35-40 минутқа дейін, үзіліс 5 минут қысқартылды, көптеген мектептер 3 кезеңмен оқыды.

   Партия мен үкімет ата-аналарынан айырылған және еліміздің шығыс аудандарына көшірілген жүздеген мың балаларға қолайлы жағдайлар жасау, оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді.

   1942 жылдың басында Халық Комиссарлар Кеңесі панасыз балалармен жұмыс туралы арнаулы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша, облыстық атқару комитетінің ерекше комиссиялар ұйымдасты, ол аудандық оқу бөлімдерінде панасыз және бақылаусыз балалармен жұмыспен айналысатын инспекторлар лауазымы енгізілді. Балаларды қабылдау және балалар үйлерінің жүйесі ұйымдасты, ересек жеткіншектерді жұмысқа орналастыру шаралары іске асырылды. Елімізде балаларды жаппай оқыту міндеттері біржүйелі шешіліп отырды.  Батыс аудандардан 63 мың оқушылары бар. 600 ге тарта мектеп көшірілді. Мәселен, өндірісте жұмыс істейтін жеткіншектері жалпыға бірдей оқытумен қамту үшін 1943 жылы жұмысшылар үшін кешкі-сменалық мектептер, ашу туралы қаулы қабылданды, ал 1944 жылы ауыл жастарына арналған мектептер ашу туралы қаулы қабылданды. Бұл тептегі мектептер кейіннен кең өріс алды.

   1943 жылы желтоқсан айында Халық Комиссарлары Кеңесінің балаларды 7 жастан бастап, жалпыға бірдей міндетті оқытуды енгізу туралы өте маңызды қаулысы қабылданды. Жалпыға бірдей міндетті оқытуды іске асыру мақсатында мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету шаралары белгіленді. Мамандығы бойынша жұмыс істемей, басқа жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мектепке қайтарылды, сырттай педагогикалық білім беру жүйесін дамыту туралы арнаулы шешім алынды, қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.

   Партия мен үкімет мұғалімдерді материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған әртүрлі шараларды белгіледі. 1943 жылы мұғалімдердің жалақысын арттыру туралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Жоғары Кеңестің Президиумының жарлығымен 1944 жылы 5 мыңнан астам мұғалімдер мен халыққа білім беру ісінің басқа да қызметкерлері балаларды оқыту және тәрбилеудегі ерен еңбектері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.

   Соғыс жылдарында мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына кейбір өзгерістер енгізілді. Әртүрлі оқу пәндеріне әскери-қорғаныс тақырыптары енгізілді: физика курсында қазіргі әскери техника оқытылды; химия курсында улы заттар және одан қорғанудың тәсклдері; жағырафиядан “Жастар және карта” тақырыбын оқыту кеңейтілді; онда карта бойынша және жергілікті жерлер бағдарлай білу ептілігіне ерекше көңіл бөлінді. Шет тілі және орыс тілі сабақтарында әскери терминология оқытылды; 1941-42 оқу жылынан бастап, тарих және әдебиетті оқытуда патриоттық тәрбиеге ерекше мән берілді. Тарих сабағында біздің халқымыздың қаһармандық өткен тарихына және оның шетел шапқыншыларына қарсы күресіне ерекше көңіл бөлінді.

   Соғыс жыларында тимуровшылар қозғалысы мен госпитальдерге қамқорлық көмек беру ісі кеңінен дамыды. 1943 жылдың тамыз айында тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі “Оқушыларға арналған ережені” бекітті, онда оқушылардың мектепке, ұстаздарға, ата-аналарға қатысы туралы міндеттері анықталды, мектептегі және мектептен тыс жерлердегі мәдени мінез-құлық ережелері бекітіледі.

   Мектептегі оқу жұмысының тиімділігін арттыру және оқушылардың үлгерімін бағалау үшін бес балдық жүйені енгізудің үлкен мәні болды (қаңтар 1944 ж.( 1943 жылы ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде енгізу туралы шешім қабылданды, балаларды бөлек оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді. 1944 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі “Мектептегі оқу жұмысының сапасын жаңарту шаралары туралы” қаулы қабылдады. Ол қаулыда орта мектепті үздік бітіргендерді алтын және күміс медальдармен марапаттау туралы шешім қабылданды.

   Соғыстың қиын жағдайына қарамастан педагогика ғылымы саласында  ғылыми-зерттеу жұмысы бір сәт тоқтаған жоқ. Оқу-тәрбие жұмысының теориялық және әдістемелік мәселелері талданылды, оның ішінде білім берудің мазмұнын жетілдіруге, патриоттық, еңбек және интернационалдық тәрбиеге ерекше мән берілді. Кеңес мектебін одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында педагогика, психология және жекеленген пәндерді оқыту әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық және реттеп отыру үшін 1943 жылдың қазан айында үкіметтің қаулысымен Москвада РСФСР педагогика ғылымдарының акакдемиясы құрылды, Педагогика ғылымдарының академиясы педагогика ғылымының маман қызметкерлерін біріктіреді.

   Сонымен, Ұлы Отан соғысы біздің құрылысымыздың мызғымас беріктігімен халықтар достығына сын болуымен қатар, кеңес мектебіне де сын болды. Бұл сыннан мүдірмей өтті. Оған кеңес мектебінен тәрбие алған мыңдаған ұл-қыздарымыздың жанқиярлық өшпес ерлігі дәлел бола алады. Ұлы Отан соғысы аяқталғалы 60 жылдан астам уаұыт өтсе де, біздің қоғамымыз оның сабақтарын толық та, терең түсінуге бет алып келеді. Ұлы Жеңіс халқымыздың тарапында тағылымы мол елеулі оқиғалардың бірі болып табылады.

 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп

және педагогика (1946-1958 ж.ж)

   Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кеңес халқы көптен күткен жеңіс жолында барлық қиыншылықтардан мүдірмей өтті. Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек. Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен, жанқиярлықпен күресіп, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсете білді.

   Соғыстан кейінгі жылдарда республика еңбекшілерінің алдында орасан зор міндеттер тұрды. Ең алдымен, тез арада соғыстың зардаптарын жою, халық шаруашылығы мен мәдениетімізді тез арадан қалпына келтіру, еліміздің экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету. Отанымыздың қорғаныс қуатын одан әрі нығайту. Бұл міндеттерді орындауда еліміздің зиялы кадрлары ерекше роль атқарды.

   Ұлы Отан соғысында жауды жеңгеннен кейін кеңес халқы соғыстың халық шаруашылығына келтірген зиянын қайдан қалпына келтіруге ерекше өрлеу жағдайында жігерлене кірісті.

   1946-1950 ж.ж арналған халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін тек ғана құрылыстар салу, мектептердің жүйелерін одан әрі дамыту, балаларды міндетті жетіжылдық оқытумен толық қамту үшін соған сәйкес жағдайлар жасау және орта мектептердің жоғары сыныптарында оқитындардың санын 31,8 млн.адамға жеткізу көзделді.

Соғыс жылдарында қиратылған мектептерді қалпына келтіру және жаңа мектеп үйлерін салуда, олар үшін оқу-шығармашылық жабдықтарын даярлауда мектептерді қамқорлыққа алған өндірістік мекемелер белсене қатысты, ал ауылдық жерлерде – кеңшарлар мен

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Культура Китая
Олимпиада тарихы
Происхождение и эволюция человека
Методические особенности комментированного обучения и применения поурочного балла при изучении трудных тем на уроках русского языка шестых классов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ