Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

ұжымшарлар, сонымен қатар еңбекшілердің өкілдері мұғалімдер, мектеп оқушылар кеңінен қатыстырылды.

Осындай шараларды іске асырудың нәтижесінде 1949 ж.жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беруді барлық жерде енгізу үшін толықтай мүмкіншілігі жасалды. Партияның ХІХ съезі халық шаруашылығын дамытудың 1951-1955 жж. арналған бесжылдық жоспарында төмендегі міндеттерді қойды: жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруден жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау (республика орталықтарында, республикаға, облыстық, өлкелік және ірі өндіріс орталықтарында). Өткен бесжылдықпен салыстырғанда съез қалалық және ауылдық мектептер үшін мектеп үйлерінің құрылысын 70 пайызға арттыруды белгіледі. Осының нәтижесінде бұл жылдары біршама жетіжылдық мектептердің жүйесі артты, сонымен қатар орта мектептердің әсіресе ауыл мектептерінің жүйесі өсті.

1955-56 оқу жылы ауылдық жерлерде еліміздің орта мектептерінің жалпы санының жартысынан астамы орналасты. 1959-1960 оқу жылы жалпы білім беретін мектептерде 33361 мың, ал 1964-1965 оқу жылында – 46700 мың адам оқыды. 1964 жылы сегіз жылдық мектепті 4 млн.адам бітірді, орта білім беретін мектепті – 1 млн 400 мың адам тамамдады. Соңғы 5 жылда 7 мыңнан астам жаңа сегізжылдық мектептер ашылды. Жалпыға бірдей міндетті білім беруді іске асыруда ерекше жетістіктерге қарамастан, ауылдық мектептердің әлі де көптеген мектеп жасындағы балалар оқытумен қамтылмаған.

Ұлы Отан соғысына дейінгі қалыптасқан халыққа білім беру жүйесі, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы соғыстан кейінгі жылдарда да ешқандай елеулі өзгеріссіз сақталды. Директивтік құжаттарда айтылғандай, мектептің жұмысында кейбір өмірмен, тәжірибемен байланыс болмады, оқытудың сөздік сипаты берік орын тепті.

Партияның ХІХ съезі өзінің шешімдерінде жалпы білім беретін политехникалық мектепті құрудың қажеттігін атап көрсетті, бірақ ол партияның ХХ съезінде де күн тәртібіне қойылғанмен, бұл шешімдер іске асырылмады. 1956-1960 жж.арналған халық шаруашылығын дамытудың жоспарында жалпы білім беретін мектепте политехникалық оқытуды одан әрі дамытудың міндеттері қойылды.

50-жылдары орта мектептің жоғары мынып оқушыларының саны біршама артты. Егер де 1950-1951 оқу жылында ҮІІІ-Х сыныптарда 2 млн.адам оқыса, 1955-56 оқу жылында олардың саны 6 млн.адамға жетті. Орта мектептердің санының өсуіне байланысты пән мұғалімдерінің қажеттілігі артты. Егер де 1950-51 оқу жылында олардың саны 1330 мың болса, ал 1958-59 оқу жылында олар 1813 мың адамға жетті.

50-жылдардың екінші жартысында, ХХ съезден кейін оның шешімдеріне сәйкес оқу орындарының жаңа түрлері мектеп-интернаттар ашылды, оларға негізінен жалғыз басты аналардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің, сонымен қатар жанұясында бала тәрбиелеуге қажетті жағдайы жоқардың балалары қабылданды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектептің өмірімен байланысына, оның ішінде мектептегі политехникалық оқытуға ерекше мән берілді. Мәселен, 1954-55 оқу жылынан бастап, РСФСР мектептерінде оқу жоспарына төмендегі пәндер енгізілді: І-ІҮ сыныптарда – еңбек, Ү-ҮІІ сыныптарда – шеберханадағы және оқу-тәжірибе алаңдарындағы практикалық сабақтар, ҮІІІ-Х сыныптарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар. Осындай пәндер одақтас республикалардың мектеп бағдарламаларына да енгізілді. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың өте қажетті түрлерінің бірі оқушылардың өндірістік бригадаларын ұйымдастыру болып табылады. Алғашқы рет осындай бригадалар 1955 ж. Ставрополь өлкесінде ұйымдасты, ал содан кейін басқа облыстар мен республикада кең өріс алды.

40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде педагогика ғылымы мектептің оқу-тәрбие жұмысының идеялық-саяси деңгейін арттыру мәселелерін зерттеуге және практикалық іс-әрекетке оқушыларды даярлауға ерекше мән берді. Бұл кезеңде педагогика теориясы мен тарихынан монографиялар мен оқулықтар жарық көрді: Н.К.Гончаровтың “Педагогика негіздері” (1947), И.А.Кайровтың педагогикалық институттар мен универсиеттерге арналған “Педагогика” оқулықтар (1948), И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиревтің “Педагогика” оқулығы (1950), Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығы (1950).

Партияның ХХ съезі (1956) педагогика ғылымының алдына көптеген жаңа өзекті мәселелерді қойды және мектептің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, политехникалық білім беруді дамыту, мектептің өмірден алшақтығын жоюдың қажеттігін атап көрсетті.

Осыған байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясының және педагогикалық институттардың педагогикалық кафедрасының ғылыми бағыты мектептердің өзекті мәселелерін зерттеуге біріктірілді: орта мектептегі жалпы және политехникалық білім беруді оқытуды ұйымдастыру және әдістері, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ғылыми жаратылыстану және психологиялық тұрғыдан зерттеу. 50-жылдардың аяғында мектептегі білім берудің мазмұнын жетілдірудің жолдарын теориялық және экспериментальдық ізденістер басталды. Осыған байланысты жан-жақты мәселелер зерттелді: білім берудің мазмұнының, ғылымның, техниканың және мәдениеттің деңгейі мен сипатына тәуелділігі, жас өспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруге қойылатын жаңа талаптар; оқушылардың оқытудың әртүрлі тәрбие жұмысының бағдарламаларын құрудың қағидалары және т.б.

Педагог-теоретиктер 7-10 жастағы балалардың бастауыш мектепте оқыту үрдісінде жалпы дамуының мәселелері зерттелді.

Профессор Л.В.Занковтың басшылығымен “Оқыту және даму” атты өте күрделі және болашағы зор мәселе бастап зерттеліне бастады, сонымен қатар орыс тілі және арифметиканы оқыту мәселелері, алты жасар балалардың сауат ашу, санау, жазу дағдыларын қалыптастыруда тәжірибе жұмыстары жүргізілді.

Қарастырып отырылған кезеңде педагогика тарихынан зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Оның нәтижесінде педагогикалық институттарға арналған “Педагогика тарихы” (1955) оқу құралы жарық көрді. Сонымен қатар Е.Н.Медынскийдің “Украина мен Белоруссиядағы ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Туысқан мектептері” (1954), Н.А.Константинов және В.Я.Струминскийдің “Ресейдегі бастауыш білім берудің тарихы очерктері” (1949), М.Ф.Шабаеваның “Орыс прогрессивті – демократиялық, педагогикасының қалыптасу тарихынан” (1951), Н.А.Константинов және Е.Н.Медынскийдің “РСФСР кеңес мектебі тарихының очерктері” (1948)  және т.б.

Аса көрнекті орыс педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Д.Д.Семеновтың, В.Я.Стоюниннің, В.И.Водовозовтың, Н.И.Пироговтың, Л.Н.Толстойдың, П.Ф.Лесгафтының еңбектері кеңестік тарихи-педагогика ғылымын байытты.

 

Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру.

1958 жылы 24 қыркүйекте СССР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған “Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы” заң жалпыға бірдей міндетті сегіз білім беруді енгізу туралы шешім қабылдады. 1962 – 1963 оқу жылы барлық жетіжылдық мектептер сегіз жылдық мектептерге айналды. Халық ағарту органдары мектеп жүйесін қайта құруды және педагогикалық кадрларды орналастыруда біршама жұмыстар атқарды.

ХХІІ съезде қабылданған партия бағдарламасында бүкіл кеңес халқының мәдени деңгейі мен ғылыми білім беруді арттыру мақсатында жалпыға бірдей орта білім берудің қажеттігін жариялады. Бұл талаптар 10 қараша 1966 жылы қабылданған “Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы”қаулысында көрініс тапты. Бұл қаулыда мектептердің материалдық-техникалық бағасын нығайту үшін ынталандыратын шараларды белгіледі (мектеп құрылысы, оқу жабыдықтары, мектеп жиһаздарын және оқу құралдарын шығару, мектеп бөлмелері мен зертханаларды жабдықтау және т.б.) Бұл шешімдерді іске асыруда негізгі ұйымдастыру шараларының ішінде РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясын СССР Педагогикалық ғылымдар академиясына айналдыру және одақтық-республикалық министрлікті құру болды.

Бастауыш мектепте төртжылдықтан алынатын білімнің деңгейін түсірместен үшжылдық бастауыш оқытуға көшу іске асырылды.

Жетіжылдық толық емес орта мектеп сегізжылдық жаппай міндетті оқытуға айналды.

Сегізжылдық мектеп оқушыларды ғылыми білімнің, ептіліктің және дағдының жан-жақты көлемімен қаруландыру және олардың жан-жақты даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету болып табысады. Ол шәкірттерді толық орта мектепте білімін жалғастыруға даярлайды және сонымен қатар болашақ еңбек іс-әрекетіне дайындық береді. Оқушылар жалпы білім алумен қатар, политехникалық даярлықты алады, техника саласында кейбір мәліметтер алады, қарапайым жалпы техникалық дағдыларды және еңбектің элементарлық мәдениетін меңгерді.

Сонымен, сегізжылдық мектепті бітіргендер төмендегі оқу орындарында орта білімді жалғастыра алады:

1) Жалпы білім беретін толық орта мектептерде (ІХ-Х сыныптар оның ішінде кейбір пәндерді тереңдете оқытумен).

2) 3-4 жылдық оқу мерзімді техникумдарда олар жалпы білім беретін даярықты және техник мамандығын алып шығады.

3) кәсіби және жалпы білім беретін даярлықты ұштастыратын кәсіптік-техникалық училищелерде

4) жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде өндірісте жұмыс істейтін жастар оқиды.

Ғылым мен техниканың дамуының өскелең деңгейі, әрбір оқушыға оның қабілеттілігі мен қызығуын дамытуда жағдайды жасаудың қажеттілігі орта мектептің ІХ-Х сыныптарында даралап оқытуды енгізу туралы мәселе қойылды. Кейбір мектептерде жекеленген пәндерді тереңдетіп оқыту енгізілді.

Мектеп туралы заң бойынша елімізде халыққа білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептің жаңа құрылымы қалыптасты. Елімізде толық жалпы орта білім алу үшін онбіржылдық мерзім енгізілді орта білім беру екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде балалар 7-ден 15-16 жасқа дейін сегізжылдық жалпы б

1234
скачать работу

1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ