Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

ілім беретін еңбек политехникалық мектепте толық емес орта білім алады. Сегізжылдық мектептегі білім беру белгілі дәрежеде аяқталған сипатқа ие.

Екінші кезеңінде 15-16 жастан бастап, жастар толық орта білім алады және бірінші кезеңнен айырмашылығы бір ғана мектепте емес, мектептердің бірнеше түрінде білім алады:

а) жұмысшы және ауыл жастарының кешкі (кезекті) орта жалпы білім беретін мектептері (3 жылдық оқу мерзімі);

ә) өндірістік оқытумен орта жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектептерде. Онда сегізжылдық мектептерді бітіргендер 3 жыл ішінде толық орта білім мен кәсіби даярлық алады.

б) техникумдарда және орта арнаулы оқу орындарында онда жалпы орта және арнаулы орта білім алады.

Мектеп туралы заң мектеп-интернаттарды одан әрі жетілдіру және қалалық және ауылдық жерлерде ұзартылған күн мектептері мен топтарын құру қарастырылған.

Арнаулы білім беру жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді: фабрика-зауыт оқыту мектептері, кәсіптік-техникалық мектептер, фабрика-зауыт оқушыларының мектептері және басқа да кәсіптік оқу орындары күндізгі және кешкі қалалық кәсіптік-техникалық училищелерге және ауылдық кәсіптік-техникалық училищелерге айналды. Кәсіптік-техникалық училищелер өз жұмысын сегізжылдық мектептердің негізінде құрды.

Жалпыға бірдей орта білімді іске асыру-кеңес үкіметінің ерекше жетістіктерінің бірі: Қоғамның әрбір мүшесіне жалпы және кәсіптік орта білім берумен қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін мектептің негізгі буыны білім беру жүйесінде ерекше орын алатын сегізжылдық мектепті нығайту қажет. Сегізжылдық мектептің алдына жеткіншектерді ғылым негіздері мен берік қаруландыру, олардың жалпы еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгеру, көзқарасы мен дүниетанымын, сенімдерін қалыптастыру бейімділіктері мен қабілеттіліктерін анықтау және дамыту. Сонымен, барлық жастардың жалпы орта және кәсіптік білім алу үшін берік негіз қаланды.

Мектептердің оқу-материалдық базасын нығайтуда 60 жылдары және  70 жылдардың басында алынған шаралар, атап айтқанда, оқытудың сапасын арттыру, осының негізінде екінші жылға қалушылықты болдырмау жағымды нәтижелер берді. Жалпы орта білім беруге көшу сегізжылдық мектепке талаптарды күшейтті, себебі оның түлектерін даярлаудың сапасына білім берудің кейінгі сатыларында жастарды оқытудың жетістігі тәуелді болып табылады.

60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың бас кезінде сегізжылдықты бітіргендердің көбі өз білімдерін жалғастырғандығы өте қажет болды. 1970 жылы, мысалы, сегіз жылдықты бітірген түлектердің жалпы санының орта мектептің ІХ сыныбына 2555,7 мың адам түсті (60,2 пайыз), күндізгі орта арнаулы оқу орындарына – 495 мың (11,7 пайыз), орта кәсіптік-техникалық училищелерге – 99,5 мың (2,3 пайыз), орта білім бермейтін кәіптік-техникалық оқу орындарына – 552 мың (13 пайыз), сыртқы және кешкі мектептердің, сырттай арнаулы оқу орындарының – 305,8 мың (7,2 пайыз)

Жалпыға бірдей орта білім беру жастардың арасында білімнің мәртебесін көтерді. Өзінің білімін жалғастыруға көптеген жастар ұмтылғандығын аңғару қиын емес. Ленинград социологтарының 50 қала мектептерінің 5 мың түлектерін 5 жыл бойы өмір жолын зерттеудің нәтижесінде орта мектепті бітіргеннен кейін 5-6 жылда жұмысқа орналасқандардың көпшілігі жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіргендігін немесе оқуларын жалғастырғандығын дәлелдеді.

 

Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы.

Ұлы Отан соғысынан кейін жалпыға бірдей міндетті жетіжылдықты іске асыру, ал одан кейінсегізжылдық білімді және орта мектептердің жүйесін дамыту шараларымен қатар жалпы білім берудің берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

Соғыстан кейінгі жылдарда партия идеология мәселелер бойынша қаулылар қабылдады. Идеологиялық майданда 1946 жылғы тамыздың 14-сіндегі “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы ерекше дәріптеліп, бүкіл еліміз оқу орындары мен мектептерінде өз жұмыстарын қайта құруда “бағдарламалық құжат” ретінде ұсынылды.

Қоғамдық ғылымдар сталиндік дәуірде жаппай орын алған партия комитеттерінің қатаң қадағалауы жағдайында дамыды. Еліміздің жоғары оқу орындары мен мектептері идеология саласындағы жұмысын аталған қаулысының бағытында ғана жүргізілетін болды. Мектептердің бүкіл оқу-тәрбие жұмысының негізіне бұл тікелей нұсқау беріп, міндетті орындау аталып өтілді. Қаулы мәдениет, өнер, ғылым салаларымен қатар ағарту ісіне де өрескел нұсқан келтірді. Себебі оқу орындарының, мектептердің оқу-тәрбие ісін орынсыз осы құжаттың міндеттерін мүлтіксіз орындауға бағындырды.

Бүгінгі күні бұл идеология мәселелері туралы қаулыларға баға бергенде осы кезеңе орын алған кемшіліктерді ескере отырып, тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан баға беруіміз керек.

1956 жылы Педагогика ғылымдарының акадеимясы мен РСФСР оқу министрлігі экспериментальдық оқу жоспарын жасады және 1956-1957 оқу жылынан бастап, Ресей  Федерациясының 500 тарта мектептерінде оны тәжірибелік байқауға кірісті. Тәжірибелік мектептерде оқу-өндірістік шеберханалар, машинатану және электротехника кабинеттері ұйымдасты.

1959 жылы 29 тамызда бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламалардың кейінгі өзгертулерінде тәжірибе жұмысының материалдары қолданылды. Осы жоспар бойынша сегізжылдық мектепте жалпы білім беретін және политехникалық пәндерге жетіжылдық мектепте берілген 6256 сағаттың орнына 7296 сағат берілді. Барлығы еңбек сабағына сегізжылдық мектепте 1315 сағат бөлінді. Сурет сабақтары Ү-ҮІІ сыныптарда енгізілді, ал аз және ән-күй сегізжылдықтың барлық сыныптарында. Дене тәрбиесіне 566 сағат берілді.

Бұл оқу жоспарында әр циклдердің арасында сағаттар төмендегіше бөлінді: гуманитарлық пәндерге барлық оқу уақытының 39,5 пайызы (оның ішінде орыс тілінде – 25,3 пайыз); жаратылыстану-математикалық –           32,5 пайыз; еңбек сабағы және қоғамдық пайдалы жұмыс – 15,3 пайыз; сурет, саз және ән-күй – 6,2 пайыз, дене тәрбиесі – 6,5 пайыз.

1959 жылғы бағдарламаның негізгі ерекшелігі практикалық бағыттылығында, мектептің өмірімен, еңбекпен, оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысымен берік байланысында болып есептеледі.

50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезінде жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары мен бағдарламасын тиімді жасаудың белсенді ізденістері байқалды. РФСР педагогикалық ғылымдар академиясы (жетекшілер Л.Б.Занков және Д.Б.Эльконин) ғылыми қызметкерлерінің ұжымдары жүргізген теориялық зерттеулер мен экспериментальдық жұмыстар бастауыш оқыту жүйесінде оқу уақытының  біршама резервінің барлығын және бастауыш мектепте білім берудің мазмұнының ғылыми деңгейін арттырудың қажеттілігін негіздеді. 1959-1960 оқу жылы енгізілген осы идеялардың негізінде құрылған бастауыш сыныптардың бағдарламалары мектепті дамыта оқытуға бағыттайды, оқушылардың оқу еңбегінің белсенді әдістеріне ерекше мән беріледі (бақылаулар, практикалық сабақтар, экскурсиялар және т.б).

Жалпы орта білім берудің мазмұнын және оның теориялық негіздері жетілдірудің мәселелерін шешуде, жалпы, политехникалық және кәсіби білім берудің арақатынасының мәселелерін шешуде “Мектептің өмірімен берік байланысы және СССР-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы заң” (1958) көптеген жаңалықтар енгізді.

Орта мектептің барлық сыныптары үшін жаңа бағдарламалар жасау            50-60 жж. барлық одақтас республикаларда жүргізілген психологиялық-педагогикалы, дидактикалық және жеке әдістемелік зерттеулермен даярланған болатын-ды.

Жаңартылған бағдарламалар эксперимент түрінде байқап көру іске асырылды. Нәтижесінде жаңа оқу жоспары мен бағдарламалардың жобасын теориялық және экспериментальдық жаңарту дайындалды. Әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарына сәйкес жалпы білім беретін мектепте оқытудың мазмұны мен әдістерін одан әрі жетілдірумен байланысты мәселелердің көлемі (жалпы және жеке) анықталды.

Төмендегі мәселелер ең негізгі мәнге ие болып табылады:

- мектепте оқыту үшін міндетті оқу материалын іріктеп алудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау, жалпы дидактикалық сипатта екі мәселені шешумен байланысты: оқу пәндерінің және негізгі меңгеруге тиісті дәйектердің, ұғымдардың, заңдардың, теориялық анық логикалық құрылымын орнату;

- жалпы білім берудің, еңбек және политехникалық оқытудың және оқушыларды кәсіптік даярлаудың арақатынасы мен өзара байланысының ғылыми негізделеген шешімі;

- оқытудың дамытушылық сипатының күшейтілген жолдарын іздестіру және материалдық және формальдық білім берудің бірлігіне жету;

- оқушылардың оқу жұмысы мен еңбегінің тәрбиелік мәнін арттырудың тиімді шарттары мен тәсілдерін анықтау.

Үшжылдық бастауыш оқытуға көшу мәселелері өте күрделі және қарама-қайшылықты болып табылады. Бастауыш мектептің жаңа бағдарламаларға көшуді тиімді ұйымдастыру мәселесінің шешуші мәні болды.

Халық ағарту органдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген І-ІІІ сыныптардың жаңа бағдарламаға көшуді талдау бастауыш мектептің курсын оқытудың теориялық деңгейін арттыру тенденциясымен байланысты елеулі қиындықтарды анықтаған болатын-ды. Мұғалімдер бұл бағдарламаларды іске асыруға жеткіліксіз даярланған болды, теориялық материалды ашудың әдістемесін меңгермеді.

Бағдарламалардың негізгі кемшілігі, әсіресе бірінші сынып оқушыларының оқу жүктемелерінің ауырлығы болып табылады. Сөзсіз бастауыш оқытудың үшжылдық циклі қазіргі педагогиканың, психология және әдістеменің мәліметтеріне негізделді, кіші мектеп оқушыларының таным белсенділігі мен дербестігін дамытуда белгілі роль атқарды. Бастауыш және орта сыныптардың арасындағы сабақтастық үшін қолайлы алғышарттар жасалды. 70-жылдардың аяғында математик

1234
скачать работу

1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ