Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

50-90 жылдар аралығында әдебиет саласында жүргізілген ғылыми жұмыстарды сала-саламен шолу



 Другие рефераты
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы 70-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны Алпысыншы жылдардағы әдеби сын

Лекция мақсаты:

-  50-90 жылдар аралығында әдебиет саласында жүргізілген ғылыми жұмыстарға шолу жасау.

-  Халық ауыз әдебиетінің зерттелу жайын анықтау.

Сұрақтар:

  1. Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы еңбектер.
  2. Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу мен дәуірлеу.
  3. Хандық дәуірдегі, ХІХ ғасырдағы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі.

Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары. Қазақ эпосын (Р.Бердібаев, О.Нұрмағанбетова, Ш.Ыбыраев), халық өлеңдерін (Б.Уахатов, А.Сейдімбеков), ауыз әдебиетіндегі қара сөз үлгілерін (С.Қасқабасов), шешендік сөздерді (Б.Адамбаев), дастандық поэмаларды (Б.Әзібаева) жанрлық жағынан зерттеу. Халық ақындарының және Жамбылдың шығармашылығына арналған еңбектер (М.Жолдасбеков, Н.Төреқұлов). Фольклордың көне түрлері, тарихилығы проблемалары жайлы фольклортанудың тарихына арналған зерттеулердің шығуы.

Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу мен дәуірлеу. Түркі халықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалы мен жалпытүріктік байланыстар (М.Жолдасбеков, А.Қыраубаева, Х.Сүйіншәлиев). «Мұхаббат-наме», «Оғыз-наме», «Қорқыт ата», «Диуани хикмет» (Иассауи), «Құтты білік» (Баласағұн), «Түркі тілі сөздігі»(Қашғари), т.б. кітаптардың қазақ тіліне аударылуы. Осы саладағы зерттеулер.

Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті (М.Мағауин) проблемаларының зерттелуі. Олардың қазақ әдебиеті тарихын кеңейтудегі ролі.

ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары  шығармаларын жариялау мен зерттеу саласындағы жұмыстар. Дулат, Шортанбай, Мұрат, Ә.Кердері шығармашылығына жаңа көзқарас.

Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектер (Ә.Марғұлан, Ш.Сәтбаева, З,Ахметов, Қ.Мұхаметқанов, Ж.Ысмағұлов, М.Мырзахметов).

Абайтанудың тарихы, ондағы қайшылықты жағдайлар. Абай мұрасы жайлы Қ.Жұбановтың, М,Әуезовтың еңбектері. С.Мұқановтың зерттеуі. Соңғы жылдардағы зерттеулер.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті  тарихының зерттелуі (Б.Кенжебаев). Бұл саладағы жаңа еңбектер. А.Байтұрсынов пен М.Дулатов шығармаларының басылуы. Олар жайлы зерттеулер. Ш.Құдайбердиев (Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиұлы). С.Торайғыров (А.Еспенбетов), Ғ.Қарашев  (Қ.Сыдиқов), М-Ж.Көнеев (С.Дәуітов) шығармашылығына арналған жаңа зерттеулер.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

-         Фольклордың көне түрлері, тарихилығы проблемалары жайлы фольклортанудың тарихына арналған қандай зерттеулерді білесіз?

-         Түркі халықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалы мен жалпытүріктік байланыстар жөнінде айтып беріңіз.

-         Абайтанудың тарихы, ондағы қайшылықты жағдайлар туралы әңгімелеңіз.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы, 1958.
  2. Мұстафин Ғ. Ой әуендері. Алматы, 1978.
  3. Мүсірепов Г. Суреткер парызы. Алматы, 1970.
  4. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Алматы, 1972-1980.
    1. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 20 т. Алматы: Жазушы, 1985. – 496 б.
    2. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998.
    3. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. – Алматы, 1980.
скачать работу


 Другие рефераты
Конкурентные стратегии
Экономическая теория
Жизнь и творчество Ч. Дарвина
Психология толпы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ