Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алпысыншы жылдардағы әдеби сын



 Другие рефераты
50-90 жылдар аралығында әдебиет саласында жүргізілген ғылыми жұмыстарды сала-саламен шолу 70-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі Әдеби мұраны игеру

Лекция мақсаты:

-         Қазақ жазушыларының кітаптарының шетел тілдеріне аударылуы мен олар жайлы сын пікірлерге шолу жасау.

Сұрақ:

  1. Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Б.Момышұлы, О.Сүлейменов кітаптарының шет елдер тілдеріне аударылуы, олар жайлы сын пікірлер.
  2. Мәдени мұраны игеруде жаңа көзқарастың тууы. «Мәдени мұра және оны игеру» атты конференцияның өтуі (1959) және оның шешімдері.
  3. Партияның «Әдеби көркем сын туралы» қаулысы (1972). «Уақыт және қаламгер» альманахының шығуы. Оның бетіндегі сын мақалалар.
  4.  Әдеби сын еңбектердің көптеп басылуы. М.Қаратаевтың, Р.Бердібаевтың, С.Қирабаевтың, С.Сейітовтың, Ш.Елеукеновтың, С.Әшімбаевтың, З.Серікқалиевтың, Р.Нұрғалиевтің, Т.Тоқбергеновтың, т.б сын еңбектері.

Ұлы  Отан  соғысынан  кейінгі  дәуірде  КПСС  Орталық  Комитетінің  идеология  мәселелеріне  арналған  қаулы-қарарларының   сыни  және  ғылыми  ой-пікірлері  және  шалыс  басқан  қадамдары.

КПСС  Орталық  Комитетінің  1947  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  мен  әдебиет  институтының  жұмысы  туралы  қаулысы,  оның  «Біріңғай  ағым»  теориясын  түзетуге  бағыт  сілтеуге  ниеттене  отырып,  өзі  пролеткультшылдық  әпербақандыққа  айналып  кетуі  әдебиет  тарихындағы  азатшылдық  идеяларды   тұншықтырып,  европоцентристік   көзқарасқа  іш  тартып  орыс  әдебиетінің  әсер-ықпалын  орынды- орынсыз  тықпалауы,  ұлттық  ерекшеліктерге  назар  аударылмауы.

Мектеп  оқулықтары  мен  хрестоматияларын  қайтадан  жасағанда  социологиялық  дөрекілікке жол  берілуі.

Қазақтың  ауыз  әдебиеті  тарихын  жасаудағы  ізденістер.  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  (1 том,  1948)  шығуы,  оның  ғылыми-теориялық  мәні,  кемшіліктері,  орынсыз  датталуы.

«Қазақ  совет  әдебиеті  тарихының  очеркі» — (1949)  сыншылық  ойдың  ғылыми  арна  табуы,  очерк  жасаудың  жөн-жобасы,  эстетикалық  талдаудың  солғындығы  мен  біржақтылығы.

Абайтану  ілімінің  негізін  қалаудағы  М.Әуезовтың  творчестволық  ізденістері,  Абай  творчествосы  жөніндегі  еңбектер.

Жеке  творчестволардың  зерттеле  бастауы,  монографиялық  еңбекке  арқау  болуы.  Қазақ  әдебиеттануында  әдеби  сын  очеркінің  қанаттануы,  монографиялық  зерттеуге  барлау  жасау  процесі.

Қазақ  әдебиет  сыны  мен  ғылымының  жаңа  толқын  өнерпаз  жастармен  толысуы.

КПСС  XX  съезі,  оның  қоғамдық  өмірдің  бар  саласына,  әсіресе  әдебиеттану  мен  сынға  жасаған  әсері.

         Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

- «Кемелденген» социализм тұсындағы әдеби сынның өзіндік ерекшеліктері

- Партиялық принципке негізделген социалистік реализм әдебиетінің түрлі теориялық еңбектері қандай?

- Көп томды «Қазақ әдебиетінің тарихы» туралы не білесіз?

Әдебиет:

  1. Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы, 1958.
  2. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. –Астана, 2002.
  3. Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы, 1990.
  4. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Алматы, 1999.
  5. Бердібаев Р. Қазақ кеңес әдебиетінің қалптасуы. – Алматы, 1971.
  6. Әшімбаев С. Сын мұраты. – Алматы, 1984.
скачать работу


 Другие рефераты
Қыналар
Древняя цивилизация майя
Герб России как отражение ее истории
Сердечно сосудистая система


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ