Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар

rdquo; деп әспеттей салар бір әуен “Әлеуша” еді. “Алма мойын еркеммен көрісе алмай, аттандым асығыста Орынборға” деп Бекеннің әнімен аңсататын. “Жез оймақ”, “Қапия”, “Мәулен”, “Күлдарай” сынды сырлы саздарды қоңыр жыраулататын.

Әулет шежіресінен хабардар адамға Ерзакович өкінішінің орнын толтыру қиынға соқпайды. Қаратай сұлтаннан Шонық, Шонықтан жеті ұлдың кенжесі болып Ерғожаның әкесі Медет туған. Медеттің ұлы, 1875 жылдың түлегі Ерғожа Орынбор гимназиясын бітіріп, елде заң, ағарту салаларында қызмет етті. 1930-ыншы жылдары баласы, атақты күйші Қамбармен бірге Алматыға келді.

Кейінгілер Ерғожадан гөрі баласы Қамбар Медетовті біліңкірер. Өйткені, күйшіліктің ғажабы мен азабын қатар шеккен шабыттың шандозы сол емес пе? Мамандардың бағалауынша, өз тұсында оның перне басу аппликатурасын ала алатын адам болмаған. “Арынғазы”, “Ақжелең”, “Боғда”, “Қарасай”, “Қостайбек” – Қамбар күмбір қақтырған күй қаншама! Солардың ең үкілісі – “Ақсақ құлан”. Оны тартқанда қос ішектен бірде адам даусына, бірде керней үніне тән әуезділік үндесе екпіндер еді. Шанақтан әлдебір қайталанбас гуіл, әсем күмбір есіле құйылып, тыңдаушыны сиқырлы әуен арбап алар еді. Кезінде қатыгез Жошы тұншықтыра алмаған домбыра үні, әттең, Қамбармен бірге Қиыр Шығыста, Хабаров өлкесінде өшті ғой...

Қамбар әңгімелеген аңыз бен орындаған күй-симфония әсерімен ақындар қанша дастан жазды! “Жел айдап, қонарын тек сайлар білген, Атой сап ат үстінде айлар жүрген, Қаптаған жаугер тобыр, жойқын жасақ...” деп, Қалижандар күй екпінін жырымен жалғап кетті. Алайда, хас шебердің өз есімі көп жылдар айтылмай жүрді. Рухы асқақтағаны ғасырмен бірге келген жүз жылдық мерейтойы кезі. Сол игілікті шараның басы-қасында Қамбардың жиен немересі, бір кезде Қамбар іргесін қаласқан Құрманғазы атындағы консерваторияның ұстазы Айжан Рахман­құлқызы Бердібай жүрді. Орны бар оңалар, Айжанның анасы – Бибізада Қамбарқызы.

Өнерпаз Қаратаевтардың қатарында қайраткер Бақытжанның өз балалары да бар. 1928 жылы Қазақтың ұлттық атты әскер полкі Қызылордадан Алматыға жорықпен орын ауыстырды. Полк туын желбіретіп, сайын далаларда, адыр-қыраттарда “Қазақ маршын” шырқатып комиссар Шәміл Қаратаев қол бастап келе жатты. Шәміл азамат соғысы жылдарында “қызылдар” жағында күресті. Қазақтың 1-атты әскер дивизионының комиссары болды. Ұлттық атты әскер құру мен нығайтуға жиырма жыл өмірін жұмсаған қолбасшы қайраткер. Ол Затаевичке әскери марш жаздырды. “Тұрымтай”, “Әсет”, “Әмірхан” әндерінің негізінде жазылған жорық жырын 1934 жылы “Госиздаттың” музыка секторы басып шығарды.

Шәмілдің әні 1937 жылы үзілді. Оның туған інісі, бізге Затаевич “жас қазақ интеллигенті, аса мәдениетті, жігіттің сұлтаны” деп таныстыратын Мұрат Қаратаев та жас дегенімен, ат сайлап, қылыш қайраған әскери атақ-мансап иесі. Бұрын – юнкер, одан – Алаш жасағының сарбазы, енді – 1-атты әскер жауынгері. Сөйте тұра, тұла бойы толған ән. Зерттеушіге халық әндері “Өрлеші” мен “Ақсақ қызды”, Мұхиттың “Жайма қоңыры” мен “Ахауын” ғана жаздырып үлгеріп, Мұрат Ташкентке асығып аттанады. Оралған соң ән-күйдің астында қалдырам деген уәдесінің орындалуына тағдыр жазбады. Жайықтың көне әндерін көп білетін, олар туралы мәліметі де мол Мұраттың бұл ақырғы сапары еді... Затаевич өкіне отырып, ол қалдырған төрт әнді қосып, жинағын “1000-ға” жеткізді.

“Қазақтың 1000 әнінде” қолтаңбасы қалған Баязит Қаратаев, Бақтығали Сәлімов, Збайда Айшуақовалар да қайраткер Бақытжанның немере жұрағаттары. Өзінің “Қазақтың 1000 әні” мен “500 ән-күйін” Затаевич сыпайылықпен ұжымдық еңбекке балаған. Басқаларды үлес-пайыздап жатпай-ақ, оған енген 150-дей ырғақ пен сазды, яғни оннан бір бөлігін – бір әулет адамдары, Әбілқайыр тұқымының өнерпаздары бергенін айтсақ, бұл мойындауының жаны бар.

Құрманғазы оркестрінің атасы Ахмет Жұбанов екендігі өнер тарихында барша мойындайтын талассыз ақиқат! Дегенмен, бір кезде Ахаң өз қолымен жазылған “Махамбет Бөкейханов” деген баяндама-естелігінде оркестрдің құрылуына қатысты кейбір қызықты жәйттерді алға тартыпты. Осыдан жарты ғасыр бұрын – 1959 жылдың 17 қарашасында бір данасына қолтаңбасын жазып Махамбеттің отбасына берген естелігінде Ахаң: “Көп кешікпей Махамбеттің күшімен кабинет домбырашыларының, техникум студенттерінің қатарынан ансамбль құрылды. Концертмейстерлері Махамбет Бөкейханов пен Қамбар Медетов болды. Ауызша күй үйретудің (домбырашылардың нота білмейтін кезі) шебері Лұқпан Мұхитов еді. Ансамбльге мен, Махамбет пен Қамбар үшеуміз кезек дирижерлік еттік” деп оркестрдің даңқын ағайындылармен бөлісіпті.

Мұхиттың әндері, әулет өнерпаздары жаздырған әйгілі шығармалар кеңес композиторларының жаңа туындыларына кірпіш болып қаланды. Е. Брусиловский “Қыз Жібек” операсына “Үлкен Оразды”, Жібектің ақырғы ариясы етіп Мұхиттың “Дүния” әнін енгізді. Төлегеннің соңғы сәтіндегі “Алты қаз” күйін Қамбардың орындауынан алды. Мұхиттың “Алуашын” “Жалбыр” операсына кіргізді. “Айнамкөзін” Ерзакович квартетіне арқау етті. “Зәурешті” Шаргородский мен Шабельский еншіледі.

“Зәуреш” әні жөнінде өз алдына әңгіме етуге әзірміз. Әзірге талас тудырып жүрген бір мәселеге қатысты пікірмен шектелейік. Әңгіме әннің рухани авторы (шын авторы – Мұхит) Зәурештің әкесі Медет хан хақында. Әннің шығу кезін анықтау үшін уақыт пен кеңістікке кейде тарихшы көзімен қарау керек. Медет ешқандай хан емес, отыз ұлы да болмаған. Бөкейлікте 19-ғасырда өмір сүріп, әкімшілік қызмет атқарған Медетқали Шөкіұлы Нұралиханов. “Уай, Зәуреш, сенің үшін елден келдім” дегені – сонау Еділ бойынан Ырғызға ат арытуы. “Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш” дегені – Медеттің әкесі Шөкі сұлтан Нұралының отыз ұлының бірі. Екіншісі – Бөкей, үшіншісі – Шығай, тағысын тағы. Зәурешті жалғызға балауы, бәлкім, осы әулетке қатысты айтылатын “Нұралының отыз ұлы” нақылын тілге тиек еткені шығар. Әкесі аяулы қызын қияндағы Ырғызға неғып, қашан ұзатып жүр? Перовский Жәңгір тұқымын Орданы басқарудан шеттету үшін ел ішінің арыз-шағымын пайдаланып, 1859 жылы Медетқали мен інісі Ескендірді үй-ішімен Орынбордың теріскейіне жер аударды. Еліне 1861 жылдың күзінде оралды. Зәуреш сол көші-қон кезінде 25 жастағы Әлмұхамет Сейдалинге тұрмысқа шығып, жырақта қалған. Әкімдік қызметтегі әскери адам Әлмұхамет Зәурештен кейін көп жыл тұлбойдақ жүріп, тек 1869 жылы Сүлеймен Жиһангеровтің қызы Халифаға үйленді. Қайраткер Жанша Сейдалиннен бастап он ұл-қыздың бәрі Халифадан туған.

Әбілқайыр немересі, Айшуақ баласы Жантөре хан күйдегі “Шалқыма” жанрының негізін салушы. Атасы мен әкесінен қолбасшылық зәузат дарыған Жантөре жасында Сырым батыр жасағына ерді. Талай ұрыста ойқастап, талай айқастан аман шықты. 1805 жылы әкесі Айшуақтың орнына таққа отырды. Ағайынның алауыздығы мен Ресей саясатының қыспағынан тосылған сәттерде екі ішекке ерік беріп, “Көбік шашқанын” бебеулетіп, қаһары мен күйінішін күй құдіретімен жеткізген.

Әбілхайырдың тағы бір немересі Шығай хан балаларының ішінде тағдыры қызығы Дәулеткерей. Шығайдың ағасы Бөкей ханның үш әйелі болды. Бәйбішесінен Тәуке мен Әділ, Атан ханшадан Жәңгір туды. Үшінші әйелі Жұмадан Меңдігерей есімді ұл сүйді. 1815 жылы Бөкей қайтыс болғаннан кейін Жұма әмеңгерлік жолымен Шығайға қосылды. Одан туған Дәулеткерей балалық, жастық шағын ағасы Меңдігерейдің қамқорлығында өткізді. Жәңгірлермен еншілес болды. Жиырма жеті жасқа дейін “сұлтан Дәулеткерей Бөкейұғылы” есімімен жүрді.

Екі шаңыраққа тел өсіп, жастайынан билікке бейімделген Дәулеткерей 1852 жылдың ақпанынан бастап ноғай, 1860 жылдың сәуірінен бастап шеркеш руларын басқарды. Әйтсе де, Жантөре хан секілді мұның да атағы кейінгі ұрпаққа әкімдік әмірімен емес, ерен өнерімен – “Қосалқадай”, “Қосшектей”, “Құдашадай”, “Ақжелеңдей”, “Ақбаладай”, “Мұңдығыздай”, “Бұлбұлдай” сылқым саздарымен әйгіленді.

Күй керуенін Дәулеткерей, ән шеруін Мұхит бастап, әлеуметті сазбен тербеп, сарынмен тебірентіп өткен ардақтылардың әрқайсысына еншілі әңгіме арнауға дерек жетер еді. Олар қалдырған рухани мұра мен өздері туралы айтылар лебізді бұл жолы әулеттік портретке жиып-тердік.

Араларынан бір бекзатының: “Еңіреп Мұхит бабам өтіпті-ау деп, кейінгі ұрпақтарым есіне алар” деген өсиетін ұмытпақ емеспіз. Мұны – тек өзін емес, әулеттен шыққан барша шандозды алдағы күнге арыздаған аманат-мұң деп қабылдайық.

123
скачать работу

Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ