Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар



 Другие рефераты
Жамбыл - айтыс шебері Жамал Омарова Домбырамен ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру Домбыра, дамуы, жанрлары

Көне кептің байыбына салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай тұншықпақ еді. Алайда, ғасырлар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта табындырды.Жошы заманы тым жырақ – әңгімеміз адасар. Арғы атасы әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі. Бергідегі Әбілқайыр бабаларына алдияр дейік.Иә, әңгіме баһадүр хан ұрпағының тұқымнан тақ тоздырған тегеуріні емес, әулеттен ән оздырған тектілігі хақында болмақ. Әбілқайырдың тікелей мұрагері Нұралының отыз ұлы ішінде, әсіресе, Бөкей, Шығай, Қаратай тарихта аты қалған тұлғалар. Осы үшеуінен басындағы бақты тақтан емес, күмбірлі күй мен әуелеген ән-жырдан тапқан ұрпақ қаншама. Айталық, төре күйдің тәңірі Дәулеткерей, әншілігімен Жайықтың сырнайы атанған Мұхит сал, “Шалқыманың” жаршысы Жантөре хан – дарынымен дара тұрар есімдер!

Бір ғана Бөкейдің балалары – Жәңгір хан, Тәуке, Әділ, Меңдігерей сұлтандар сарайынан күй керуендете шыққан салтанатты топ ше? Тәукеден – Махамбет, Ғабдолхакім, Хабир күйшілер, Әділден – Науша күйші, Жәңгірден – шабытты ақын, шебер домбырашы Шәңгерей тарайды. Меңдігерей де өзімен бір анадан туған інісі Дәулеткерейді тек дәулет пен билікке баулымапты.

Ұлттық мәдениеттің тағы бір көрікті тобы – Қаратаевтар мен Мұхитовтар. Бұлардың көшбасшысы – әнші Мұхит. Мұхиттың атасы да, әкесі Мерәлі – Мерғали Еркінғалиев те рулы ел басқарған бел­сенділер. Мерәлінің Пангерей, Шәңгерей, Мырзагерей, Мұхаметкерей (Мұхит), Сақыпкерей, Жанша (Ақжан) және Жүсіп деген ұлдары болды. Сақып, Жанша, Жүсіптер бірінен-бірі асқан домбырашы болса, Шәңгерей скрипканы сызылта ойнады. Әйтсе де, ағайынды жетеуден оза шауып, “Оралдан ән оздырғаны” Мұхит сал.

Әйгілі аталарының туын жықпай жиырмасыншы ғасырға бұлардың бәрі Қаратаев тегімен жеткен еді. Ұлт азаттық көтерілістің көсемі Қаратай сұлтанның күресі кеңестік тарихнамада әуелі дәріп­теліп, кейіннен есімі қайта көмескіленді. Сірә, Ресей Думасының депутаты, алғашқы үкімет – Қазревкомның мүшесі Бақытжан Қаратаевтың Голощекин саясатын айыптап, қыр көрсете компартиядан шығуынан туған көзқарас салқыны болса керек.

Содан ба, Затаевичтің “1000 әніне” Қаратаев болып кірген Мұхит Жұбановтың “Замана бұлбұлдарынан” Мерәлиев болып шықты. Тап күресі ушығып тұрған заманда Ахаңдай жанашырдың Мұхит мұрасы мен оның кейінгі ұрпағының тағдыры үшін ойлаған сақтығы еді. Сөйтіп, Мұхиттың өзінен тарайтын өнер саңлақтары оның атымен – Мұхитовтар болып жалғасты.

Немере інісі Бақытжан Қаратаевтың айтуынша, ақжарқын, әңгімешіл Мұхит қай төрдің де күткен мейманы болған. Жасында көркіне сұлулар сұқтанған әнші қартайған шағында кең пейілді, келбетіне парасат ұялаған абызға айналып, елдің құрметіне бөленген. Сөйтіп, жас шағында “Күнде той, күнде жиын жүрген жерім” деуі де, егде тартқанда “Мен кепіл өткен жастың келмесіне” дегені де шындықтан шалғай емес. Өмірінің соңында сезім әндерін шырқауды доғарып, Құранның сөзін әуезелейтін ғажайып араби сарынды сопыдай қайталаумен өткен дейді.

“Айдай” мен “Қыпшақ”, “Алуаш” пен “Қилым”, “Айнамкөз” бен “Паңкөйлек”, “Дүния” мен “Зәуреш” әндері Мұхит есімін мәңгілік етті. Мұхит әншілігімен қоса Боғданың, Тазбаланың, Абылдың, Сәулебайдың күйлерін нақышына келтіре орындаған.

Мұхиттың Шоң (Мұхаметжан) және Нәу деген балалары әке қасиетін өздері мен кейінгі ұрпақтарына дарытқан өнерпаздар. Он тоғызыншы ғасыр соңында ғұмыр кешкен Шоң домбыра мен скрипкада шебер ойнаған. Шоңның балалары Лұқпан мен Ғұбайдолла Мұхитовтар, Нәудің баласы Шайхы Қаратаев атасының ән қазынасын алтындай сақтап, жиырмасыншы ғасырға әкеп табыстады.

Немересі, 1890 жылы туған Шайхыны Мұхит орысша оқытып, әкімшілік қызметке даярлады. Мұхит інілері Сақыпкерей, Жанша, Жүсіп және осы жасөспірім Шайхы бесеуі қосылып, ол тұста болмаған жаңалық – қазақтың күй әуендері мен орыстың би-вальстерін бес домбырамен күмбірлеткен. Сөйтіп, әдейілеп емес, әсер мен әуестіктен оркестрге бас құраған.

Жиырмасыншы жылдардың басында Орынборда қазақ ән-күйлерін жинаумен шұғылданған Затаевичтің есіл-дерті елге есімі жайылған Шайхыны көру еді. Оралдық жігіттер екеуін кездестірмек болып, Жымпитыға жеделхат жөнелтті. Жауап орнына оның таяуда өмірден өткені туралы өкінішті хабар келді. Қайран Шайхы өзінің “Арман” әнін домбыра шегінде баяу қағумен дем үзіпті. Соңғы сәтте қасында болған өнерпаз жігіт Бақ Жұмағалиев Орынборға келіп, Шайхының “Арманы” мен одан үйренген Мұхиттың “Мұхамедия” мен “Қоңыр әнін” этнографқа жаздырған.

 

Ал жастайынан Шайхының қасына еріп, Мұхит шығармаларын көкірегіне құйған күйсандық әнші кейінгі Құрманғалиев Ғарифолла деп білеміз. Ғарекең: “Шайхының ән айтқан дауысына үнімді үш тыныс алып барып теңестіретінмін” деп еске алады екен.

Жанарында сал Мұхит жарқылдаған ақиық осылай деп өз дауысын Шайхыдан үш екпін кем бағаласа, аталы-немерелі екі саңлақтың әншілік “ай-дайы” қай қиырдан естілерін ойлаңыз!

Домбыра, скрипка, гитара болсын – аспап таңдамай ойнай беретін Шайхы әншілік жағынан Мұхиттың әндерін өзінен асырып салмаса, төмен орындамаған. Кейінгіге өз үні жетпегенімен, атасының мұрасын Ғарифоллаға, аталас інісі Қамбар Медетовке (Қаратаевқа) табыстаған Шайхы есімі әйгілі әулет өмірбаянының сырлы парағы.

Жұбанов тағы бір Қаратаевты “Мұхит әндерінің қоймасы” атаған. Айтса, айтқандай, Шынтас Мұхиттың қасында көп болып, әндерінің негізін алып қалды. Көбінің шығу тарихын білді. Өзі орындап та, мамандарға жаздырып та кеңінен насихаттады. “Зәурештің” алпыс шумақ дастанын айтты. Кербез бастап, еркелете аяқтап, күміс әуенмен “Қыпшақты” құбылта шырқады. А.Жұбановқа Мұхит туралы еңбек жазуға негізгі мәліметтерді берген осы Шынтас.

Шынтас Қаратай сұлтанның Тілеуінен тарайды. Бір қызығы, Алматыға Шынтастан бұрын әні жетті. Отызыншы жылдары Қазақ радиосында диктор болған Тәмті Ибрагимова Мұхит пен Шынтас әндерін эфирден алғаш орындады. Қаратөбеге келгенде әкесі Зариптің “керуен сарайына” жиі түсетін Шынтастың өнеріне жастайынан тәнті болған Тәмті одан көп ән үйренген еді. “Паңкөйлекті”, “Айнамкөзді”, “Дайдидауды” жұртшылық радио арқылы Мұхиттың өз мәнерінде тыңдады.

Мұхиттың немересі Лұқпан отызыншы-елуінші жылдары Құрманғазы оркестрі мен Қазақ филармониясында ұлттық өнер үшін аса пайдалы еңбек етті. Әкеден ерте қалса да, Мұхит атасының әндерін шырқай жүріп, он бес жасында Шоңның әнші баласы атанды. 1916 жылы майданның қара жұмысына алынды. 1933 жылы түйе өсірудің үздігі ретінде Алматыға слетке келді. Астанада оның атына сыртынан қанық Ахмет Жұбанов кездестіріп: “Жаңа құрылып жатқан музыка кабинетіне жұмысқа қаласың” дейді. “Апыр-ай, түйелерім...” деп Лұқпан қиналады. Өнер комиссиясындағы Әуезов, Жұбанов, Брусиловскийлер: “Түйе бағатын сенімді адам табылар” деп көндіреді. Содан Қазатком оркестрінің бас домбырашысы болып орналасты.

Мұрағат қорында жайсаң азаматтың әр жылдары өз қолымен жазған өмірбаян парақтары сақталыпты:

2 қараша 1940 жыл: “Мен Лұқпан Шоңұлы Мұхитов 1894 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында Жақсыбайда тудым. Әкемнің әлеуметтік тегі кедей шаруа. 1841 жылы туған атам Мұхит үш айдай старшындықпен айналысып, одан кейін тек ән-күймен шұғылданған. 1918 жылы қайтыс болды. Кіші інім Ғұбайдолла Мұхитов 1937 жылдың қазанында саяси жағынан қамалып, он жылға жер аударылды. Кейіннен кінәсіздігі анықталып босатылды. Қазір Алматы облысындағы Қапал педучилищесінде оқытушылық қызметте. Өзім 1929 жылы колхозға кіріп, екпінді болып жұмыс істедім. 1933 жылы Алматыда бақташы-малшылар слетіне делегат болып қатыстым...”.

23 сәуір 1955 жыл: “Домбырашы әрі скрипкашы әкеміз Шоңның өнері бәрімізге дарыды. Ағаларым Шайхы, Махмұт, інім Ғұбайдолла бәрі де қайтыс болған. Өз балаларыммен бірге інімнің баласы Сапар Мұхитовты тәрбиелеймін. 1934 жылдан бері Құрманғазы оркестріндемін. Мұхит атамның жеті-сегіз күйін, елудей әнін жаздырдым...”.

Осындай өмірбаянның бірі концертмейстер Лұқпанды Сталиндік сыйлыққа ұсыну үшін жазылған екен. Белгілі себептермен ұсыныс халық әртісі атағы мен “Құрмет белгісі” орденіне түзетіліпті. Еңбегі лайық болғанымен, жоғары жақтағылар сақтық жасаса керек. Лұқпанның өзі әлеуметтік тегінен ақтала да сақтана жазып отырса, мәдениет басындағыларға қалай кінә қоярсыз.

Лұқпан тәрбиелеген Сапар Ғұбайдоллаұлы Мұхитов та Чайковский училищесін бітіріп, 1960-шы жылдары Құрманғазы оркестрінде ойнады.

Музыкант Мұхитовтардың соңғы ірі қайраткері арамыздан күні кеше өткен атақты домбырашы Құбыш Әшімұлы Мұхитов. Құбыштың анасы Зейнеп Нәуқызы Мұхитова – Шайхының қарындасы. Колхозшы Зейнеп 1935 жылы Алматыға келіп, Құрманғазы оркестріне орналасты. Сол жылдары оркестрдегі небәрі екі әйелдің бірі осы Зейнеп еді. Бармағынан бал тамған домбырашы өнер ұжымында жиырма жыл табан аудармай өнер көрсетті.

Құбыш сегізінші сыныпты бітірген 1943 жылы осы оркестрдің ең жас күйшісі болып қабылданды. Сөйтіп, анасы екеуі отызыншы жылдары жазықсыз кеткен ағаларының орнын ойсыратпай, өз та­ланттарымен оркестрдің күйін құйқылжытты. Алдарында аман жүрген екі аға – Науша Бөкейханов пен Лұқпан Мұхитовқа арқа сүйеді.

1950 жылы консерваторияның халық аспаптары факультетін бітірген Құбышты Ахмет Жұбанов осында жұмысқа алып қалды. Кафедра меңгерушісі, декан, проректор бола жүріп, өнер шаңырағына өмірінің соңғы күніне дейін 55 жылын түгел арнады. Домбыраға үйретудің әдістемесін жасап, оқулықтар жазды. Педагогтік және орындаушылық д

123
скачать работу


 Другие рефераты
Революция, коммунизм, свобода Н. А. Бердяев
История возникновения г. Казань
Заключение трудового договора
Основы экологии


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ