Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері

атады , оның төзімі таусылады , нәтижесінде ол адам өлтіруге барады.

Бұл жерде жәбірленушінің арандатушылық мінез-құлқы мен адам өлтіру арасында уақыт үзілісі болмауға тиіс.Бірақ кейбір жағдайларда уақыт үзілісі болуы мумкін, егер жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез -құлқына байланысты психиканы ұзақ уақыт жарақаттайтын жағдай туындаса, жәбірленушінің жасаған соңғы актісі мен адам өлтіру арасындағы уақыт үзілісінде аффект жағдайы мүмкін болса. Жай мысалы келтіретін болсақ, маскүнем әке әйеліне, балаларына ылғи зәбір көрсетсе .

Бұл практика жүзінде, отбасы мүшелерінің біреуіне физиалогиялық аффект тудыратын, ұзақ уақыт психика жарақаттайтын жағдай деп анықталады. Егер физиялогиялық аффект нәтижесінде табан асты туындаған адам өлтіру жайындағы ниетті сол кезде жүзеге асырмай кейін асырса, Қылмыстық кодекстің 98-бабы қолданылмайды ,себебі кінәлі бұл жерде аффект жағдайында емес , өш алу ниетімен әрекет жасайды.

Осы аффект жағдайында адам өлтіруді кінәлі бұрын ойластырып бірақ оны туындаған жағдайға байланысты ғана жүзеге асырса, қарастырылып отырған қылмыстың құрамы болмайды. Бұл жерде жәбірленушінің күш қолдану, қорлау немесе ауыр балағаттау,. өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекеті , әрекетсіздігі кінәліге емес , үшінші адамға бағытталған жағдайда Қылмыстық кодекстің 98-бабы  бойынша қолданылады.

Ең бастысы –жәбірленушінің мұндай мінез-құлқының кінәліні қатты жан күйзелісіне ұшыратқаны анық болуға тиіс.

Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру. Қажетті қорғаныс шегінен шықпай, өзіне жасалған шабуылды қайтару кезінде сол шабуыл жасаған адамды өлтірсе, ол қылмыс болып табылмайды. Қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіргендік үшін жауап кершілік қарастырылғанмен, ол жауапкершілік жеңілдетілген .

Қажетті қорғаныс шегінен шығу дегеніміз — қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесінде қорғанудың көрінеу сай келмеуі нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру Қылмыстық кодакстің 32-бабының 3-бөлігінде көрсетілген . Бұл дегеніміз,кінәлі өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін,басқа адамдардың құқықтарын, қоғамның , мемлекттің мүдделерін, қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғай отырып, ешқандай қажетсіз шабуыл жасаушыны өлтіреді , мысалы айтсақ ұрлық жасаған адамды өлтіру, қаруланбаған бұзақыны мылтықпен атып өлтіру ,тағы басқа сияқты.

Қаралып отырған істе қажетті қорғаныс шегінен шығудың болған –болмағандығын анықтауда соттар жиі қателік жібереді.

Мысалы, Аслан, өз үйінде, балалары Мура мен Нүрекенің шабуылынан қорғану үшін пышақ қолданған.Шабуыл жасаған екеуі де алған жарақаттан қайтыс болған. Қарағанды облыстық  соты Асланның қажетті қорғаныс шегінен шығып екі адамды өлтірді деп айыпдаиды , оны үш жыл бас бостандығынан айыруға соттады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмысттық істер жөніндегі алқасы Асланға қатысты үкімді бұзды, оның әрекетінде қылмыстық құрам жоқ деп, мына негізде қылмыстық істі қысқарты. Бұл оқиға болған кезде сотталған адам 66 жасқа келген, ал оған біреуі 43, екіншісі 40 жастағы еңгезердей ер адамдар шабуыл жасаған. Сотталғанның денесінде көгерген, қан талаған жерлері болғандығын сот-медицина сараптамасы бойынша растаған .  Оспанов А. қолына пышақ алып жәбірленушілердің шабуыл жасамауын өтінгенмен, олар тынышталмаған. Жоғарыда айтылған мән жайларға қарағанда бұл жерде қажетті қорғаныс шегінен шығу болмаған.

Қажетті қорғаныс шегінен шығу жағдайында сөз қозғау үшін ондай қорғану мұқтаждығы туындауға тиіс. Өтірік қорпғанғансып адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 97-бабы бойынша саралауға жатпайды.

Сонымен қатар,бұл бап меншікке қол сұғу мүмкіндігін болдырмау үшін қолданылатын әр түрлі ескерту, күзет құралдарының, электр тоғы , жарлығыш заттар,тағы басқаның көмегімен адам өлтіргенде қолданылмайды. Мұндай құралдары орнату кезінде адам қажетті қорғаныс жағдайында болмайды, сондықтан оның шегінен шығу мүмкін емес.

Қажетті қорғаныс шегінен  шығу жайында сөз қозғауға болады, егер адамды өлтіру қоғамға қауіпті қылмыстық әрекеттен қорғану кезінде болса. Ал, қол сұғу әлі басталмаса ,қол сұғу әрекеті аяқталған брлса, қажетті қорғаныс жағдайы болмайды, сондықтан қажетті қорғаныс шегінен шығу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23-желтоқсандағы қаулысында қажетті қорғаныс жағдайы қоғамға қауіпті қол сұғу кезінде ғана емес, сонымен қатар,анық шабуыл қауіпті болсада, сондай-ақ қол сұғу актісінің аяқталғанын кейбір мән-жайларға байланысты қорғаушы адам білмей қалып, ол қол сұғу аяқталғаннан кейін қорғанса да туындайды .

Қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіргенде Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігінің А,Д,Е,И, тармақтарының нышандары болса, олауырлататын мән-жайлардағы адам өлтіру деп сараланбайды,Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сараланады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумы қажетті қорғаныс шегінен шығын адам өлтіруді, дене жарақатын салуды осы әрекеттерді табан асты туындаған қатты жан күйзелісі кезінде жасаудан ажырату керек екендігіне назар аударады, себебі қажетті қорғаныс шегінен шыққанда айыпкер қоғамдық қауіпті қылмыстан қорғану мақсатында шабуыл жасаушыға зиян келтіреді, ал табан асты туындаған қатты жан күйзелісі , физиологиялық аффект , ықпалымен зиян келтіреді , қорғануды мақсат тұтпайды.

Егер қорғаушы қорғану шегінен шықса және де табан асты туындаған қатты жан күйзелісі жағдайында болса , онда оның іс-әрекеті,  болған зардапқа байланысты, қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіру немесе оның деңсаулығына қасақана зақым келтіру ретінде саралануға тиіс.

Қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтірген лауазымды адам Қылмыстық кодекстің99-бабы бойынша жауапқа тартылады. Ол өзінің қызметтік міндетін атқару кезінде шщабуылға ұшыраса да , бұл жағдайда оның іс-әрекетін лауазымдық қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған бап бойынша қосымша саралау қажет емес.

Өзінің әскери міндетін атқару кезінде, өзіне жасалған шабуылды тойтару мақсатында қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтірген әскери қызметкер де осы бап бойынша жауапқа тартылады.

Қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіруді дұрыс саралау үшін бұл қылмыстың  субьективтік жағын анықтаудың маңызы зор.

Қажетті қорғаныс шегінен шыққандық үшін жауаптылық қасақана зиян келтірген, яғни ниет,тікелей немесе жанама , нысандағы кінә болған жағдайда ғана жүктелетіндігі заң нормасында тікелей белгіленген . Қажетті қорғаныс шегінен шығып абайламай адам өлтірсе қылмыстық жауаптылық болмайды .

Бұл жағдайда қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып адам өлтіргендік немесе деңсаулыққа ауыр зардап келтіргендік үшін қарастырылған қылмысттық жауаптылықтан босату мүмкіндігін көздейтін Қылмыстық кодекстің 66-бабының тәртібін ескеру қажет.

Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің заңды болу шарты Қылмыстық кодекстің 33-бабының 1-бөлігінде келтірілген . Ұсталған адам қаза тауып, бірақ ұстау актілерінің заңдылық шарты сақталса, қылмыстық жауапкершілік жүктелмейді. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады .

Бұл қылмыстың обьективтік жағы — ұстау шараларын асырғандықтан ұсталатын адамның қаза табуына Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша жауапқа тарту үшін кінәлінің жәбірленушіні ұстауына ҚР ҚІЖК 132-бабында көзделген негіздері болдыма, содай-ақ ұсталатын адамға зиян келтіру үшін Қылмыстық кодекстің 33-бабында көзделген негіздер болды ма, алдымен сол жағы анықталуға тиіс.

Егер бұл көрсетілген негіздер болмай адам өлтірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 100- бабы бойынша сараланбайды.  Қылмыстың субьективтік  жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Айыпкер ұстау шараларының шегінен саналы түрде шығады, ұсталатын адамның өлуі мүмкін екендігін немесе қалайда өлетіндігін ұғынады, соны тілейді немесе сондай заттардың болуына жол береді. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны абайсызда өлтіру, бұл қарарстырылып отырған қылмыс құрамын бермейді.

Абайсызда кісі өлтіру. Адамның әдепсіздігі, байымсыздығы, тұрмыста қалыптасқан тәртіпті сақтамауы, ұқыпсыздығы абайламай адам өлтіруге әкеп соғады . Қылмыстық жауаптылық жәбірленуші өлгеннең кейін ғана болады, яғни қылмыстың бұл құрамы материялдық , ол жәбірленуші өлген кезден бастап аяқталған болып саналады.

Бұл қылмыстың обьектісі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар .

Қылмыстың обьективтік жағы сақтықтың қандай да бір ережесінің бұзылуына және соның нәтижесінде  адам өліміне әкеп соғатын әрекетпен не әрекетсіздікпен сипатталады. Бұл ретте жәбірленушінің қаза табуына алып келген іс-әрекеттің зардабы кінәлінің іс -әрекетімен себептік байланысы болуы тиіс.

Итергенде немесе ұрғанда жәбірленуші құлап , басқа бір затқа соғылып, тасқа, жол жиегіне, тағы басқа жағдайда қайтыс болса, ал кінәлінің оны өлтіруге немесе оған ауыр деңе жарақатын салуға ниеті болмаса , кінәлі абайсызда кісі өлтіргендік үшін жауапқа тартылады.

Адамды өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу. Өзін өзі өлтіру қылмыстық заң проблемаларының қатарына жатпайды. Ал, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу қоғамға қауіпті іс*-әрекет, адамның ең басты құқығы өмір сүру құқығы бұзылады.

Бұл қылмыстың обьектісі –адамның өмірі.

Қылмыстың обьективтік жағы басқа бір адамның өліміне алып келетін әрекетпен де , әрекетсіздікпен де сипатталады.

Суицидальдық нәтиже

12345
скачать работу

Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ