Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адамның денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар



 Другие рефераты
Менеджмент(кітап) Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары Соз ауруларын жұқтыру Қорқыту

Заңсыз аборт жасау, науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру. Аборт-жүктілікті жасанды түрде үзу.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы *Заңға сәйкес,әйелдердің денсаулығын қоғау мақсатында керексіз жүктілктің алдын-алудың жетілген әдістері қолданылады.Ал жүктілікті хирургиялық жолмен үзу үшін жүкті әйелдің келісімі және медициналық көрметкіштер болуға тиіс.

Аборт заңды, арнайы тізбеде белгіленген медициналық көрсеткіштер болса,және заңсыз деп бөлінеді.Жүктілікті жасанды түрде үзу заңсыз деп саналады,егер ол: тұрақты медициналық мекемеден тыс жасалса;оны тиісті бағдардағы медициналық білімі (акушер-гинеколог) жоқ адам жасаса;аборт қарсы көрсетулері болып жасалса.

118-бапта көрсетілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығың қорғау туралы» Заңында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер,өздерінің қызметтік мідеттеріне сәйкес,медициналық көмек көрсетулер тиіс делінген.Ондай көмекті көрсетпеу қылмыс болып саналады.Заңға сәйкес немесе ереже бойынша көмек көрсетуге адамның дәлелді себептерсіз науқвасқа көмек көрсетпеу абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтірсе,не оның өлуіне себеп болса,ол үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 118-бобында көзделген.

Қауіпті жағдайда қалдыру, өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайындағы және сәбилігіне, қарттылығына,науқастығына байланысты немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігін айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру,кінәлі кісінің ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оның өміріне немесе денсаулығына қуіпті күйде өзі қалдырған жағдайларда қылмыстық заң бойынша жауаптылық көзделген.

Адамның жыныстық дербестігі және жыныстық еркіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы – Зорлау. Адамның жыныстық дербестігі және жыныстық еркіне қарсы қылмыстар, нәпсіқұмарлық адам бойына біткен табиғи қасиет.Ол негізіне мораль прициптері,неке бойынша және де некден тыс жыныстық ара қатынастарын реттейтін заңдардың нормалары бойынша шектеледі.

Адамның жалпы еркіндігі мен дербестігі жыныстық еркіндікті де,ересек адамның нәпсіқұмарлық тәбетті қандай нысанда кіммен қанағаттандыратының өзі шешетін дербестікті де қамтиды және де ересек адамның да,кәмелетке толмағанның да жыныстық дербестікке құқығы бар деген мағына береді.Қылмыстық заң Қылмыстық кодекс 120-124 баптары бұл құқықтардықоғамда қалыптасқан жыныстық мораль нормаларына көрінеу қайшы іс-әрекеттерді жасауға тиым салу арқылы қрғайды.

Жыныстық дербестікке қарсы қылмыстар дегеніміз қылмыстық заңда қарастырылған, 16 жасқа немесе 14 ждасқа толмаған адамның жыныстық деместігіне, дене бітімінің және психикалық қалыпты дамуына ересек адамның жыныстық еркіндігіне немесе қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынас ғұрпына қалыпты қастандық бұл қарастырылып отырған қылмыстардың қоғамға қауіптілігі сол,олар адамның жыныстық еркіндігі мен, жыныстық дербестігіне елеулі нұқсан келтіреді кәмелетке толмағандарды бұзады,олардың дене бітімі мен ішкі жан дүниесінің дамып қалыптасуына теріс ықпал жасайды қоғамдық мораль білдіреді.

Жәбірленушіге сипаттаманы әрбір бап бойынша бөлек,заңнын мәні бойынша беру керек,жәбірленуші жасына қарамай әйелде ер адамда болуы мүмкін,яғни екі жыныстың да адамдарын бірдей қорғау қылмыстық заңда көрсетілген.

Енді 120 бап бойынша Зорлау дегеніміз — әйелдің жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне қол сұғудың ең ауыр түрлерінің бірі.

Қылмыстық заң бойынша зорлау дегеніміз- жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе психикалық қысым жасап қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып ер адамның әйелімен кәдімгі түрде жыныстық қатынасқа баруы.

Бұл қылмыстың обьектісі -әйел жынысты адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігі.

Бұл дегеніміз- ер адаммен жыныстық қатынасқа бару мәселесін әйел өзі шешеді деген сөз .

Жыныстық қатынасқа әйелдің ықтияры болмағандығына оның ондай әрекетке ешбір келісім бермеуі және жанталасып қарсыласуы дәлел болады.Зорлаудың жәбірленушісі тек әйел жынысты адам ғана болады. Зорлағандық үшін жәбірленушінің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы рөл атқармайды, жезөкшені,көңілдесін, әйелін зорлағандық үшін де жауаптылық қарастырылған.

Қазақстанның қылмыстық заңы кез келген адамның жыныстық еркіндігін,оның оны қалай пайдаланып жүргендігіне қарамастан, қорғайды.

Зорлаудың обьективтік жағы –жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушімен жыныстық қатынас жасауда.

Бұл ретте әйел мен ер—адамның кәдімгідей бірігуін жыныстық қатынасқа бару деп түсіну қажет. Егер жыныстық қатынас әйелдің ықтиярынсыз, оған күш жұмсалып немесе оны не басқа адамдарды қорқытып, не оның дәрменсіз күшін пайдаланып жасалса,ол зорлау болып танылады.

Алдап немесе өзіне деген сенімді теріс пайдаланып жыныстық қатынасқа барудың әйелдің келісімін алса, онда зорлағандық болмайды.

Зорлау кезінде күш жұмсау дегеніміз -ұрып-соғып жәбірленушінің денесіне әр түрлі дәрежедегі жарақат түсіру. Бұл ретте оның тәнің ауыртады, бостандығын шектейді, байлап тастайды, қылқындырады, қысқасы, жәбірленушінің қарсылығын басу немесе қарсыласуына мүмкіндік бермеу үшін әртүрлі әрекеттер жасайды.

Зорлау жасау үшін күш қолданудың бір тәсіліне заң психикалық қысым жасауды да жатқызады. Сонымен жәбірленушінің қарсылығын басу үшін кінәлі онысөзбен қорқытады,оған қару көрсетеді,ондағы мақсат-күш жұмсаудан қайтпайтындығын көрсету.

Қорқытуды зорлауды тәсілі ретінде пайдаланғандаоның заңсыз болуы тікелей,қарқынды көрсетілуі, ол нақты және шындық болуы тиіс. Тек сондай ғана әйелді дәрменсіз етеді.

Мүлкінді жоямын деп қорқыту немесе жәбірленушіні масқаралайтын деректерді мәлім етемін деп қорқыту, яғни арандатушылықпен жыныс қатынасын жасау зорлау болып танылмайды. Мұндай әрекеттерді жасаймын деп қорқыту әйелді дәрменсіз жағдайға душар етпейді, себебі оның өзін -өзі сақтап қалу шараларын қабылдауға немесе басқалардан көмек сұрауға мүмкіндігі болады. Күш жұмсау немесе күш жұмсаймын деп қорқыту тек жәбірленушіге ғана қатысты емес, басқа адамдарға да(туыстарына, жақындарына, таныстарына) қатысты болуы мүмкін.

Зорлаудың мына түрлері сараланған болып табылады:

1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау. Адамдар тобы жасаған зорлауға екі немесе одан көп адамның зорлаудың обьективтік жағына кіретін тым болмаса бір әрекетті алдын ала келіспей жасаған зорлауы жатады. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының зорлауы дегеніміз-сол қылмысты жасауға алдын ала өзара келіскен адамдардың қылмысқа қатысуы.

Ұйымдасқан топ жасаған зорлауға бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін бұрыннан біріккен тұрақты адамдар тобы жасаған зорлау жатады.

Топтасып зорлағандық үшін тек тікелей зорлық көрсетіп жыныстық қатынасқа барған адамадар ғана емес,сонымен қатар жәбірленушіге күш қолданып немесе оны қорқытып жыныс қатынасының жасалуына көмектескен адамдар да жауапқа тартылады. Олар топтасып әйел зорлауға қатысқандар болып танылады. Жәбірленушіге қарсы күш қолданбаған, бірақ оны басқа біреудің зорлап жыныстық қатынас жасауына көмектескен адамдар қылмысты ұйымдастырушы, арандатушы немесе оған көмектесуші ретінде Қылмыстық кодекстің 28-бабы бойынша және 120-баптың тиісті бөлігі бойынша жауапталады.

Бірнеше адамның бір әйелді топтасып зорлағаны ғана емес, бірнеше адамның өзара келісіп және күш қолданып немесе қорқытып бірнеше әйелдің әрқайсысын топтасып зорлағандыққа жатады. Егер топ ұйымдасқан болса, зорлау кезінде өздерінің атқарған рөлдеріне қарамастан, топтың ұйымдастырушысы да, оған қатысушылар да Қылмыстық кодекстің120-бабы 2-бөлігінің А тармағы бойынша жауапталады.

Топтасып әйел зорлауды ұйымдастырушы адамдардың әрекеттері,сол қылмысқа қатысқан басқа адамдар өздерінің есі дұрыс еместігіне , жасының толмағандығына немесе басқадай себептерге байланысты жауаптылықтан босатылса  да, жоғарыда көрсетілген бөлік бойынша сараланады.

2. Өлтіремін деп қорқытып,сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға аса қатыгездік жасап зорлау.Өлтіремін деп қорқытқанда кінәлі оны ауызша айтады немесе соған сай әрекет жасайды. Мысалы айтсақ , жыныстық қатынасқа баруды талап етіп жәбірленушіні қылқындырады , оған қару , пышақ,ұстара көрсетеді, оларды қолдануға ұмтылады. Өлтіремін деп қорқыту арқылы жәбірленушіге психикалық қысым жасалынады, ол өз өмірін сақтап қалуды ойлап ешқарсылық көрсетпейді . Қорқыту нағыз шындық болуға тиіс және тікелей жасалынған. Жәбірленушіні дәрменсіз ететіндей сол қорқытудың қаншалық рас болғанын әрбір жағдайда сот анықтайды. Егер зорлау аяқталғаннан кейін, егер ол жайында айтсан Өлтіремін деп жәбірленушіні қорқытса, онда кінәлі Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі бойынша және қорқытқандық үшін қосымша  112-бап бойынша жауапқа тартылады.

Адам өлімімен ұштасқан зорлау,қасақана адам өлтіру ретінде,Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігінің К тармағы бойынша саралануға тиіс.

Зорлаған кезде қатыгездік танытудың белгісі- зорлап жыныстық қатынас жасау кезінде жәбірленушінің немесе басқа адамдардың тәнін,жанын қатты ауырту.

Азаптау, қинау,т.б. жан күйзелту –жәбірленушінің қарсылығын басатын тәсіл болып табылады. Әйелді жақын,туыс адамдарының көзінше, әдейі көрсетіп зорлау қинау  да аса қатыгездікке жатады.

3.Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соғатын зорлау.Қылмыстың бұл нышаны болу үшін кінәлі өзінің соз ауруымен ауратынын білуге және оның жұғатынын біле тұра зарлап қылмыстық қатынасқа баруы тиіс.ҚК 120-бабы 2-бөлігінің В тармағымен саралау үшін жәбірленушіге кінәлінің қандай ауру жұқтырғынның манызы жоқ . Бірақ ,егер зорлау кезінде жұ

12
скачать работу


 Другие рефераты
Акцентуации характера
Алаш қозғалысының соңғы түйіні - Мұстафа Шоқай
Кеңестер дәуірінің мектебі мен педагогикасы (1917-1941 ж.ж.)
ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1465-1560 жж.)


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ