Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қорқыту



 Другие рефераты
Адамның денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар Соз ауруларын жұқтыру Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру

Өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш жұмсаймын не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту арқылы адамга психикалық қысым жасауды көздеген әрекеттер қылмыстьщ объективтік жағын құрайды. Қорқыту сездері көздеген құрбанның өзіне тікелей немесе үшінші адам арқылы айтылуы мүмкін.

Бұл қылмыстың міндетті нышаны — қорқытудың бос сөз еместігінде, яғни қорқытудан сақтану керектігіне негіздің болуы. Өз атына айтылған қорқытуды жәбірленуші бос сөз немесе қалжың деп санамайды, оның жүзеге асуы мүмкін екендігіне сенеді. Ол сенімді кейбір факторлар күшейтеді: нақты қалыптасқан жағдай, уақыт, орын, кінәлінің мінездемесі, оның жүріс-тұрысы, бұрын сотталгаңдығы, т. б.

Қорқытуды жәбірленушінің субъективтік қабылдауында сақтықтың объективтік негіздері болуы тиіс. Бұл жерде, айтылған қорқытуды кінәлі келешекте жүзеге асырғысы келе ме, келмей ме, әңгіме онда емес, ең бастысы қорқытудың жүзеге асатынына құрбанның сенуінде.

Бұл қылмыс формальды құрамға жатады, ягни басқа адамның өміріне немесе денсаулығына қорқыту айтылған кезден бастап ол аяқталған болып саналады.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет нысанындагы кінәмен сипатталады. Кінәлі өзінің басқа адамды қорқытып отырганын ұынады, сол әрекеттерді жасауды тілейді. Қылмыстың себептері мен мақсаты әрқилы, олар саралауға ықпал жасамайды. Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.Бұл норма қылмыстық заңға бірінші рет кіріп отыр, ол үш бөліктен тұрады және ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр еткендік үшін қылмыстық жауаптылық көздейді.

Емдеу тәсілі ретінде органдарын немесе тінін ауыстырып салу науқас пен донорды қамтитын бір операция болып табылады. 1997 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңының 31 -бабында органдарды немесе тінді ауыстырып салу үшін адам, адам мәйіті, жануар донор бола алады делінген. Адам органы коммерциялық мәміле заты бола алмайды. Басқа адамның органдарын немесе тінін мәжбүрлеп алуға жол берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.

Қылмыс объектісі — адамның өмірі мен денсаулығы, ал қылмыс заты — кез келген орган немесе тін. Қылмыстың объективтік жағы ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін органды немесе тінді алуга донорды мәжбүрлеу әрекетімен (күш жұмсап немесе психикалық қысым жасап) сипатталады. Бұл ретте күш жұмсау немесе күш жұмсайын деп қорқыту арқылы донордың келісімінсіз кінәлі өз мақсатына жетеді.

Күш жұмсау дегеніміз — жәбірленушінің денсаулыгына жеңіл (ҚК 105-бабы) немесе орташа ауырлықтағы (ҚК 104-бабы) зиян келтіру немесе оны ұрып-соғу (ҚК 106-бабы).

Таңдап алған «донордың» денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе ол өлген жағдайда іс-әрекет ҚК 103-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы бойынша немесе 9б-бабының 2-бөлігінің «м» тармағы бойынша сараланады. Психикалық қысым жасағанда жәбірленушінің атына өлтіремін немесе денсаулығына ауыр зиян келтіремін деген қорқыту айтылады.

Қылмыс құрамы формальды. Ол қылмысгық іс-әрекет (алуға мәжбүрлеу) жасалған кезден бастап аяқталған больш саналады, қылмыстық нәтижесінің болғандығы, яғни жәбірленушінің донорлыққа келісім берген-бермегендігі маңызды емес.

Кінәлі өзінің жәбірленушіні органды немесе тінді алуға мәжбүрлеп отырғанын ұғынады, соны тілейді. Қылмыстың себебі — басқа адамның денсаулығын құрбан етіп жақын адамға көмектесу ниеті, сондай-ақ бас пайданы ойлау. Мақсат жәбірленушінің органдарын немесе тінін ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін алу.

Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. ҚК 113-бабының 2- бөлігі Бұл қылмыстың сараланған құрамын қаратырады, олар:

а) кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу немесе кінәліге материалдық немесе өзге тәуелдіктегі адамға қатысты;

б) көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты;

в) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер.

ҚК 33-бабының 3-бөлігінде сол баптың 1 және 2-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасап абайсызда донорды өлтіріп алғандық немесе басқа да ауыр зардаптар болғандық үшін (организм функциясының бұзылуы, еңбек қабілетін жоғалту, т. б.) жауаптылық белгіленген. Бұл норма үш бөліктен тұрады. Медицина қызметкерлерінің өз кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыздығы немесе оган адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соқса (1 -бөлік), денсаулыққа ауыр зиян келтірсе (2-бөлік), денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (3-бөлік) осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа апарады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулыгын қоргау туралы» Заңында медицина қызметкерлері, оның ішінде фармацевтика қызметкерлері де, халықтық медицина әдістерін пайдаланып, медициналық практикамен айналысу құқығын алған адамдар да азаматтардың денсаулығына келтірген зиян үшін жауаптылық көтереді делінген. Қылмыс объектісі — адам өмірі мен денсаулығы.

Қылмыстың объективтік жағы — медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыздығы немесе оған адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл әрекеттер адамның қайтыс  болуына немесе ауыр не орташа ауырлықтағы зиян алуына әкеп соқтырса. Бұл істердегі себептік байданысты сот-медициналық сараптама анықтайды. Қылмыстың субъективтік жағы абайсыздықпен сипатталады. Қылмыстың субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Бұл қылмыстың субъектісіне (арнаулы субъект) қойылатын қосымша талап сол, ол тек медицина және фармацевтика қызметкерлері немесе медициналық практикамен айналысуға құқыры бар адам болуға тиіс.

скачать работу


 Другие рефераты
Роль бессознательного в понятии сознания
История Украины
Тюлени
Сыртқы саудалық бағаларды есептеу


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ