Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

лдау болды.
Инициацияның негізгі мақсаты – жастарды отбасылық өмірге дайындау болды. Инициация кезінде оларға түрлі әдет — ғұрыптар туралы айтып қана қоймай, сүндетке отырғызу, т.б. рәсімдер жасалатын болған. Әсіресе ер балаларды сүндетке отырғызу кең тарап, ол иудаизм мен ислам дінінде осы кезге дейін сақталып қалды. Бұл әдет-ғұрыптың шығу себебі ғылымда түсініксіз. Кейбір жорамалдар бойынша, осы арқылы жасөспірімдердің жыныстық өмірге мерзімінен бұрын ерте араласуына тиым салынған болуы мүмкін. Бұдан басқа әдет-ғұрыптар, мысалы, Австралияның аборигендерінде жасөспірім қыз балалардың кеудесін маймен сылау арқылы оның өсуін жақсартуға болады деп санаған.
Кейбір ертедегі алғашқы қауымдарда ересектер — әйелдер бір бөлек, ерлер бөлек топтанып өмір сүрген. Жекелеген ерлер үйлері болып, оларда түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер (инициациямен қоса) жүзеге асырылатын болған. Бұған Сібірдегі Мальта қалашығынан табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады.
Неке және отбасы. Туыстық құрылымның және оған тән экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін отбасылық институт пайда болды.
Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық неке болып, ол кейінннен жеке неке мен отбасының түрлі нысандарына алмасты. Екіншісі — қоғам дамуының ең алғашқы кезеңінен — ақ жеке отбасы болған деген пікір.
Бірінші пікірді ең алғаш ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп алмасып отырған отбасының 5 түрін атады. Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды. Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге негізделеді.
Ғалымдардың екінші бір тобының пікірі бойынша, дамуы жөнінен артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б. жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді.
Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар, әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары, әсіресе, еркектер үйлері болды. Оларда еркектердің жиналыстары өтіп, түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б. Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке еркектер үйі болды.
Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне еркектер мен әйелдер бөлек жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында еркектер өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік етсе, әйелдер өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды.
Жыныстары мен жастарына байланысты бөлінген топтардың орны олардың еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды.
Алғашқы қауымның соңғы кезеңдерінде де жұптық неке үстем болды. Бұл неке екі жақтың кез келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын еді. Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді.
Мысалы, ХVІІғасырдағы егін шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің қосымша әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған. И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер бірте-бірте жойылып кетті. йленудің түрлі дәстүрлері, некені заңды түрде тіркеу, екі жақтың ата-аналарының арасында бір-біріне сыйлық ұсыну, т.б. пайда болды.

5.3 Билік эволюциясы

Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты.
Ертедегі алғашқы қауымдарда билік — шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды.
Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар — еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді. Дегенмен кейбір жағдайларда осы қабылданған жалпы нормаларды бұзушылар да табылды. Сондықтан бұндай жағдайда қоғамдық шаралар қолдану қажет болды. Қоғамдық шаралардың бірнеше түрлері, тіпті күш жұмсауға дейін қолданылды. Тәртіпті өте ауыр бұзушылырға қатал жазалар — ұрып-соғу, өлтіруге дейін немесе ұжымнан қуып жіберу қолданылды.
Мысалы, Австралия аборигендеріндегі веддтер мен сенойларда экзогамияның ережесін бұзған адам ұжымнан кетуі керек немесе өлім жазасын алатын еді. Инициацияның құпияларын таратқан жігітке де қатаң жаза қолданылды. Бұл жағдайларда жазалау түрін ұжымдағы көсемдер белгілеп, олардың өздері немесе жазаланушының жақындары жүзеге асыратын болды. Ал керісінше, аса маңызы жоқ тәртіп бұзушылықтар кезінде оның себептерін екі жақ өзара бірлесіп қарастыратын болған.

5.4 Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы

Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.
Алғашқы қауымдық периферия мен оның өркениетпен байланыстарының түрлері. Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.
Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады.
Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды.
Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты.
Алғашқы қауымдық периферия жақын және алыс болып бөлінді. Жақын периферия жылдамырақ, алыс периферия жай дамыды, нәтижесінде дамыған және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші ретт

12345След.
скачать работу

АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ