Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әдеби мұраны игеру



 Другие рефераты
Алпысыншы жылдардағы әдеби сын Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі Отызыншы жылдардағы әдеби сын Жиырмасыншы жылдардағы әдеби сын

Лекция мақсаты:

Қазақтың  ауыз  әдебиетінің  озық  үлгілерінің  халықтық  сипатын  ашу  және  Абай  шығармаларының  сырын  түсіну – жеке  ақындық  творчестволарды  игеру мәселерімен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Халықтың  ауыз  әдебиетін  жинау,  зерттеу
  2. Абай шығармашылығы төңірегіндегі айтыс.
  3. Абайтану  ілімінің  негізін  салған  М.Әуезовтың  ерен  еңбегі
  4. Абай  творчествосының  ғылыми  тұрғыда  зерттеліп,  танылуы – сыншылық  ойдың  үлкен  жемісі

 

Әдеби  мұраны  игеру  барысындағы  өзекті  мәселе – қазақтың  ауыз  әдебиетінің  озық  үлгілерінің  халықтық  сипатын  ашу  және  Абай  шығармаларының  шын  сырын  түсіну – жеке  ақындық  творчестволарды  игерудің  кілті.

Халықтың  ауыз  әдебиетін  жинау,  зерттеу  қажеттілігінің  айқындалуы,  қате  қисындарға  соққы  берілуі.  М.Әуезовтің  «Әдебиет  тарихы»  атты  еңбегінің  фольклорға  арналуы,  С.Сейфуллиннің  қазақтың  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинау,  пайдалану  жөніндегі  ашық  хаты – халықтық  творчествоны  игеру  процесінің  басталғандығы.

С.Сейфуллиннің  «Ескі  әдебиет  нұсқалары»  мен  «Батырлар  жыры»  жинақтарын  шығаруы,  1932  жылы  жоғары оқу  орындарындарының  студенттері  үшін  оқулық-хрестоматия  шығаруы  кейінгі  зерттеулерге  өзек  болуы.

Ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  мектептік  хрестоматиялар  мен  оқулықтарға  арқау  болуы,  оқытылуы,  батырлар  жыры,  лиро-эпостар,  дастандар,  айтыс,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар  жинағының  жариялануы,  олардың  ғылыми  жүйемен  зерттеле  бастауы.

«Бірыңғай  ағым»  теориясының  зиянды  ықпалы,  қазақ  эпосын,  фольклорын  зерттеудегі  кемшіліктер.  1953  жылғы  ғылыми-теориялық  конференцияда  нигилистік  ой-пікірдің  қылаң  беруі,  1959  жылғы  қазақ  әдебиетінің  проблемаларына  арналған  конференцияда  бұл  қателіктердің  сыры  ашылып,  оңтайлы  жолға  түсуі.

Ауыз  әдебиеті  үлгілерін  зерттеудің  ғылыми  жүйесінің  жасалуы – қазақ  әдебиет  сынының  қалыптасқандығының  көрінісі.

Әдеби  мұраны  игерудің  ең  күрделі  және  мәнді  саласы – жеке  ақын-жазушылартворчествосын  тану,  зерттеу.

Абай  творчествосының  идеялық  бағытын  анықтауға  пролеткульт  теориясының  жасаған  зиянды  ықпалы,  ҚазАПП басшыларының  теориялық  ой-пікіріндегі   қате-кемшіліктер.  Абайдың  ақындық  өнерін  таныған  Ахмет,  Мұхтар толғамдары,  Сәкен,  Сәбит,  Ілияс,  Ғаббастардың  пікірлеріндегі  қайшылықтар  мен  қателіктер.

Абайтану  ілімінің  негізін  салған  М.Әуезовтың  ерен  еңбегі  және  артық-кем  пікірлері.  Ә.Саағдидің  (1923),  Б.Кенжебаевтың  (1927),  І.Қабдоловтың  (1928),  С.Мұқановтың  (1932),  І.Жансүгіровтың  (1933)  Абай  туралы  мақалалары  мен  ой-пікірлері.

Абай  творчествосының  халықтық  сипатын  мойындау  пройесінің  басталуы,  Абайдың  қайтыс  болғанына  30  жыл  толуын  1934  жылы  атап  өту  және  «Әдебиет  майданы»  журналының  қос  санының  Абай  творчествосына  арналуы – Абай  творчествосын  ғылыми  жүйеде  зерттеудің  басталуы.

Ғаббас  Тоғжановтың  «Абай»  (1935)  атты  монографиялық  очеркі,  оның  социологиялық-эстетикалық  талдауындағы  орынды  һәм  орынсыз  пікірлер.

1939  жылы  Абай шығармаларының  екі  томдығының  жариялануы,  оған  жазған  алғы  сөзде  С.Мұқановтың  «Абай – халық  ақыны»  екендігін  дәлелдеуі.

Әдебиеттік  жаңа  деректердің  мол  жинала  бастауы,  Е.Ысмайылов  пен  К.Бекхожиннің  1940  жылы  «Абай»  атты  сын  библиографиялық  материалдар  көрсеткішін  жариялауы.  М.Әуезовтың  Абай  өмірін  көркем  шығармаға  арқау  етуі – абайтану  ілімінің  жан-жақты  өркендеуге  ден  қойғандығының  белгісі.

Абай  творчествосының  ғылыми  тұрғыда  зерттеліп,  танылуы – сыншылық  ойдың  үлкен  жемісі,  сонымен  қатар  жеке  ақын-жазушылардың  шығармаларын  кең  көлемде  зерттеу,  әдебиет  тарихынан  орын  беру  бағытының  дәйекті  айқындалуы.  Сұлтанмахмұт,  Ақмолла,  Ыбырай  Алтынсарин,  Махамбет  Өтемісов,  Шортанбай,  Дулат,  Шәңгерей  Бөкеев,  Нарманбет  Орманбетов  жинақтарының  жарық  көруі – қазақ  әдебиеті  тарихын  жасау  жолындағы  қадамдар.

Әдеби  мұраны  ғылыми  негізде  игеріп, зерттеу  ісінің  басталуы  қазақ  әдебиет  сынының  жанрлық  қалыптасуының  үлкен  көрінісі  және  оның  көлемді  зерттеу  жұмысына ден  қоюы — әдебиеттану  ғылымының  туып  келе  жатқандығының  белгісі.

Әдебиет  программаларын  жасау — әдебиет  тарихын  жүйелі  арнаға  түсіру  жолындағы  қадам.  Қазақ  мектептерін  оқу  кітаптары,  көмекші  құралдар,  оқылықтармен  қамтамасыз  ету — әдебиеттану  саласы.  Қазақ  әдебиетінің  тарихын  дәуірлеу  мәселесіндегі  болжамдар  мен  гипотезалар,  қалыптасқан  концепциялар,  ғылыми  қателіктер  мен  кемшіліктер.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

- Ауыз әдебиетінің жиналу жайы қандай болды?

- Әдеби  мұраны  ғылыми  негізде  игеріп, зерттеу  ісінің  әдебиет сының жанрлық қалыптасуына қандай үлесі болды?      

Әдебиеттер тізімі:

  1. Сейфулин С. Шығармалар. 4,5,6 томдар. Алматы, 1962-64.
  2. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998.
  3. Кәкішев Т. Сын сапары. — Алматы, 1971.
  4. Кәкішев Т. Оңаша отау. — Алматы, 1982.
  5. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. — Алматы, 1996.
  6. Мырзахмет М. Абайтану тарихы. – Алматы, 1994.
скачать работу


 Другие рефераты
Основные особенности речи делового человека
Речевой этикет в современном русском языке
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары
Гендердің өзара әрекеттесуі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ