Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жиырмасыншы жылдардағы әдеби сын



 Другие рефераты
Әдеби мұраны игеру Отызыншы жылдардағы әдеби сын Жазба әдебиет және сын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің әдеби сынның дамуындағы тарихи қызметі

Лекция мақсаты:

Қазақ  әдебиеті сынының  жанрлық  қалыптасуы  мен  әдебиеттану ғылымының даму жолдарын түсіндіру.

Сұрақтар:

  1. Заман  және  көркемдік  мұрат.
  2. 1925  жылы  ҚазАПП-тың  құрылуы.
  3. Сәкеннің, Мағжанның, М.Әуезовтің шығармашылығының сынға ілігуі
  4. Социологиялық  сынмен  қатар  социологиялық-эстетикалық  сындардың  көріне  бастауы.

 

Қазан  революциясының  саяси-қоғамдық,  экономикалық  өзгерістермен  қатар  халықтың  ой-санасына,  эстетикалық  талап-талғамына  төңкеріс  жасауы.  Оның  тарихи,  көркемдік  мәні,  салдары.

Әрбір  ұлттық  мәдениетте  екі  түрлі  мәдениет  элементтерінің  болатындығы  туралы  қағиданың  жалғандығы.

Советтік  әдебиеттің  ұйымдық  негізі.  Пролеткульт  және  оның  қателіктері.  «Кузница»,  «Леф»,  «Перевал»,  «на  литературном  посту»,  ВОАПП,  РАПП  ұйымдары,  олардың  творчестволық  күшті  біріктіру  жолындағы  қадамдары  мен  жасаған  қателіктері.

«Партияның  көркем  әдебиет  саласындағы  саясаты»  туралы  1925  жылғы  қаулы  -  таптық  әдебиетті  өркендетудің  программасы,  ақын-жазушылардың  творчестволық  бағытын  жасау  арнасы.

Қазақстан  баспасөздерінің  қазақ  кеңес  әдебиетін  өркендетудегі  ролі.  1925  жылы  ҚазАПП-тың  құрылуы.

ҚазАПП-тың  әдебиет  кадрын  таптық  тұрғыда  топтастырудағы,  көркем  шығармалардың  партиялық  принципін  айқындаудағы  әрекеті,  алашшыл  ақын-жазушыларға  қарсы  жүргізген  күресіндегі  артық-кем  сілтестер,  ҚазАПП  жұмысындағы  қате-кемшіліктер.  Тұрпайы  социологизмнің  зияны,  творчество  саласында  әкімшілікке  бой  ұрудың  терістігі,  жолбикелерге  достық  қарым-қатынастың  кемдігі,  эстетикалық  сын  принциптерінің  бұрмалануы.

Көркемөнер  ұйымдарын  қайтадан  құру  туралы  1932  жылғы  23  сәуірдегі  қаулы.

Совет  жазушыларының  бүкілодақтық  бірінші  съезінің  (1934)  мәні.  Көп  ұлтты  совет  әдебиетінің  творчестволық  әдісі  -  социалистік  реализм  деп  жариялануы.  Эстетикалық  мұраттың  қалыптасуы.

«Қазақ  мұңы»,  «Ұшқын»,  «Еңбекші  қазақ»  газеттері  мен  «Қызыл  Қазақстан»  журналында  жарияланған  алғашқы  материалдардың  сипаты.

1921  жылды  Қазақ  мемлекеттік  баспасының  құрылуы.  «Асау  тұлпар»,  «Қызыл  сұңқарлар», «Бақыт  жолына»  (Сәкен  Сейфуллин),  «Еңлік-Кебек»,  «Қорғансыздың  күні»  (М.Әуезов),  Мағжан  өлеңдер  жинағы,  «Біздің   де   күніміз  туды»  (А.Асылбеков),  «Адасқан  өмір»  (С.Торайғыров)  атты  шығармалардың  жариялануы,  оларға  жазылған  сындардың  саяси-әлеуметтік,  эстетикалық  мәні.

«Қызыл  Қазақстан»  журналы,  «Еңбекші  қазақ»  газеті,  «Шолпан»  мен  «Темірқазақ»  журналдарында  Сәкен  шағармаларына  жазылған  сындар. Ақын-жазушының  жаңа  сипаты,  оның  қоғамдық-әлеуметтік  борышы,  үгіттік  шығармалардың  мәні  туралы  ой-пікірлер.

Мағжанның  Ташкент  дәуірі — әдебиетіміздің  үлкен  олжасы.  С.Қожанов  алғысөзімен  өлеңдер  жинағының  шығуы  және  Күн  Шығыс  еңбекшілері  коммунистік  университетінде  қазақ  жастары  жерлестігінің  әдеби  үйірмесінде  Н.Төреқұловтың  бастауымен  талқыға  түсуі.  Қазақ  әдебиет  сынында  таптық  позицияны  күшейту  және  Мағжан  шығармашылығына  жаппай  шабуылдың  басталуы.

Омбы-Қызылжарда  ара-тұра  қоғамдық  іске  араласып,  махаббат  лирикаларын  мол  жазған  Мағжанның  Ташкенттегі  «Шолпан»,  «Сана»  журналдарында,  «Ақ  жол»  газетінде  жарияланған  шығармаларында  романтикалық  арнаның  негізін  қалау  жайы.  Жүсіпбек  Аймауытовтың  мақала-баяндамасының  мағжантанудағы  орны.

«Тоқсанның  тобын»  жазғандағы  Мағжанның  көңіл-күйі,  оны  Кеңес  әдебиетіне  жақындатқысы  келмегендердің  арандатқыш  іс-әрекеттері.  Сыни  ойдың  ұнамды  өріс  таппауы — әдебиетке  зиян.

М.Әуезовтың  сыншыл  реализм  аясында  жазған  шығармалары.

«Партияның  көркем әдебиет  саласындағы  саясаты»  атты  қаулының  көркемдік  әдісті  қалыптастыру  жайындағы  тұжырымы.

Социологиялық  сынмен  қатар  социологиялық-эстетикалық  сындардың  көріне  бастауы,  оның  әлеуметтік  ой-пікірге  тигізген  әсері. Ғаббас  Тоғжановтың  сыншылық  қызметі.   Елжан  Бекеновтың,  Жәкен  Сәрсенбин,  Даниял  Ысқақов,  Абдолла  Байтасов  сыни  еңбектерінің  мәні.

Жеке  творчестволарға  сын  жазу,  нақты  шығарманың  мән-маңызын,  қате-кемшілігін  көрсету  процесінің  басталуы – социологиялық-эстетикалық  сынның  марқаю  белгісі.  Қазақ  өлеңінің  мазмұнына,  өрнектік  жаңалығына  назар  аударылуы,  поэтикалық  шығармаларға  талаптың  артуы.  Әдебиет  сынындағы  хал-жағдайларды  сарапқа  салу,  бірыңғай  социологиялық  сынның  әдебиетке  әсерінің  аздығы  айтыла  бастауы,  творчество  адамының  қабілет-дарынын  даралау,  оқып-у-үйрену  мәселелері.

Көркемдік  құралдарын  молайту,  сөз  бояуларын  ажарландыру,  халыққа  түсінікті  шығарма  беру,  оның  эстетикалық  әсерін  күшейту,  дәстүр  мен  жаңашылдықтың  өнерпаздық  бірлігін  талап  ету,  образ  жасау  тәсілдеріне  жетілу,  оқып-үйрену  жолдарын  айқындау,  адам  психологиясының  өзгеруі, оған  заманның  әсері,  мәдени  өркендеудің  әдебиетке  жасаған  ықпалы  жайлы  сыншылық  ой-пікірлер.

Сыншылар  жасағаның  арнайы  білім  алған  жаңа  тобының  сынға  келуі,  жазған  мақалаларының  мәні.

Эстетикалық-социологиялық  сынның  өріс  алуы.  Есмағамбет  Ысмаилов  творчествосы.  Сын  жанрының  әралуан  формада  көрінуі.

Әдеби  мұраны  бағалау,  оны  зерттеу,  насихаттау – сыншылық  ойдың  өрісі  ғылыми  арнаға  бұратын  сала.  Пролеткультшылдықтың  қазақ  мәдениет  қайраткерлеріне  жасаған  әсері,  теріс  ықпалы.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:      

- 20 жылдардағы әдеби сынның бағыты қандай болды?

- ҚазАПП-тың құрылуының әдебиетке тигізген пайдасы болды ма?

- Ең бірінші болып кімдердің шығармалары сынға ілікті?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Байтұрсынов А. Шығармалар. А, 1989.
  2. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы,1966.
  3. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы, 1986.
  4. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Алматы, 1972-1980.
    1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998.
    2. Кәкішев Т. Сын сапары. — Алматы, 1971.
    3. Кәкішев Т. Оңаша отау. — Алматы, 1982.
    4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. — Алматы, 1996.
скачать работу


 Другие рефераты
История как предмет философского исследования
Сальвадор Дали и сюрреализм
Высшая математика, интегралы (шпаргалка)
Основные методы социологического опроса


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ