Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

ысқан  адамдардан  құралған  серіктестік  фермалар  береді  екен.

   Дүние  жүзі  мемлекеттерінің  тәжірибелері   көрсеткендей  экономикалық  мүддесінен қол  үзгені,  жерінен  айырылған   шаруа елді  тойдыра алмайды  және  ауыл  шаруашылығына  жұмсалған  қаржы  қандай  көлемде  болса да, құмға  сінген  су сияқты еш  жердем  тигізе  алмайды  және  саланы  ілгері  дамыта  алмайды.

   Нарықты  қатынастарға  көшкен  мемлекеттерде  агроөнеркәсіпті шаруашылығы  саласында  фермерлер , шаруа  қожалықтары,  кооперативтер , жалгерлер, акционерлік  қоғамдар т.б.  жұмыс  істейді. Осылардың  әрқайсына  қысқаша түсінік  берелік .

   Шаруа  қожалықтары- бұл  фермерлерге  ұқсас сияқты.  Фермер  ауыл шаруашылығының еркін  тауар өндірушісі  есебінде  көрінсе, шаруа қожалығы  бұрыннан-ақ  бізде  болған , өнім өндіріп  келген  кішігірім  құрылымдар. Сонымен,  шаруа қожалығы- өз еңбегімен  жұмыс  атқарып ,өнім өндіріп,

өзін-өзі  қаржыландыратын ,заңды, дербес шаруашылық.

   Шаруа  қожалықтардың  ерекшеліктері:

·        Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы  жүргізеді;

·        Жер мемлекеттік  актімен  бекітіліп берілгеннен  кейін ,оның  заңды иесі бола алады және  жұмыс  істейді;

·        Барлық  жағынан  заңды  түрде  мәртебе  алып,  өзінің  атынан  жергілікті  органдарда өз  шешімдерімен бекітіп,  шарт  жасасып отырады,  өзінің  мөрі , банкде шоты, кіріс,  шығыс  баланстары болады. Шаруа  қожалығы  басқа да ұйымдармен  қарым-қатынас жасайтын  өндіріс орны да болып  табылады;

·        Өндірген өніміне және  құрал  жабдықтарына,  тапқан табысына заңды  түрде  ие болып қожалық  жасайды, сөйтіп  алған дүние мүлкі  аткімен бекітіледі;

  Өз  жағдайларына , мамандандырылынғанына  қарай не өндіретіндерін, қалай  өндіретіндерін,  қандай  технологияны пайдаланатынын,  алған  өнімдерін  қайда, кімге  сататынын өздері  дербес шешеді. Ол өз кірісін ,табысын  өзі біліп , өзі билейді, өзі бөледі.  Әкімшілік  түрде ол  еш кімге  бағынышты емес. Сондықтан  оның  ішкі жұмысына ешкім  араласа алмайды. Олар мемлекеттік , кооперативтік , өздері  сияқты  шаруа  қожалығымен  қолма-қол   ақшалай, ақша   немесе  аудару  арқылы  қарым-қатынас  жасайды;

Өз  өндіріс  орнында  дербес  жұмыс  істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың  істеріне араласпайды;

Өндірілгген  өнімнің  70-80  пайыз  тауарлығы, яғни  сатылатындығы  болғандықтан, аның тауарлығының  жоғары екендігін  көрсетеді;

Шаруа қожалығының  негізгі мақсаты – шаруалардың  жанұя  мүшелерін азық -түлкпен  қамтамасыз  ету , сонымен  бірге ,  өндірген  өнімдерді  сату  арқылы  пайда  табу.

    1998 жылғы  наурыздың 31-де  “ Шаруа  қожалығы туралы  ”  Қазақстан Республикасының  заңы өмірге  келді. Бұл  заң  Қазақстан  Республикасында   шаруа  қожалықтарын  құрудың  және  олардың  жұмыс  істеуінің  құқықтық, ұйымдық және   экономикалық  негіздерін белгілейді.

   Енді ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын айтпай кетуге болмайды және оны келесідей қарастыратын боламыз.

 

   1.2     Ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  нарығы.

    Қазақстан  Республикасының  экономикасын  тұрақтандыру  және  нарыққа  көшу  бағдарламасы  бойынша, ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  нарығын  құру үшін   мемлекеттік  тапсырыстың  міндеттілігін  жою , оның орнына  экономикалық  жағынан  дербес  тауар  өндірушілер  құрамын  жасақтау ,  нарықтық  инфроқұрылымын  қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және  басқа  ұйымдармен  еріктілік  пен  өзара  тиімді  негіздегі  шарттық  қатынастарына көшу.

  Әкімшіл-әміршіл  басқару жүйесінің  қуатты тұтқасы  болып келген  директивалық мемлекеттік  тапсырыс индикативті  жоспарлауға  орын  беруі  тиіс. Бұл орайда  тапсырыс –ұсынысқа  және  шартқа  айналдырылуы  тиіс.

   Мемлекет  нарыққа  шыққанда  басқа да  сатып алушылармен  құқықтық  болуы  керек. Ол тауар  өндірушілерге  сатып алатын  өнім  көлемі мен  түр-түрі, сапасы, бағасы,  жеңілдіктері,  көтермелеу  шаралары  мен  басқа  да  шарттары  жайында  алдын –ала  хабарлайды.

  Нарыққа  көшкенде  Қазақстанның агроөнеркәсіп   кешенінің  аса маңызды  өзіндік ерекшеліктері  болды. Олар  мыналар:

  -Еліміз  бойынша  әсіресе  пайдаланылатын   жер  көлемі жөнінен  орташа  кәсіпорындар  басым  болып  отырғанда   негізінен  ірі  ауыл  шаруашылық  кәсіпорындарының  болуы.  Бұл,  өз кезегінде ,  жер  реформасын  жүзеге  асыру  және  өндіріс  құрал –жабдықтарына   меншікті  иелікке беру  формаларына  әсер етеді;

 - Қазақстан  агроөнеркәсіп  кешенінің шикізтқа бағытталуы  негізінен  алғанда  өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу  кезеңдерін  қамтитын , оның  салалары  арасындағы  сақталып  келе  жатқан  тепе-теңсіздікке  байланысты.     Ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  негізгі  бөлегі ұқсатылмаған  күйінде  басқа  аймақтарға  жіберіліп ,  республикада  құралған  таза  табыстың  дені  соларда  қалып  қояды;

 -  ауыл  шарушылығының  дәстүрлі  түрлері  бар, әлеуметтік  экономикалық дамуы  жағынан  артта  қалған  көптеген  аудандардың  болуы.

    Ауыл  шаруашылығы  экономикасындағы күрделі  проблемалардың  тағы  бір  түрі- сататын  және  сатып  алатын  тауарларға  бағанын  тепе-теңдігін  жасау.

   Бағаның тепе-теңдігі- бұл  қаламен  ауыл  аралықтарындағы  екі жақты  айырбас  кезіндегі  ауыл  шаруашылығы  мен  өнеркәсіптің  өнімдері  құндарының  ара  қатынасы.

   Тең  бағаны  жасау  қиындықтары  барлық  елдерде  жиі  кезесіп  отырады. Ол  ең алдымен   өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығындағы  ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл  шаруашылық  өндірісінде  өндіретін  өнімдер  маусымдық сипатта  болады, сондықтан   өнім бағалары  өзгеру  уақыты  бойынша  жалпы  баға  өзгерістерінен  қалып  отырады. Екіншіден,  фермерлер  өздеріне  керекті  өнімдерді  ірі  жеке   өнеркәсіп монополистерінен  сатып  алып  отырады,  ал  олар  болса  жоғары  бағаларды  ұсынады.  Мысалы,  астық  жинайтын  комбаиндар  Ресейде  екі жерде  ғана жасалады. Комбайндардың  бағалары  болса өте  қымбат.  Ал фермер, шаруа  өз  өнімдерін  көпшілікке  сатады,  сондықтан  жоғары  баға  сұрау  қиынға  түседі. Үшіншіден,  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  дүние  жүзілік  нарығындағы  бәсекелік  фермерлерге  тең  бағалы өнімдерді  ұстауға  үлкен  кедергі  жасайды.

  Осының  салдарынан  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығы   өнімдеріне  әр  уақытта “бағаның  қайшысы ”  пайда  болады.

  Баға  қайшысы-  бағаның  тепе-теңдігі  бұзылу  дәрежесі, яғни  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  мен  өнеркәсіп  өнімдерінің  бағаларының  өсу  қарқынының  айырмашылығы.

  Бағалар  тепе-теңдік  проблемаларын  нарықты  механизмдер  арқылы  шешу  өте  қиын,  сондықтан  көп елдердің  үкіметтері  бұл тепе-теңдіктерді  шешу  үшін  фермерлердің  өндірген  өнімдеріне  кеткен  шығындардың  біразын  өз  мойындарына

12345След.
скачать работу

Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ