Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

зингтердің ерекшеліктері  ең алдымен лизинг техникасының өтімділігінде дер едім. Егер транспорт немесе жылжымалы мүліктің өтімділігі жоғары болса, дефольт жағдайында компания өз өнімін қайтарып алып, қайталама нарықта қайта сата алады.

   Айта кету керек, лизинг жобасындағы техникалардың өтімділігі жоғары болған сайын оның бастапқы жарнасы да қомақты болады. Бұл – компанияның дефольт жағдайынан өзін-өзі сақтандыруы.       Енді   мемлекет  тарапынан  лизингтің  дамуына  қосып  жатқан  үлесі  жайлы  айтып  кетейін.  Мемлекеттің  жасап  жатқан  іс –шаралары  өте  ауқымды. Бұның  дәлелі  ретінде “ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы Қазақстанның Даму Банкініңеншілес ұйымы болып табылады және «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ жүйесіне кіретін компанияны  айтын  кетуге  болады. Компания Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстанның Даму Банкі ұсынған инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту мақсатында 2005 жылдың 6 қыркүйегінде құрылды.

    Өкімет басшылығымен   құрылған   компания қызметі – Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту үшін қажетті жағдайлар туғызу, жаңа өндіріс орындарын құру үшін инвестициялау саясатын қарқынды дамыту.

  Мақсаттары:

-  лизинг саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;

-  өңдеуші өнеркәсіпті, өндіруші және көлік инфрақұрылымын дамыту;

- ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мен орналастыру кезінде даму институттарымен өзара бірлесіп жұмыс істеу.

     Міндеттері:

-     инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді лизингілік қаржыландыру;

-  Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші секторын басқа қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру жолымен лизингілік қаржыландыруды ынталандыру;

-  ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін лизингілік қаржыландыру механизмін қолдану.

-   жабдықтардың жекелеген түрлерінің импортын қосылған құн салығынан босату.
    «ҚДБ- Лизингтегі» лизингілік қаржыландырудың негізгі шарттары:

-     Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары

-     Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін

-  Лизингінің пайыздық ставкасын жобаның тәуекелдік деңгейіне сәйкес белгілеу

-    Инвестициялық басымдықтарға сәйкес болу.

   Қалай  дегенмен,  лизингтік  қаржыландыру   біздің  еліміздің   ауылшаруашылығының “ локомативтерінің”  бірі .  Сондықтан,  лизингтік  қаржыландыруды   дамыту  біздің  міндетіміз.

 

 

2.3.               Ауыл  шаруашылығын несиелеу  жүйесі.

     Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды талап етеді.

   Аграрлық бизнестің шағын субъектілерін кең көлемде қамту және ресурстық базаны кеңейту үшін банк жүйесінің немесе басқа да ортадағы делдалдық ұйымдардың (микронесие берушілер, несиелік серіктестіктер, т.б.) ауылдық несие кооперативтерімен бірлесе әрекет етуі қажет деп ойлаймын.. Бұл кооператив пайшыларының жәрдем беру жауапкершілігі негізінде несиеге берілетін қаражатқа шағын және орта кәсіпкерлік пен қосалқы шаруашылық субъектілерінің қолын жеткізуге жол ашады. Яғни жеке-жеке несие алуға мүмкіндігі жоқ шағын кәсіпкер өзі секілді өзгелермен бірлесіп, қолдарындағы дүниесін қосып, кепілдікке қойып, несие алады да, алынған несиені әркім өз қосқан үлесіне байланысты бөлісетін болады. Яғни бұлар кооператив пайшылары болып есептеліп, бірлесе әрекет ету арқылы қолы қысқа өнім өндірушілердің несиеге қаржы алуына жол ашады.
    Несие кооперативтерін басқарудың демократиялық формасы, кооператив мүшелерінің жұмысы нәтижесі үшін бір-біріне жәрдем беру жауапкершілігін жете сезінуі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қаржы жағдайын жақсартудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оған экономикалық және құқықтық жағдайдың әлі де болса дайын еместігіне қарамастан, несие кооперативі жүйесін кезең-кезеңімен жүзеге асыруға болады. Ол үшін ауыл тұрғындары сұраныстарына толық жауап бере алатын «Несие кооперативтері туралы» Заң жобасын дайындау қажет.

     Ал бүгінгі орын алып отырған банк несиелеріне қол жеткізудің күрделілігі жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемде дамуы теориялық жағынан да, практикалық тұрғыда да мүмкін емес. Менің ойымша, жалпы, несие беруде қазіргі таңдалып алынған схема ауыл шаруашылығын дамыту операцияларын жүргізудің заманауи талаптарына жауап бере алмайды. Бұл схема, әсіресе, дәл бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мәселе бойынша, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетуге ұмтылуға бет бұрған кезде өзін ақтамайды. Шығыс Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығын реформалау кезіндегі тәжірибесін еске алудың өзі жетіп жатыр. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдерінен айырмашылығымыз, бізде күні бүгінге дейін республика аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің күшті және белсенді саясаты қажет екендігін ҚР Үкіметі түсінбей келеді. Ауыл шаруашылығы халықаралық қаржы құрылымдарының айтуымен мемлекеттің монетарлық саясатының нысаны күйінде қалып отыр. Осылай отандық ауыл шаруашылығының несие және инвестиция тартуға тартымдылығын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Бұл проблеманы шешуді мемлекеттің белсенді түрде араласуынсыз бірде-бір ел шеше алмаған. Мемлекеттің аграрлық секторға несие-қаржы механизмі арқылы қолдау көрсетуге ұмтылысында жүйелілік сипаттың жоқ болып тұрғаны да сол себепті. Өйткені оның көптеген элементтері заң жүзінде бекітілмеген, сондықтан да тауар өндірушілер үшін ол болашақтың айқын бағдары бола алмайды.. Сонымен қатар қолдау шаралары мемлекеттік реттеудің басқа формаларынан тыс та (мысалы, монополияға қарсы) қолданылады. Оларды қолдану нәтижесінің негізгі пайдасы көбіне ауыл емес, сонымен аралас монополияландырылған салаларға (минералдық тыңайтқыштарға дотация, тауарлық несие, т.б.) тиіп жатады. Яғни тиімсіз болып отырған қолдау көрсету формасының өзі емес, оны басқа да проблемалар шешімін таппай тұрған жағдайда жүзеге асыру әдісі. Бұдан келіп шығатын түйін – Қазақстан Республикасында бірінші кезекте «Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу туралы» Заң қабылдау керек.
   Әлемнің дамыған мемлекеттерінде халықты азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз ету және фермерлердің табысты болуына қолдау көрсету мәселелерін шешу мақсатында олардың үкіметі ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға жәрдем бере отырып, жанды көмек көрсетеді. Еуропалық Одаққа біріккен Батыс Еуропа елдерінде ауыл шаруашылығына қауымдастық бюджетінің 65% жұмсалып, оны басқару ауыл шаруашылығының өнімділігін көбейтуге, рыноктарды тұрақтандыруға бағытталып, орталықтандырылған.
    Енді статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, фермерлер табысындағы мемлекеттік көмек үлесі Австралияда – 15, АҚШ-та – 30, Канадада – 45, Австрияда – 52, Швецияда – 59, Жапонияда – 66, Финляндияда – 71, Норвегияда – 77, Швейцарияда – 80 пайыз екен. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекет бюджетінің шығыны 2002 жылы 28 770 миллион теңгені құрапты. Немесе ол жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде 5,1 пайызды құраған. Агроөнеркәсіп секторының нарықтық қатынастарға өтуі институттық ұйымдар құруды қажет етеді. Институттық ұйымдардың дамуы мен өркендеуі әр елде әр түрлі болғанымен, оның ауыл шаруашылығын қаржыландыру-несие беруде мемлекеттік реттеуді құрылымдауы, қызмет көрсетуі және басты бағыттары бірдей. Олардың жұмыстарының негізгі бағыттары – агроөнеркәсіптік секторын қаржыландыру-несие беру жүйесі, ішкі ауыл шаруашылығы рыногын, ауыл шаруашылығындағы өндірістік-құрылымдық қайта құрылуды реттеу.

   Ауыл шаруашылығын және оған қызмет көрсету саласын дамыту проблемасын шешу үшін әлемдік тәжірибе мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің даму ерекшеліктерін назарға ала отырып, мемлекеттік реттеу және өзін-өзі реттеу, ынталандыру негізінде несие-қаржы механизмін құрған жөн. Республикалық бюджеттің ғана емес, экономиканың тұтастай балансына бағытталған қаржы тұжырымдамасын жасап, жүзеге асыратын да уақыт жетті. Ауыл шаруашылығы ел экономикасы жүйесінде қарастырылуы тиіс. Агроөнеркәсіп кешені экономиканың барлық саласы тоғысатын алып жүйе. Еліміз азаматтарының қауіпсіздігі де, жақсы тұрмыс кешуі де ауыл шаруашылығының дамуына байланысты. Сондықтан да «Ауыл шаруашылығын 2006-2016 жж. дамыту туралы» Заңды жасау да уақыттың талабына сай келіп тұрған секілді. Ол заң бір жағынан, рыноктың жетілмей жатқан тұсын, екінші жағынан, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің жетілмей жатқан жағын өтеп, сонысымен ел экономикасындағы аграрлық секторды қаржыландыру және басқарудың тиімділігін қамтамасыз етер еді.

12345След.
скачать работу

Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ