Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

бас).

   Мал өнімдерін өндіру мен мал басының өсу динамикасы үстіміздегі жылы да сақталды.

   2-сурет.

   

         МІҚ өсу динамикасы.

 

Нарықтық экономикаға тән жағдайлардың бірі – бұл инфляция құбылысы. Соған байланысты 2007 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 4,3%-ға жоғарылады. Ағымдағы жылдың маусымында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,9%-ға , мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы – 1%-ға өсті. Бидай -7,6%-ға, жүгері- 5,8 %-ға, арпа- 5,1 %-ға, күріш – 4,8%-ға, сұлы -2,6%-ға, қарақұмық -1,8%-ға, тары бағасының  -1,3%ға өсуінен дәнді дақылдарға баға өсімі – 7,2% құрады.

   Жеміс-көкөністерден бағасының ең жоғарғы өсімі қиярға – 31,2% және қызанаққа – 25,2%, қырыққабат – 8,3%, қызылшаға – 5,1%, сәбізге – 1,1% тіркелген. Картопқа баға өсімі – 10%, жидекке – 1,3%, күнбағыс тұқымдарына – 1,2 % құраған.

   Мал шаруашылығы өнімдерінен ағымдағы жылдың маусымында 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мал еті – 4,9%-ға , құс еті – 2,5%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасы - 14%-ға, сүт бағасы – 1,6%ға арзандады.

 

 

 1-кесте.

       Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының динамикасы

 

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасының индексі отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өндірген және әртүрлі арналар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өзгеруін сипаттайды. Байқау барлық меншік нысандарының ауыл шаруашылығы құрылымының іріктеу шеңбері бойынша жүргізіледі.Өткізу бағасына өосымша құн салығының есебінсіз тасымалдау, жабдықтау, өнімдерді тиеу және түсіру бойынша шығыстар кіреді.

  
 2.2  Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат

   Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.

   Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санайды. Бірақ, Нобель сыйлығының лауреаты  Дж. Стиглердің мемлекеттік реттеу жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді. Бұл құбылыстар нарықтық қатынастағы Қазақстанның аграрлық секторына да тән.

Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.

Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдікті  сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын реттеуге жағдай жасалынады.

Мемлекеттік салық саясатында ауыл шауашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек. Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.

Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілер мен форвардты, фъючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілералдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар – бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар – белгілі бір көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату – бұл пайызсыз несие алумен қатар, ауыл шаруашылық бағалы қағаздар нарығын құруға, тұрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфлияциялық процестердің төмендеуіне мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.

   Қазіргі  қиын  нарық  жағдайында  әртүрлі  ауыл  шаруашылық     субектілеріне  техника иемдену  басты  проблема  болып  тұр.  Осы  қиыншылықтан  шығудың  бірден  бір  жолы  лизингтік  қаржыландыру. Мен   Қазақстан  жағдайындағы  лизинг  туралы   бірнеше  мәселені  талдап  көрейін. Лизингтік қаржыландырудың   банктік несие жүйелерінен айырмашылығы бар ма?, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың, содан кейін лизингтік қаржыландырумен қол жеткен техникаларды сақтандыру жүйесінің қазіргі пәрмені қандай? деген  сияқты  бірнеше сұрақ  туындайды.  Мен  осы  секілді  бірнеше  сұраққа  жауап  беріп  көрейін.

    Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Бұл бірқатар компанияларда сыннан өтіп үлгерді. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі арқылы жабудың теориялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бірақ сақтандырудың бұл түрі әлі сұранысқа ие болған жоқ.

      Әрине  шаруалар  үшін  лизингтің   ең  қызықты  жағы  ол –пайыздық  өсім. Алдағы уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі төмендету мәселесі  тағы  туындап  отыр, Енді осыған  тоқталып  кететін  болсақ:  Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін. Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы 3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі. Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2 жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың қазіргі мүмкіндіктері  туралы  тоқталып  кетейін. 2004 жылы елге лизингтік қаржыландыру арқылы жеткізілетін бірқатар техникалар Үкімет қаулысымен қосымша құн салығынан босатылған. Кейбір лизинг компаниялары ауылда, жеке меншігінде 5 гектардан 500 гектарға дейін жері бар кәсіпкер-шаруаларды құны 5-50 мың АҚШ доллары тұратын ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг арқылы несиелендіруді бастады. Енді ауылдағы кәсіпкерлер лизингтік жобамен қаржыландырылған лизинг мүлігін кепілге қойып, оның бастапқы жарнасын төлеп, қажетті техникаға ие бола алады.

   Ресей, Өзбекстандағыдай өнім арқылы лизингтік несиемен есеп айырысу үрдісі бізге әлі енгізіле қойған жоқ. Бір айта кетер жайт – лизингтік несиеге қол қойған шаруа банктердегідей ай сайын емес, жылына бір рет, өзіне қолайлы мерзімде есеп айырыса алады. Банктер ауыл шаруашылығы үшін консервативті жүйе болса, лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау. Банктік несие мен лизингтік несие арасындағы бәсеке Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Меніңше, ерте ме, кеш пе, банктер лизинг компанияларын дербес құрылым ретінде «жеке отау» етіп бөлек шығарады. Өйткені лизинг жүргізуге арнай рұқсаты бар кейбір екінші деңгейдегі банктер әрбір жоба үшін лицензиялап отыруы қажет. Ал бұл міндет лизинг компаниясының тікелей құзырында болғандықтан, лицензияның қажеті жоқ, лизинг алу үшін компания көмегіне жүгінген кәсіпкер қалтасынан қосымша шығын шығармайды. Бұл – екі жақ үшін де уақыт та, қаржы да үнемделеді деген сөз.

     Салалық ли

12345След.
скачать работу

Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ