Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ахмет Жұбанов

көзі ашық кісілер болыпты. Арабша, парсыша, түрік­ше білетін, усул жадид жолын қуған Оспан ишан деген молда ұстап, балаларына тарих, математика, жағрапиядан мәлімет бергізіпті. Оны да місе тұтпай, жақын маңайға кеп жайғасқан орыс, немістердің тілдерін үйреніп, олардың көрер көзге таңсық тіршілігіне біртіндеп қаныға бастапты.

 

1913 жылы Темір уезіне тиесілі екі орыс мектебінің біреуін өз ауылына сұрап алып, Сатыбалды дейтін қайратты жігітке шымнан кірпіш ойдырып, үй қалатып, екі жылдық мұғалімдік оқу тауысқан Хұсайын Ашығалиев дейтін ұстазды шақырып, Қосуақтамда “Уркачевское однокласное русско-киргизское училище” деген оқу орнын аштырыпты. Ол еңбектері ақталып, Қуанның 1899 жылы туған тұла бойы тұңғышы Құдайберген әп дегеннен зерек­тігімен көзге түседі. Қосуақтамдағы, Електегі, Уфадағы орысша-мұсылманша оқу атаулының бәрін мерзімінен бұрын үздік бітіріп, сүзектен дүние салған Қуан мен інісі Тәкеннен қалған екі үйлі жанды асыраймын деп ауылға келеді. Әлеуметтік іске араласып, әуелі Жұрындағы уезд, Ақтөбедегі губерния, сосын Қызылордадағы республика орталықтарына қызметке шақырылады. Жұмысбасты жүрсе де, қиян түкпірде жатып, өз бетімен оқып, бірден емтихан тапсырып, Ленинградтағы А.С.Енукидзе атындағы Шығыс тілдері институтының дипломын алып, аспиран­тураға шақырылады. Сол тұстағы шығыстанушы ғалымдардан дәріс алып, көп ұзамай Н.Я.Марр, С.Е.Малов, И.И.Мещаннинов, В.А.Богородицкий, Е.Д.Поливанов сынды әйгілі яфетолог, түркітанушы оқымыстылардың санатына өзі де қосылады.

 

Күллі қазақ ағарту майданының жаңа шамшырағына айналған Құдайберген Қуан­­ұлының шарапатты жарығынан 1906 жылы туған інісі Ахмет те құр қалмайды. Бес жасынан бастап қазақша әріп танып, өлең, тақпақ жаттайды. Ағасымен жолдас Жиенғали Тілепбергенов, Абдолла Беркінов сынды оқығандардың, ауыл аралап жүрген Науаш, Жұмабек, Тоғыс, Барлыбай сынды жыршылардың әңгіме-хиссаларын тыңдайды. Аймаққа аян қарт домбырашы Талым, нағашысы Әлдеберген, жездесі Ырзағұлдар тартқан күйлерге құлақ түреді. Оның үстіне Қосуақтамдағы мектепті басқарған Құсайын Ашығалиев та домбыра, гитара, скрипка, мандолинада бірдей ойнап, нота білетін өнерпаз кісі болып шығады. Ол кішкентай Ахметті көрер көзге саз өнеріне баулып, аспаптарға үйретіп, ән салғызады. 1916 жылы Ахмет ауыл мектебін тауысып, Жұрындағы екі кластық мектепке түсіп, бітіреді. 1919 жылы әкесі өлген соң, ағасына болысып, жұмысқа кіріседі. Бірақ, музыкадан қол үзбейді. Мәскеуден нота оқулығын алдырып, мандолина ойнауға жетіледі. 1927-1928 жылдары Темірде, Ақтөбеде мұғалім болып жүріп, орыс халық оркестріне қатысады. 1929 жылы аспирантураға бара жатқан Құдайберген талабы таудай інісін Ленинградқа ертіп әкетеді. Әуелі музыка техникумында А.А.Этигонның скрипка, кейін консерваторияда Ф.А.Неманның гобой класында оқиды. 1930 жылы Ленинградтың “Рабочий и театр” журналында тұңғыш мақаласын жариялатқан А.Жұбанов 1932 жылы Ленинград консерваториясының тарих-теория факультетін бітіріп, өнертану академиясына аспирант болып кетеді. “Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан”,— деп Абай айтқан қағиданы бұлжымас заң еткен жас музыкант ұлттық саз өнерінің қай жыртығына да жамау болуға пейіл тұрады.

 

Арманшыл жастың өз айтуынша, “мамандық таңдауда ат басын ақырғы көмбеге тіреуі А.В.Затаевич есімімен тығыз байланысты” еді. Ол 1928 жылы Ақтөбеге бір айлық курсқа барады. Кинотеатрлардың бірінде экрандағы мылқау фильмді скрип­камен әуездеп отырған бейтаныс кісіні көреді. Ертесіне оның пәтеріне іздеп бара­ды. Сөйтсе ол Варшава консерваториясын бітірген соң, тағдыр айдап, Ақтөбеге келіп, әлгіндей кәсіппен күн көріп жүр екен. Жас курсанттың музыкаға әуестігін губерниялық оқу бөлімінің бастығы Решетняк та байқап қалады. Ол Ахметке А.В.Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әні” кітабын сыйлайды.Оның мазмұнымен толығырақ танысқысы келген Ахмет оны баяғы таныс скрипкашысына апарып көрсетеді. Таң қаларлығы, ол А.В.Затаевичті Варшава консерваториясынан біледі екен. Мынау еңбекке қатты таңғалып, ондағы бір-екі шығарманы сол арада сольфеджиоға түсіреді. Затаевич жинаған бірнеше әнді ойнап береді. Скрипкадан, музыка теориясынан, сольфеджиодан сабақ алу үшін Ақтөбеге көшіп келуге кеңес етеді. Ахмет татар махалласындағы қазақ мектебіне мұғалім болып орналасады. Таныс скрипкашы П.Чернюкке ай сайын 8 сом төлеп, сабақ алады. Сол күндері-ақ ол А.В.Затаевич жүрген жолмен жүруге бел байлайды. Бұл шешімі консерваторияда оқып жүргенде одан сайын бекемдене түседі.

 

1931 жылы маусымда Ленинградтан келе жатып, Мәскеудегі қазақ өкілдігіне тоқтайды. Солардан адрес алып, әйгілі ғалымның пәтеріне іздеп барады. Өзі үйде жоқ екен. “Әйелі тұрмыстарының қиындығын, бөлмелерінің тарлығын, Александр Викторовичтің денсаулығының онша еместігін айтып шағына бастайды”. Бөлме жиһаздары, шынында да, Александр Викторовичтің “шықпа, жаным, шықпалап” өмір сүріп жатқандығын байқатады. “Сыңайына қарағанда прокатқа алынған ескі рояль, лақсасы шыққан диваннан өзге іліп алар ештеңе жоқ екен”. Шешесінің әңгімесіне араласпай, шеттеу отырған бойжеткен Ольганы көрген Ахмет, жұртқа айтқызсаң, ән-күйге құмар “әңгүдіктеу ауылдың әңгүдік баласы” екендігі есіне түсіп, ескі рояльге отырып, салдырып желіп келе жатқан салт аттыны бейнелейтін “Екі жирен” әнін орындап отырған кезде “үстінде түсі оңған сұр кителі, сол түстес жартылай галифесі, аяғынан тастамайтын етігі бар” Затаевич кіріп келеді. Бейтаныс жігітпен құшақтасып, Ақтөбе губерниясының әндерін жазып алуға бара жатқанын, КСРО Ғылым академиясының жаңадан жазу мұрағаты берген фонографтың отыз ұршығымен бірге Қазан вокзалының жүк сақтайтын ұяшығында жатқанын естіп, балаша қуанады. Жас зерттеушіге халық арасындағы шығармаларды қалай жинап, қалай жазып алудың шарттары мен жолдарын үйретеді. “Әсіресе, орындау­шыларға өз дауыстарын қайта естірткенде, олар қызығып, өз репертуарларындағы барды түбіне дейін сарқып беретінін” түсіндіреді. Әрине, мұндай кеңестер Ахметке “халық әндерін жазу кездерінде көмегін тигізгені сөзсіз”.

 

1933 жылдың ақпан айында Қазақ үкіметі алғашқы музыка техникумын ашып, оның жұмысын жолға қоюға Ленинградта оқып жүрген Ахметті шақыртады. Бір жылға демалыс алып келген аспирант біржолата Алматыда қалып қояды. Техникум жаны­нан халық музыкасын зерттейтін кабинет ашылды. Кабинеттің жанынан халықтың музыка аспаптарын қайта жасау, жаңарту, жетілдіру жөніндегі шеберхана ұйымдас­тырылды. Онда бұрын да домбыра жасап жүрген Қамар Қасымұлы мен скрипка жасап жүрген шеберлер Борис және Маниул Романенколар іске кірісті. Алғашқы жасағандары Арқаның қысқа мойын қалақ бас, батыстың ұзын сапты қозы құйрық альт домбыралары болды. Оларға қолдан иірілген қой ішегі емес, дәрігерлер пайдаланатын иірген тарамыс тағылды. Ол қатты бұрауға, дыбыстың күшті шығуына қолайлы еді. Қосарлап сым ішек таққан прима домбыралар да жасалды.Техникум оқушылары мен Оралдан шақыртылған әйгілі күйші Лұқпан Мұхитов бастаған он бір кісіден ансамбль құрылды. Ол кейін он жеті кісіге жетті. Бірігіп ойнауға айлап машықтанып жүргенімен, көпшілік алдына шығуға асыға қоймады. Сөйтіп, 1934 жылғы маусым айы да жетті. Алматының Дзержинский көшесіндегі Қазақ драма театрының іші-сыртына құжынаған халық қаптап кетті. Дәл бірінші маусым күні кешкі сағат сегізде Бірінші Бүкілқазақстандық халық өнері қайраткерлерінің слеті ашылды. Қазылар алқасында Мәскеуден жеті тәулік жол жүріп, пойыздан ауырып түскен А.В.Затаевич те отырды. Ол бұрынғы Гоголь мен Ленин көшелерінің қиылысындағы, бір кезде Троцкий тұрған, “Жетісу” мейманханасынан әзірленген бөлмесіне тек тұмсығын сұғып, дереу абыр-сабыр болып жатқан театрға тартты. Шартараптан келген сан алуан өнерпаздарды көз айырмай қадағалап бақты. Нота дәптерін тізесінің үстіне қойып, бұрын естімеген шығармаларын жан ұшыра жазып алып жатты. Үзілісте өнерпаздарға барып жолық­ты. Естіп-көргендеріне таңдайын қағып, үсті-үстіне қайран қалумен болды. Жұрттың бәріне ұзақ қол соғып, ауызы жалпылдап сөйлеп, оң-солына тістерін ақсита күліп, масаттанып қояды. Слеттің ақырғы күні тіптен есі шығып кете жаздады. Сахнаға ойда жоқ жерден домбырашылар ансамблі шықты. “Айжан қыз” бен “Кеңес” күйін, “Дударай” әні мен “Келіншек” биін құйқылжыта орындады. Затаевич жанарына лық ете қалған ыстық жасты жасыра алмай, иықтасып қатар отырған Ахмет Жұбановты айқара құшақтап, ернінен қадала ұзақ сүйді. Өзінің көптен күткен арманына жақсы көретін шәкірті жеткеніне төбесі көкке тигендей қуанып, Қазнаркомпросқа “халық музыкасын насихаттау үшін әлгі ансамбльді негізге ала отырып, қазақ музыканттар тобының турнесін құруды” ұсынды. Сол күнгі кешкі жиын әйгілі ғалымды ұлықтаған мүшелтойға ұласты. Ол өз ғұмырын арнаған қазақ өнеріне деген ыстық сүйіс­пеншілігі мен еңбегін бағалаған ақпейіл халыққа деген шексіз ризашылығын ағыл-тегіл ақтарып бақты.

 

Аталмыш байқау қазақ музыкасындағы жаңа кезеңді бастап берді. Бұрын әлемет әншілігімен аты шыққан далалықтар енді жұртты ерен күйшілігімен таңғалдырды. Мұны теория жүзінде алғаш дәлелдеген Құдайберген Жұбанов еді. “Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы” деген еңбегінде ол: “Қазақта ән мен күйдің екі басқа болушылығының өзі халық музыкасының жетіскен сатыда тұратындығын көрсетеді. Өйткені, бұлар әуелден айырылып туған емес, ән мен күй әуелде бір болып, бара-бара бірінен бірі айырылып, вокал музыка, инструментал музыка болып, егізделіп шыққан. Халық музыкасының көпшілігі мұндай екі айры­луды әлі күнге дейін білмейді. Музыкалық шығармаларының барлығы да тек әндер ғана болып, күй сияқты жанрды атымен білмейтін елдер де бар; немесе ән мен музыка аспаптарын қоса отырып, бір жағынан биді де араластыратын, музыкасы синкретизм деңгейінен асып болмаған бірқатар елдер және бар&

12345След.
скачать работу

Ахмет Жұбанов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ