Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ахмет Жұбанов

арқылы өсе алады. Әйтпесе, біреудікін тарпа бас салып малданғаннан төл өнер өрбімейді, қайта көшірме өнерге айналып, өз ғұмырын өзі қысқартады деп санады.Ағасы Құдайберген айтқандай, бір кездегі синкретті өнер тарамданып жіктелу арқылы кәсібиленсе, Ахмет ондай кәсібиленген саз өнерінің әуен алуандығы мен әуез байлығына – симфонизм мен полифонизмге ұмтылмай тұра алмайтындығын жақсы түсінді. Содан туындаған жаңартуларды жатсынғандар мен оларды жәй әшейін бос ермек санап менсінбегендер де табылды. Кәрі буын күйшілер, мәселен, Дина Нұрпейісова, ішекті жаңартуға қарсы шықты. Өле-өлгенше өз домбырасына қой ішегін тағып өтті. Бірақ, бір аспаппен шектелмей, көп аспаптан тұратын оркестрді ешқашан жатсынған емес. Өйткені, бір кезде А.В.Затаевич: “Домбыраны тыңдағанда, оның үнін жақыннан естіліп отырған әлсіз дыбыс деп емес, оны алыстан шығып жатқан ұлы дүрсілдің талықсып жетіп отырған тамаша әуені деп түсіну керек”,—деп еді. Ахмет Жұбанов оны ойдағыдай жүзеге асырудың бірден бір жолы қазақ күйлерін оркестрге түсіру деп есептеді. Оның пайымдауынша, “оркестр әлгіндей замана арманын шындыққа ай­налдырады. Қазақтың күйлерін семіртіп, кеңейтіп, өрістетіп, шалқытып жібереді”. Бұл ақиқатты өз айтқанынан басқаға көп көне бермейтін қиқар Дина да мойын­дады.

 

Ол турасында А.Жұбанов: “Оркестрге “Әсем қоңырды” түсіріп, ұлы ананы шақырып алып келіп тыңдатқанда, ол алабұртып отыра алмады. Күй аяқталған кезде тек маған қарап: “Ой, шайтан бала-ай!”— деп, бетімнен сүйді. Жеке орындағанда “Әсем қоңырды” ешкім де Динаның өз орындауындағыдай шығара алмайды. Ол мұны біледі. Бірақ, мына оркестрдің орындауында күйдің шоқтығы өсіп, үлкейтілген фотодай, бұрын елене бермейтін “бұдырларының” бәрі айқындалғанын қарт суреткер сезе қойды”,— деп жазады. Бұрын ішекті, пернені, бұрауды өзгертуге, жаңа аспаптар қосуға сескене қараған төл музыканттар ол райларынан тез қайтты.

 

Алайда Ахмет Жұбановтың мұншама “оркестр құмарлығына” “артық романтика” деп қараған, көбіне-көп, еуропалық білім алған сауатты әріптестері болды. Олар халықтың ежелгі саздары алдындағы парыз оларды нотаға көшіріп, сольфеджиолап, фортепьяно, скрипка, виолончель, баян, аккордеон сияқты еуропалық аспаптар мен симфониялық оркестрге түсіріп, дыбыстық бейнелеумен, қуаттандырумен, немесе жаңаша аранжировка жасап, осы заманғы кең таралған жанрларда жазылатын жаңа шығармаларда молынан пайдаланумен бітіруге болады”,— деп санады. Ахмет Жұбанов мұндай жүрдім-бардым көзқараспен мүлдем келіспеді. Ұлт аспаптарын жетілдіру арқылы еуропалық симфонизм мен полифонизмге жақындай түсу бағытын ұстанды. Бір кезде Абай ауылдарында сым ішек тағылған домбыралар болғанына сүйеніп, тұсында “Темірбековтің домбырасы” аталған прима-домбыралар барған сайын жаңартылды. Әуелде сол ұғыммен қолданысқа енген бас домбыра (1953), контрабас домбыра (1936), бас қобыз(1936), контрабас қобыз (1957), дауылпаз (1936), келе-келе оркестрмен біте қайнасып кетті. Таза еуропалық аспаптар саналып келген көптеген шекті, үрмелі, ыспалы, соқпалы, дабылдамалы аспаптардың ежелгі шығыстық, тіпті түркілік баламалары табылды. Бұл ұлттық оркестрдің үнін байытып, дауысын зорайта түсуге даусыз негіз жасады. Бір кезде Ахмет Жұбанов бастап берген бұл бастаманы кейін сәл нәрсеге ескішілдік деп дүрсе қоя беретін дүмшелік біраз әлсіреген тұста Болат Сарыбаев, Нұрғиса Тілендиев, Өзбекәлі Жәнібековтер жемісті жалғастырды. Сондай-ақ тренола қағысын домбыраға, тиекті аспаптар квартетінің ойнау қағи­даттарын қобызға қолданып, оркестрдің репертуарына орыстың, Батыс Еуропа классиктерінің, кеңес композиторларының шығармаларын енгізу арқасында оркес­трдің орындаушылық деңгейі жоғарылай түсті. Әлденеше декадаларға, халықара­лық, бүкілодақтық фестивальдерге қатысу, Кеңес Одағын, шетелдерді аралап, гастроль сапарларына шығу нәтижесінде оркестр өзінің жемісті жолда келе жатқан­дығын, қазақ халқының аспапты музыка мәдениетінің бірден бір мұрагері өзі екенін танытты”,—дейді академик ғалым.

 

Біздің айтарымыз, осындай тамаша өнер ұжымын ұйымдастырып, жетілдіру арқылы Ахмет Жұбанов ұлттық музыка өнерінің тарих талап етіп отырған қайта құрылуы мен жаңаша дамуының заманалық аса күрделі үдерістерін ойдағыдай өрістетудің бірден бір мұрындығы және ең бас қолбасшысы болды.1933 жылы Алматыда музыка-драма техникумын ашып, негізінен ұлттық оркестр мен му­зыкалы драма театрына мамандар даярлауды қолға алған, 1944 жылғы тұңғыш жоғары өнер оқу орны — Алматы консерваториясын ұйымдастырып, көп салалы және көп жанрлы кәсіби өнерді дамытуға қажетті мамандар әзірлеуге кірісті. Бұл бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі әлемге аты әйгілі орын­даушыларды көп түлеткен беделді жоғары мектепке айналып отыр. Аса ірі ұйым­дастырушы және педагог А.Жұбанов тек орындаушы мамандар әзірлеумен қанағаттанбай, ұлттық өнерді жаңаша дамытатын шығармашыл күштерді тәрбиелеуге де ерекше мән берді. Ол 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағының тұңғыш төрағасы болып сайланып, оны ондаған жылдар бойы үздіксіз басқарды. Алматы консерваториясы жанынан композиторлық бөлім ашып, М.Төлебаев, Қ.Қожамьяров, Е.Рахмадиев, Н.Тілендиев, Қ.Мусин, С.Мұ­хамеджанов, М.Қойшыбаев, Н.Меңдіғалиев, М.Маңғытаев, К.Күмісбеков, Б.Баяхунов, Ш.Қалдаяқов, М.Сағатов сынды айқын дара талант иелерін өсіріп шығарды.

 

Ол дарынды жастарды іздеп табуға аса ықыласты еді. Бір кезде ол Екінші Алматы вокзалынан қала орталығындағы үйіне жаяу қайтып келе жатады. Кенет әлдеқайдан құйқылжыта шертілген домбыра үнін естиді. Кілт тоқтай қалып, төңірегіне қарайды. Тұсындағы аулаға кіріп, маңайына құлақ тосады. Төбесіне маялап пішен үйген тәпене үйдің төбесінде бір қиық құлақ қара бала тыр жалаңаш кеудесін күнге тосып, бір аяғын бір аяғының үстіне шалғыластырып қойып, шалқасынан түсіп, қара домбыраны безілдетіп жатқанын көреді. Кәнігі ұстаз күй біткенше дыбысын шығармай, тыңдап тұрады. Бала күйін бітіріп, енді қырылдақ дауыспен күжілдетіп ән бастай жөнелгенде, жөткірініп дыбыс береді. Сақ құлақ бала шошаң еткізіп, басын көтеріп алады. Ирелеңдеген ұзын мойыны сорайып, бұлтыңдаған жұтқыншағы күдірейіп, қалқайған құлағы тікірейіп, бейтаныс кісіге сығырая қарап алады. Сосын кенет тісін ақситып: “Ассалаумағалейкум, Ахмет көке!”— деп, екі қолын бірдей созып төбеден қарғып түседі. Сөйтіп, ешқандай теңдесі жоқ шексіз талантты шәкірті айтулы ұстаздың қолына ілігеді. Ахаң өле-өлгенше: “Нұрғисаның тұла бойын түгел құрсап тұрған ақ сайтаны бар. Егер оның анау қураған сексеуілдің бұтақтарындай сояу-сояу саусақтарын бір жендет айбалтамен қырқып жіберсе, ол шырпыдай шашылып жерге түспес еді. Әуеге ілініп, өздерімен өздері әлдебір құйқылжыған ырғаққа басып, билеп кетер еді”,— дейтін. Шын таланттың шын талантқа шындап масаттанғаны осындай-ақ болар!

 

Жеткіншектеріне осынша қайырымды естияр ұстаз замандас әріптестеріне де соншалық үйірімді болыпты. Тілінің күйдіргісі де, күлдіргісі де мол Ахаңның өз қалжыңымен халық арасында “екі кекеш, бір соқыр, бір кемпір, бір шалдың одағы” атандырылып жіберілген композиторлар ұйымы әп дегеннен жаңаша қалыптасып жатқан қазақ өнерінің дамуына белсене ат салысты. Музыка тарихы мен теориясына жетік, шебер ұйымдастырушы, тумысынан дирижер, тамаша педагог кешегі көк майса тау баурайында көк шолақ тұғырымен “әйтшулеп”, қой баққан Кенен ақсақалдың да, Нарын құмында көзін ашар-ашпаста Құрманғазыдан бата алып, өзінен басқа неме жоқ деп кеуде керіп қалған адуын Дина әжейдің де, Еуропаның ең атақты мектептерінде тәрбиеленген үздік музыкант атанып, шамалыға пысқыра қоймайтын Евгений Григорьевич Брусиловскийдің де тілін таба білген Ахаңа табиғатынан жібек орамалдай есіліп тұрған жұмсақ мінезді Латиф Хамидимен майлы қасықтай араласып кету онша қиынға түспесе керек. Ол сонау отызыншы жылдары Қазақстанға келген Л.Шаргородский, С.Шабельский, В.Великанов, А.Надиров, А.Зильбер. Б.Ерзакович, В.Коцыктарды жаңа көтеріліп келе жатқан ұлттық музыка шаңырағының уығын қадасуға шақыра білді. Ахаң соғыс жылдарында Қазақстанға келіп уақытша пана тапқан С.Прокофьев, Э.Гилельс, Р.Л.Тамаркина, Г.Гинзбург, Л.Александровская, В.Пиродов, И.Лесман, З.Пикайзен, А.Островский, А.С.Алексеев, П.Гурьевич, Р.Михайлов, Ю.Бирюков, С.Туликов, М.Скорульский, З.Компанеец, Н.Финдейзен сынды музыка жұлдыздарымен де көйлектің ішкі бауындай дос, жолдас, өз адамы болып кетті. Оларды қазақ музыка өнерін насихаттау мен дамытуға белсене араластыра алды. Әйгілі композитор Сергей Прокофьев қазақ тақырыбына “Бозай хан” атты күлдіргі опера жазуға кірісті. Ол, бірақ, аяқталмай қалды. Дирижер В.Пирадов өзі басқаратын оркестрмен Е.Брусиловскийдің “Сарыарқа” симфониялық сюитасын, М.Төлебаевтың “Қобыланды” атты симфониялық увертюрасын орындады. Атышулы скрипкашы В.Пикайзен М.Төлебаевтың скрипкаға арнап жазылған поэмасын өз репертуарына тұрақты кіргізді. Аса белгілі музыка маманы А.Островский Дина Нұрпейісованың орындаушылық өнерін тамсана насихаттады. Қазақ әуендерін құлпырта пайдаланып, атақты композитор Ю.Бирюков фортепьяноға арналған рапсодия, С.Туликов Аманкелді Имановқа арналған “Атты әскер маршын”, М.Скорульский Абай тақырыбында бір бөлімді квинтет, З.Компанеец “Қазақ рапсо­диясын” жазды. Ахмет Жұбановтың мұрындық болуымен меймандар арасында кеңінен өрістеген мұндай шығармашылық жарыс республиканың төл композиторлық мектебінде де үлкен желпініс туғызды. 1942 жылы Е.Брусиловскийдің майдан өмірінен жазылған “Гвардия, алға!”, 1945 жылы Е.Брусиловский мен М.Төлебаевтың “Аманкелді” операсы қойылды.

 

Бұл жылдары Ахмет Жұбанов тамаша музыка ұйымдастырушысы болумен қоса, аса ірі композитор екендігін де танытты. Ол 1944 жылы Л.А.Хамидимен бірігіп жазған “А

12345След.
скачать работу

Ахмет Жұбанов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ