Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ахмет Жұбанов

бай” операсын аяқтады. Ол, шын мәнінде, кәсіби кемеліне әбден келген тұңғыш қазақ операсы еді. Оған дейін қойылып жүрген “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сынды сахналық туындылар халық әндері мен күйлерін қапысыз сұрыптап, жан-жақты сараптап, жеткізе пайымдап, қайта қорытып әуре болып жатпай, жілік-жілігін бұзбай, ұшасын ұшалай, мүшесін мүшелей, қазанға тоғыта салғандай, мұрты шағылмаған “цитата қалпында”, түгелімен “бір әннен соң бір ән” қағидасы бойынша бастан-аяқ қосақталған қойдай көзінен тізіліп шыққан, шындап келгенде, біртұтас шығармадан гөрі құрақ көрпедей алабажақ “музыкалық монтаждар” еді. Ал Жұбанов пен Хамидидің “Абайының” әдеби сүйегі де, әуендік төсегі де мейлінше шынайы, мейлінше сом туынды еді. Онда қазақ мәдениеті үшін атымен соны опера өнерінің ария, желдірме (речитатив), ансамбль, хор пішімдері орын-орнымен кәсіби дәрежеде пайдаланылды. Классикалық жанрдың биік талаптары мен нәзік шарттары ұлттық бояуды жоймай, жіті сақталынды. Көпшілікке түсінікті әуен мен әуезде замана трагедиясын арқалаған тарихи тұлғаның күрделі бейнесі келістіре мүсінделді. Оның тұңғиық рухани дүниесін мөлдіретіп терең аша білген саф музыка құлақ құрышын қандырып, сара драматургия көрермен санасын адам болмысының ұңғыл-шұңғылына терең бойлата білді. “Абай” мен одан сәл кейін жарыққа келген Мұқан Төлебаевтың “Біржан-Сарасы” қазақ операсы сахнасының әлі талай таңдай қақтыра беретін ең асыл інжу-маржандары, кәсіби ұлттық музыкамыздың ең саңлақ туындылары болып табылады. Бұл авторлық қосақ бірігіп жазған “Төлеген Тоқтаров” та өз тұсындағы репертуардан елеулі орын иемденді. Сахна тілін жетік білетін Ахмет Жұбанов күрескер-сазгер Сары Батақұлының өмірінен “Сары” (1948) атты бір актылы музыкалы пьеса жазып, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” (1938),М.М.Иванов-Сокольскиймен бірге М.Ақынжановтың “Исатай-Махамбет” (1938) спектакліне, М.Ф.Гнесинмен бірге “Аманкелді” фильміне (1938) музыка жазды. Жұртшылық арасына кең тараған “Отаным”, “Ақтамақ”, “Ақ Шолпан”, “Біздің ел”, “Ақ көгершін”, “Жылқышы”, “Лирикалық ән”, “Қарлығаш”, “Серт” тәрізді әндер мен романстар туды. Ұлттық музыкамыздың қорын “Тәжік биі”, “Қазақ билері”, “Төлеген Тоқтаров”, “Ария”, “Во­кальдық сюита”, “Абай” поэмасы сияқты күрделі аспаптық, симфониялық шығарма­ларымен байытты. Бітіре алмай кеткен “Құрманғазы” радиооперасы қазақ саз өнеріндегі жаңа жанрдың бастауы болды. Аз жазса да саз жазатын талғампаз композитордың бұл туындылары жаңадан түлеген төл кәсіби музыкамыздың хрестоматиялық үлгілеріне айналды. Ұлттық кәсіби композиторлық мектептің негізін қалаған Ахмет Жұбанов осы заманғы көп жанрлы саз өнеріміздің қай саласында да тыңнан із сала білді.

 

Оның сонау отызыншы жылдары Алматы драма және музыка техникумының жанынан ашқан ғылыми кабинеті мен зерттеуші шеберханасы соғыс жылдарында КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімінің арнайы секторына ұлғайтылды. Ол шағын сектор келе-келе ғылыми бөлімге, кейін іргелі ғылыми-зерттеу институтына айналды. Соғыстан кейін Ұлттық ғылым академиясы құрылғанда Ахмет Жұбанов оның толық мүшесі және Президиум мүшесіне сайланып, құрылтайшыларының бірі болды. Оның ұлттық музыка тарихы мен теориясын зерттеудегі ерен еңбегіне кім-кім де таңдана қарайды. Әсіресе, етене музыкалық дамуымыздың елден ерек биік деңгейі болып табылатын күй өнерін зерттеудегі үлесі тіптен орасан. Қазақтың музыкалық мұраларын жинап зерттеген А.В.Затаевичтің 1925 және 1931 жылдары бастырған екі томына кіретін 1500 шығарманың тек сексендейі ғана күйлер еді. Ал Ахмет Жұбанов зерттеген сан алуан саңлақ күйшілердің біреуі Мұрат Өскенбаевтың ғана жеке репертуарында, ғалымның өз аузымен айтуынша, үш жүзден астам күй болғанын ескерсек, ақ бас академиктің қандай шалқар күй мұхитын шағаладай шүйіліп шарлағанын көзге айқын елестете беруге болғандай. Оның бұл майдандағы ересен еңбегін табиғи қазба байлықтарға аса бай қазақ дала­сының металлогендік картасын жасаған ұлы Қаныш Сәтбаевтың әлемдік ғылыми тәжірибеде аса сирек кездесетін бірегей ерлігімен ғана салыстыруға болатын шығар.

 

Ол тек бір ғана Нарын құмынан ақсүйектерге тән сылқым сырбаз Дәулеткерей мектебі мен арнасынан асқан Атыраудай алапат Құрманғазы мектебін, Жайық бойы­нан Мәмен мен Баламайсаң, Қызылқоға, Ойылдан Түркеш, Тазбала, Жем сағасынан Абыл мен Қошқар, Маңғыстаудан Есір мен Өскінбай, Еділ сағасынан Боғда мен Байжұма, Үстірт пен Самнан Құлшар мен Сәулебай, Арал маңынан Үсен төре мен Қазанғап, Қаратау бойынан Ықылас пен Сүгір, Бетпақдаладан Тоқа мен Дайрабай, Қарқаралы мен Далбадан Тәттімбет, Шыңғыстаудан Абай, Жетісудан Байсерке мен Әшімтай мектептерін тапты. Сазгерлік мектептер орындаушылық үрдістерге тап болып күйшілік өнер одан әрмен құбылып, одан әрмен күрделілене түседі. Оны Ахмет Жұбанов бірінші рет ұлт аспаптар оркестрін құрып, оған жан-жақтан келген біріне бірі ұқсамайтын, бірінен бірі өткен шандоз орындаушылармен кездескенде байқаса, кейін халық арасындағы күйлерді жинап, зерттей бастағанда, тіптен қаныға түсті. Бұл дирижер Жұбановтың ұйым­дастырушылық, ұстаздық қызметін оқымыстылық қызметпен ұштастыруға мәжбүр етті.

 

Ол 1942 жылдың аяғында “ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың халық композиторлары” атты кітабын шығарды. Аталмыш еңбек “Ғасырлар пернесі” (1958,1975), “Қазақстан халық композиторлары” (1962), “Мұқан Төле­баев” (1963), “Замана бұлбұлдары” (1963, 1975), автор қайтыс болғаннан кейін жарық көрген “Ән-күй сапары” (1976), “Өскен өнер” (1985) кітаптары сынды ұлттық музыка өнері дамуының кезең-кезеңдерін зерделейтін іргелі зерттеулерге ұласты. Олардың әрқайсысы жеке-жеке сараптауды қажет ететін сүбелі еңбектер. Біз, со­лардың арасынан ерекше ұлттық сазгерлік өнеріміздің түп қайнары болып табылатын Құрманғазы (1936, 1958) мен бүгінгі қайта түлеуінің ең заңғар биігі болып табылатын Мұқан Төлебаев (1963) шығармашылығына бағышталған монографиялық портреттеріне ғана тоқталмақпыз.

 

ҚҰРМАНҒАЗЫ – А.Жұбановтың сазгерлік те, зерттеушілік те жүрегін біржолата ием­деніп алған біртуар тұлға. Ақтық күндеріне дейін ол туралы радиоопера, екі дүркін қайталап арнайы монография жазуымен шектелмей, түгел дерлік кітаптарының орталық кейіпкері етуі — соның айғағы. Тіпті ол жүріп өткен жер-суды түгел аралап өтіп, оны көрген кісілермен тегіс кездесіп, ол жайында азды-көпті мәлімет білген адамдардан ешкімді тастамай, тегіс сұхбаттасыпты. Ғылыми-монографиялық зерттеулерді былай қойғанда, жәй әншейін жолсапар хикаяттарының өзінен халықтық данышпандық пен рухани қайсарлықтың асқақ символына айналған алып тұлғаға деген шынайы ізет пен ыстық махаббат жалыны от шарпиды.

 

Құрманғазы тағдырын ежіктей зерделеу арқылы халық тарихының дүниетанытқыш, сезім түзілткіш, сана қалыптастырушы құдіретін жіті пайымдайды. Ұлттың рухани өміршеңдігінің тылсым сырларын ашады. Алуан бағдарлы, санқилы сипатты және көп жанрлы сазгерлік өнердің табиғатына үңілу арқылы азаматтық және әлеуметтік даралық пен суреткерлік өзгешеліктің қиямет-қайым төркіндерін жан-жақты қарас­тырады. Азаматтық намыс қана адамдарды пенделіктен құтқарып, кемелдікке жеткізсе, ұлттық намыс қана халықтарды қарабайыр тобырлықтан әлеуметтік кемелділік пен келешегі жарқын салауатты қауымдастыққа жетелейтінін түсіндіреді.

 

Құрманғазының теңіздей тұнық, мұхиттай тұңғиық күйлері қазақ ұлтының кер тағдырдың талай тауқыметті өткелегінен аман сақтап қала алған қайсар қаһарман­дығын айқын сипаттаса, біздің заманымыздың абзал ұмтылыстары мен жарқын жасампаздығын бейнелеген Мұқан Төлебаев шығармалары талант табиғаттастығы мен мұрат төркіндестігін жеріне жеткізе зерделейді. Ғалым аға жеткіншек әріпте­сінің шығармашылық жеңістерінің шынайы намысшылдықтан, бір басының ғана емес, бүкіл ұлт абыройын ойлаған асау аршылдығынан өрбіп жатқандығын мейлін­ше дәл байқап, аса нәзік жеткізеді. Сонау 1939 жылы Мәскеу консерваториясының жатахқанасына іздеп барып танысқанында қағаздан басын алмай, біресе нота дәптеріне, біресе есейіп барып үйренген пианиноға алма-кезек шұқшиған бейнетқор жігіттің әнді місе тұтпай, жығылсаң нардан жығыл деп, бірден ірі жанрларға өршелене ұмтылғанына қарап, оның алысқа сілтейтін арынына шексіз сенгенін үлкен тебіреніспен суреттейді.

 

Мұқан сол өзі көп менсіне қоймайтын ән жанрының өзінде “Бесік жыры”, “Тос мені тос”, “Кестелі орамал”, “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын”, “Ақ марал” сынды терең философиялық мән мен биік эстетикалық өрені қиыннан қиыстырып, шебер үйлестірген шедеврлар туғызды. Аспаптық музыкада скрипкаға арналған “Лирикалық биіне”, “Бесік жырына”, концерттік поэмасына, симфониялық оркестрге арналған “Қазақстан” атты поэмасы мен “Қобыланды” увертюрасына, хорға арнап жазылған “Отан даңқы”, “Жастық” сютасы мен “Желкілдек” атты кантатасына аузы­ның суы құрып аса жоғары баға берген Ахмет Жұбанов жеделдес әріптесі Мұқан­ның басты туындысы “Біржан-Сараға” әбден қапысыз шыңдалып, кемеліне келіп жеткендігін баса көрсетеді.

 

Әлі сары тіс тартпай тұрып, қырық жеті жасында, дүние салған есіл ердің әу бастан-ақ өз мәресін өзі аласартпай, дәйім биіктен үңіліп, ХХ ғасырда әлемдік танымалдыққа ие болған не бір сүлей сазгерлермен іштей жарысып өткенін сүйсіне әңгімелейді. Оның төл музыкамызды осы заманға кәсіби сазгерлік дамудың шырқау биігіне самғата көтеруінің басты сыры – ос

12345След.
скачать работу

Ахмет Жұбанов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ