Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары

е меншік иелері атынан алынатын және олар төлейтін жалдық төлемдер;

  • инвестицияларды тарату және сату;

  • өтеу мерзімі үш айдан аспайтын басқа да қысқа мерзімді займдар.

  •  

    Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем тапсырмалары, чектер, аккредитивтер, төлем талап тапсырмалары, көлік пен темір жол саласымен есеп айырысу жөніндегі талаптар.

    Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеуші мен алушының арасындағы шартпен айқындалады.

    Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.

    Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы

    Банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды.

    Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі деректемелері көрсетіледі:

      • төлем тапсырмасының нөмірі;

      • төлем тапсырмасының жазылған күні;

      • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;

      • жіберуші мен бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі символдан тұрады; біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;

      • бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;

      • банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекн-жайы көрсетіледі;

      • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

      • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды – филиаларалық айналымдарының коды;

      • төлем арналымының коды – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш симвлодан тұрады;

      • бюджеттік классификациясының коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;

      • валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

     

    Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.

    Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс.Чек кітапшасыныан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

    Мерзімі өткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты екті беруші банкке қайтарылады.

     

    Вексельдер арқылы есеп айырысу. Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанында белгіленген төлем құжаты.

    Вексель: құжат мәтініне енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір аша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; кімге не кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді бенрген тұлғаның қолы қойылады.

    1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар.

    Теңгедей және шетелдік валютамен жүзеге асырылатын жолдағы ақша аударымдарын есепке алу 411 «Жол үстіндегі ақша аударымдары» шотында жүргізіледі.

    Бұл шотта куәсіпорынның есеп айырысу немесе басқа шоттарына қосып қою үшін, банк кассасына байланыс бөлімшелеріне енгізілген, бірақ есеп беру айының соңына дейін белгіленген мақсатта есепке қосылмаған ақша қаражаттары көрсетіледі.

    Түскен қаржыны 411 шот бойынша есепке алу үшін банк, байланыс бөлімшесі квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемелерінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.

    411 шотын пайдаланудың нәтижесінде кәсіпорынның есеп айырысу шоттарының жазбаларында тепе-теңдікке қол жеткізіледі.

    411 шоты бойынша жасалған операцияларды есепке алу әрбір есеп айырысу төлем құжаттары бойынша тізімдемелерді немесе машинограммадажүргізіледі.Бухгалтерия жол үстіндегі аударылған ақшалардың бланкілердің есеп айырысу және басқа да шоттарында дер кезінде есепке алынуына қатаң бақылау жургізуге міндетті.

    Құнды қағаздарға – акциялар, облигациялар және вексельдер жатады.

    12345След.
    скачать работу

    Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ