Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары

ont size="3">Акция – (actio – лат.) – акционерлік қоғамдардың айналыс мерзімі белгіленбей шығаратын бағалы қағаздары. Акция акционерлік қоғам капиталына үлесті қатысуды және иеленуді куаландырады, акционерлік девиденд түрінде акционерлік қоғам пайдасының бөлігін алуға, қоғам істерін басқаруға, қатысуға құқық, сондай-ақ ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бөлігіне құқық береді.

Қоғамның жарғысында жай (қарапайым) акциялардан басқа дивидендтердің кепілдік берілген мөлшерін алуға құқық беретін, бірақ оның басқаруға қатысу құқығынан айыратын артықшылықты акцияларды шығару көзделуі мүмкін. Акциялардың есебі «Қаржылық инвестициялар» шағын бөлімінің 401 шотында жүргізіледі. Олардың есепке алу әдістемесі №8 БЕС «Қаржылық инвестициялардың есебінде» айқындалған.

Облигациялар – (obligatio – лат. – «міндеттеме») капиталға және одан түсетін табысқа арналған бағалы қағаз болып табылатын акциядан өзгеше түрде ұсынушыға арналған борышқорлық бағалы қағаз. Облигация иеленушісінің оны сатып алуға ақша жұмсағанын осы ақшаны эмитент белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс екнін қуаттайды. Мұндай орнын толтыру өтеу деп аталады. Атаулы құнын қайтарумен қатар эмитент тіркелген пайыз не ұтыс түрінде табыс төлейді не оған қосымша купондардың ақысын төлейді.Облигациялар биржада сатуға және сатып алуға, яғни баға белгілеуге жарамды. Қаржы инвестициялары ретінде есептеледі.

Вексель – (whechsel – неміс- «айырбас») – бағалы қағаздың түрі. Ақшалай борышты алуға құқықты растайтын сөзсіз және талассыз борыштық құжат. Халықаралық саудада және дамушы елдердің ішкі шаруашылық айналымында вексель есеп айырысудың кепілдің және несие берудің аса маңызды бір құрамы ретінде пайдланылады. Вексель жай және аударма болып екіге бөлінед.

Жай вексель (соло вексель) – талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген соманы вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель берушінің вексельмен қамтылған алдын ала берілген міндеттемесі және осы берілген міндеттемесі басқа талқылануға жатпайды.

Аударма вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанттың) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтын міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұрыққа» ұқсайды.

Вексель ұстаушы өзінің регресс құқықтарын индосанттарға, вексель берушіге және басқа да міндетті адамдарға қарсы: төлем мерзімі келгнде; егер төлем жасалмаса, тіпті төлем мерзімінен бұрын:

  1. акцептен толық неесе ішінара бас тартылса;

  2. төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептелмегеніне қармастан банкрот деп танылған жағдайда, ол төлем жасауды тоқттқан жағдайда және оны сот анықтамағанда немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесі болмаған жағдайда;

  3. вексель беруші акцептіге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда іске асыра алады.

Вексель бойынша акцепт пен төлем үшін жауапты адамдарға регрестік талап вексель бойынша, төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы керек.

Акцепт немесе төлемнен бас тарту фактісін куәландыратын актімен растайды.

Вексель беруші аударма векселінің мәтінінде көрсеткен қарсылық білдірген кезде,онда ол төлеушінің қолы қойылған өтінішпен алмастырылуы мүмкін.

Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасалмауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық алдын ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.

Вексель беруші, индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол қойылған «шығынсыз айналым», «қарсылықсыз» деген немесе басқадай мағыналас сөздер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босата алады.

Бірақ вексель беруші енгізген сөзге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қрсылық білдіруге байланысты шығындар оның өзіне жатқызылады. Егер ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса, онда қарсылық бойынша қажет шығындар, өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етіледі. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың барлығы немесе онда аваль қоюшылар векель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндеттіболып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың барлығына, әрайсысына, жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы.

Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге қол қойған адамдардыі барлығында осындай құқығы болуы керек.

1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есепке алудың №9 «Шетелдік валютдағы операцияларды есепке алу» - деп аталатын стандартына сәйкес жүргізіледі.

1.Бұл стандарттың мақсаты субъект жасаған шетелдік валютадағы операцияларды және субъектінің қаржы есептемесіндегі осы операциялармен байланысты ашылымдарды көрсету әдістемесін айқындау болып табылады.

2. Стандарт мыналарды қарастырмайды:

    • шетелдік валютадағы операциялар және шетелдік бөлімшелердің ақша қаражаты тасқынын айырбастау нәтижесінде пайда болған ақша қаражаты тасқынын ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке енгізу;

    • қызметін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жүзеге асыратын субъект бөлімшелерінің қаржы есептерін субъектінің қаржы есептеріне енгізу мақсатында оны бір валютдан басқа валютаға аудару.

3. Осы стандарт субъектінің қаржы есебін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан, яғни, қазақстандық теңгеден басқа валютаға аудару мақсатында оны қайта қарауды көздемейді.

4. Бөлімшелер – бұл субъектінің филиалдары, өкілдіктері, оның еншілес және бағынышты заңды тұлғаларға немесе бірлескен кәсіпорындарды, соның ішінде шетелдік, яғни Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызмет атқаратын бөлімшелер.

5. Шетелдік валюта – бұл қаржы есептемелерін жасау кезінде пайдаланылатын субъектінің есептік валютасынан, яғни қазақстандық теңгеден өзгеше

Пред.678
скачать работу

Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ