Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары

валюта.

6. Бағам – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, екі ел валютасының қайта есептеуге арналған ара қатынасы.

7. Бағамдық айырма – бұл бағам өзгеоген кезде шетелдік валюта бірлігінің бірдей мөлшерін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептемесінде есепті валютамен көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.

8. Есепті мерзімнің аяқталу кезіндегі бағам – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің есепті мерзімнің соңғы күніне белгіленген шетелдік валютаға қатысты теңгенің бағамы.

9. Ақша баптары – бұл қолда бар аша қаражатын, сондай-ақ белгілі бір сомада алуға немесе төленуге тиіс активтер мен міндеттемелерді көрсететін баптар.

10.Ақша емес баптар – бұл қаржы есептерінің ақша баптары болып табылмайтын баптары. Негізгі қаржы, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар, меншікті капитал ақша емес баптарға жатады.

11.Бірлескен кәсіпорындарға, еншілес және бағынышты заңды тұлғаларға нетто-инвестициялар – бұл осы бөлімшелердің таза активтеріндегі субъектісінің үлесі.

12.Хедж, хеджилеу – субъектінің бағамдық айырмадан туындайтын ықтимал шығындардан өзін сақтандыруға мүмкіндік алатын, болуы мүмкін шығындарды жабу ниетімен шетелдік валютадағы форвардтық, фьюгерстік және басқа келісім-шпрт бойынша активтер мен міндеттемелер сатып алу түріндегі қорғану ретіндегі мәміле.

13. Шетелдік валютадағы операция дегеніміз субъект мынадай істер атқарған кездегі шетелдік валютамен жасалған мәмілелер:

а) шетелдік валютаға мүлңк сатып алады немесе сатады;

б) төленуге немесе алуға тиісті сомалар шетелдік валютамен белгіленген несиелерді алады немесе береді;

в) активтерді шетелдік валютаға ауыстырып, басқа жолмен сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттемелер алады немесе осы міндеттемелер бойынша есеп айырысады.

14. Шетелдік валютадағы операциялар бухгалтерлік есепке алудағы бастапқы көрсету кезінде операция жасалған мерзімдегі бағам бойынша қайта есептеу жолымен Қазақстан теңгесімен бағаланады.

15. Әрбір есептік мерзімде:

а) ақша баптары, оның ішінде шетелдік валютадағы дебеттік және кредиттік қарыздар есепті мерзімнің аяқталу кезіндегі бағамды пайдалану арқылы теңгемен көрсетіледі;

б) ақша емес баптар, оның ішінде шетелдік валютамен бастапқы құны бойынша бағаланған меншікті капитал, негізгі қорлар, материалдық емес ктивтер операция жасалған мерзімдегі бағамды қолдану арқылы көрсетіледі.

Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алудың әдістемелік

ұсынымдары.

1.Бухгалтерлік есепке алудың бұл стандарты барлық субъектілер үшін шетелдік валютадағы операцияларды және қаржы есептемесіндегі осы операциялармен байланысты ашылымдарды бухгалтерлік есепке алуда көрсету әдістемесін бетгілейді.

2. Бұл стандарт шетелдік валютадағы мүлік құны мен міндеттемені теңгеге қайта есептеуден тұратын шетелдік валютадағы операцияларды бухгалтер есепке алудың ерекшеліктерін реттейді.

4. Шаруашылық операцияларын бағалау және қаржы есебін жасау, ұсыну ұлттық валюта – қазақстандық теңгемен жүргізілетіні ескеріліп, бұл стандарт субъектінің қаржы есебін осы валютаны басқа валютаға ауыстыру мақсатында қайта қарамайды.

5. Шетелдік валютада жургізілген операциялар бойынша бухгалтерлік есеп алудағы жабалар бухгалтерлік есепке алу шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген бағам бағам бойынша қайта есептелген қазақстандық теңгеде көрсетілуі тиіс. Бұл орайда шетелдік валютадағы операция бухгалтерлік есепке алуда бастапқы көрсету үшін операция жасалған күндегі бағамды қолдану арқылы бағаланады.

ІІ – бөлім. Ақша қаражаттарының есебі.

2.1. Жолдағы аударымның және құнды қағаздардың есебі.

Жолдағы ақша аударымдарымен байланысатын шоттар корреспонденциялары:

    1. Ақша қаражатын енгізу сомасына (түсімді өткізу) Д – 411 К – 451,452.

    2. Жолдағы ақша қаражаттары (стып алушы дебиторлардың төлемі) Д – 411 К – 301,302,334.

    3. Пошта бөлімшесіне өткізілген түсім (есеп беретін тұлға арқылы) Д – 411 К – 333.

    4. Аванс түріндегі жолдағы ақша қаражаттары Д – 441,431 К – 411.

    5. Нақты есептелмеген сомаға Д – 441,431 К – 411.

411-шоты бойынша операциялардың есебі №3 журнал ордерде жүргізіледі.

Мысал: жұма күні 29 шілдеде инкассатор кәсіпорынның кассасынан сомасы 142 900 тг түскен қаржыны қабылдап алды, бұл түсім есеп айырысу шотына тек дүйсенбі, тамыз күні қосылады.

Өткізілген түсім шілдеде 451 шоттың кредиті бойынша және 411 шоттың дебеті бойынша, тамыз айында 441 шоттың дебеті бойынша және 411 шоттың кредиті бойынша өткізіледі.

Бір валютаны басқасына айырбастау нәтижесінде туындайтын табыстар мен шығыстарды бағам айырмасынан түскен шығыстар мен табыстардан ажырату керек және негізгі емес қызметтен түскен өзге де табыстар мен шығыстар ретінде көрсету қажет. Мұндай табыстар мен шығыстар бір күні бағамның екі түрін – шетелдік валюта бухгалтерлік есепте көрсетілетін валюта айырбастаудың нарықтық бағамы мен нақты мәміле бағамын, яғни осы сатып алынатын және сатылатын бағамды қолдану нәтижесінде тындайды.

Мысал.

Пред.678
скачать работу

Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ