Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

өлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.

XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды.

Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма — бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз.

Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:

Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады.

Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір
лайық тауар болып қалып отыр.        Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады — электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.

Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 %  кұрады.

Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр.

Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен      бірге      электронды-есептеуіш      және      компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.

Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері  нәтижесінде  нағыз  алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

1        жалпыға тікелей айырбасталу;

2        айырбас кұнының дербес формасы;

3        оның сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру    процестерінің   жүруімен    байланысты,    жалпыға    тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді.

Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы   аяқталып,    ол   жалпыға   бірдей эквивалент   және   ақша   кызметтерін   атқару   рөлін   орындауды тоқтатты дейді.

1.3 Несие ақшалар.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.

Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады.

Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.

Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол

ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.

Вексель  несиеге  сату   негізінде,  яғни  коммерциялық  несиелеудің пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.

Вексельдер жай және аудармалы болады.

Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (векселъдік тапсырма) қамтамасыз  етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын   деген жазу болады.

Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналасында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі.

Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғасырдың соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк ал

12345След.
скачать работу

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ