Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

тынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жатқан металға айырбасталады.

Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).

Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялар тәртібінде жүзеге асады.

Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкнотаардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады.

Қазіргі   кезде   бүкіл   әлемде   ақшалар   алтынмен   қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем құралы болып табылады.

1993 жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша — банкнота болып табылады,  себебі  олар  Қазақстан  Республикасының Ұлттық  банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті акшалар айналасы чекпен байланысты.

Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.

Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген кызметтер үшін есеп айырысуға колданады.

Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу  шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекке көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек — несие ақша ретінде қолданады.

Өркендеген  мемлекеттерде   чек  айналымынын  жедел  каркынмен өрістеуі біраз қиындықтарға дұшар еткен. Мысалы, 50-70 жылдары АҚШ-та 90%, Ұлы-британияда-60%, Жапонияда-25% отбасы чек кітапшаларын пайдаланған. АҚШ-та күніне 100 млн. чек толтырылып, чек айналымының шығындары жылына 11 млрд. доллар кұраған. Шығындарды азайту мақса-тында чектерді есептеуге автоматты жүйе енгізіліп, төлемнің басқа экономикалық формаларын іздестіру колға алынған. Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану  1993  жылы  тоқтатылды.   Оның себебі:  жалған  чектердің пайда болуы коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және тағы басқа.

Несие карточкалары (электронды акциалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өтеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға беретін атаулы құжат.

Әлемде   пластикалық   карточкалардың   оннан   аса   дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол акша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа.

Қазақстан   Республикасында    несие    карточкаларын   енгізудің қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде    Әлембанк     (қазіргі     ТұранӘлемБанк) өзінің «Виза» несиелік карточкасын енгізген. Павлодар,

Өскемен,  Ақсудың  халықтары   несие  карточкаларын   пайдалануда.

Сонымен қоса ТұранӘлемБанк қызметкерлерінің, несие карточкалары бар.

Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға колайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды.

Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйе жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.

Несиелік карточкаларын пайдалану ақша айналасы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының    жылдамдығын     ұлғайтады.     Бірақ бұл  «ақшасыз шаруашылықты» жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.

Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операииялар жүр-

гізуге мүмкіндік беретін кұрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырып, тек қолма-қол ақша беруге колданылды. Біртіндеп БА колдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңейді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде орнатылуда.  БА  — тың тетігі-пластикалық дебеттік карточка. Ол — банктік шот иесінің мағлұматтарды және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магниттік жолақ.

Терминалдар  —  сауда  орындарында, ресторандарда және  тағы басқа сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты — қолма-қол ақша айналысын қысқарту.

Үйде банктік қызмет көрсету — ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның жай түрі — телефонмен тікелей байланысу арқылы — жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ал жеке компьютерді немесе монитордың экранын пайдаланып, клиент банктің компъютеріне қосылып, коммерциалық хабар алуға; өзінің ағымдағы шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан соманы білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, электрон төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма-қол акшаны азайтуға кең жол ашады.

1.4 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.

Ақша   ерекше   тауар,    жалпыға   бірдей   балама,    яғни,    басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.

Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.

1        Ақша кұнды өлшеуші ретінде.

2        Ақша, айналым кұралы ретінде.

3        Ақша төлем құралы ретінде.

4        Ақша корлану кұралы ретінде.

5        Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.

Ақша құн өлшемі ретінде.

Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны,  оны өндіру жолындағы қажетті шығынмен тең. Олай болса тауар   өндіру,   басқаша   кызмет   көрсету   үшін,   алдымен   еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элемнттен тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің кұны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік кұнына косылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының кұны да әрбір тауар   өндірушілерде   бірдей   болмайды.   Өйткені, &

12345След.
скачать работу

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ