Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

.

Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді , яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”.

Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913    жылы    халықаралық    есеп айырысулардың  80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген    аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп  айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.

Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі » евро» айналымға шықты.

Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

1.5 Ақша табиғатының ерекшеліктері.

XX ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын айналыста болмайды, алтын төлем құралы қызметін де атқармайды. Халықаралық  экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар – доллар, евро, иендер т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен алтынның айналыстан шығуы оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сұраққа жақындаймыз. Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы қандай? Өйткені кімге де болса анығы қазіргі уақытта асыл металл ақша емес, қағаз ақша – ақша. Ақшаның барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты?

Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды.Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен айырылатын болса, онда оның бағалығы төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралымәселемен тығыз байланысты. Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады (ең алдымен құралы және айналыс құралы ретіндегі)

1.6 Ақша айналысының заңы.

Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек койылатын.

Ақша айналысы деп — қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өпдіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде кызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы — ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналасының объективті негізі — тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым козғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

Айналыста   жүре   отырып   ақша   әрі   айналыс  құралы,    әрі төлем құралы функицяларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды   өтеуге  жұмсалуы  мүмкін.   Өз   кезегінде,   қарызды   төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы акша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның кызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекакрі, зейнетакрі, стипендия төлеу үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.

Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі — қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақшаа банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрістеп жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен жүргізіледі.

Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қома-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.

Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуына мүмкін.

Сонымен    бүкіл    ақша     айналысы:     қолма-қол    және     қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

1        өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;

2        тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;

3        ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

2.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

2.1 Қазақстандағы ақша реформалары.

Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.

1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Ке

12345След.
скачать работу

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ