Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша түсінігі

Айналыста   жүре   отырып   ақша   әрі   айналыс  құралы,    әрі төлем құралы функицяларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды   өтеуге  жұмсалуы  мүмкін.   Өз   кезегінде,   қарызды   төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы акша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның кызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекакрі, зейнетакрі, стипендия төлеу үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.

Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі — қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақшаа банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрістеп жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен жүргізіледі.

Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қома-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.

Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуына мүмкін.

Сонымен    бүкіл    ақша     айналысы:     қолма-қол    және     қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

  • өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
    айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  • тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
    айналымы;
  • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
    қағаз несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

 

2.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

 

2.1 Қазақстандағы ақша реформалары.

 

Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.

1991 ж. қаңтарындағыКСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.

1992 ж қаңтарындаРесей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды. Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық — ақша шығаратын станок - біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 жмаусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом  шығарды.

1992 ж. шілдесіндеРесей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен   күнбе-күн   екі   жақты   төлем   есебін   жүргізу туралы талап қойды.  Қолма-қол ақшасыз өзара есеп  айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайды.

Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша, несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу — болмай қалатын процесс. Ол 1992ж маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен жалғасты.

1993 ж.мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.

1993ж. 15 мамырындаМинскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды. Онда койылған міндет:

ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындылық болуы. Бұл   ең   маңыздысы    —   рубль   зонасынан   шығатын   мемлекеттер айналымнан   шығарылған   КСРО-ның   банкнотасын   толық   көлемінде оларды   жою   үшін   Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.

Бұл                                      міндеттемелерді                                                         орындау-айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік ақшаны пайдаланылатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою болатын, яғни бір ел екінші елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түркменстан, Әзірбайджан, Армения, Молдова тастап шықты.

Сол кезде аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта, 1993 ж көктемінде жаңа Ресейлік 1993 ж үлгіде рубль  шығарып,   оны  өз  жерінде  Қиыр  Шығыстан  енгізе  бастады.

Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет - Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді.

1993ж. 23 шілдесіндеРесей Банкісі 1961-1991 жж. шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін және 1992ж

Пред.678910
скачать работу

Ақша түсінігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ