Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша түсінігі

ng>шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000 рублъді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы35 мың рубль көлемінде белгілеген болатын. Екі күннен соң Ресей Президенттің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйегіне дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтіледі.

Сөйтіп, 1992-1993 жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуге орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

1992 жылдыңбірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін    түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып   шығаратын   шетелдік   фирмамен   келісімге   қол қойған. 1993   ж. наурызында   Англияда Харрисон және ұлдары     атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта —1, 3, 5, 10, 20, 50, 100  теңгедайындалып, Алматыға жеткізілген.

1993 ж. 12 қарашасындаҚазақстан Республикасының Президенті            Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

  • 1993  ж.   15  қарашада сағат  8-де  Қазақстан  мемлекетінде  ұлттық валюта — теңге енгізді.
  • 1993   ж.   18   қарашадан   бастап   теңге   Қазақстан    Республикасында бірден-бір занды  төлем  кұралы  болып  тағайындалды.  Бір  теңге  100 тиыннан  құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота  және майда тиындар түрінде жүреді. Қолма-қол ақша,  рубльдік  шоттардағы  жинақтар  мен  салымдар  500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта — сом  және теңге айналымда қатар жүрді.

Қазақстан Республикасының жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.

Қазақстан Республикасының Ұ лттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті:1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.

Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта - теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резервы қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгені инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі 4 айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы  долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.

1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына    алғашында қазыналық векселъдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды     және     басқа     мемлекеттік     бағалы қағаздарды   шығарғаннан   кейін   теңгенің құлдырауын   тежеуге   мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізген 1993 ж. 2500   процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. ҚР-ғы инфляция 58 процент болды.

1997 ж.Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, ҚР-на валюталық түсімдер біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағалығын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфлюцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 ж. күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

1999 ж.сәуірінен ҚР үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногында сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір децгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді. Ендігі жерде олай болмайды...

ҚР-ның төңірегіндегі елдерде - біздің негізгі сауда әріптесімізде — ұлттық валюталардың бағамы күрт кұлдырап кетті. Мысалы, Ресей рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай 4 есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз туралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. ҚР-ның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 млрд. 300 млн доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млрд. 250 млн долларға қысқарды.

... Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттың тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда...

Міне  осы   тұрғыдан   алғанда, жағдайдан шығудың бір ғана жолы  бар - теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек .

Сонымен, ҚР теңгесі міне11 жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.

2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге.

 

Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды  (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).

Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты  есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%, 1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17%, ал 2002 жылы – 3,25% болды.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ