Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша түсінігі

Visa халықаралық  төлем жүйесінде сертификаттау туралы ресми растауды алып,   «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы қосу мәселелерімен белсенді айналысуда, бірінғай                                        ұлттық төлем жүйесін құру мәселесін талқылауда, сондай-ақ ТҚҰБЖ шеңберінде микропроцессорлық карточкалар үшін бірінғай ұлттық стандарттарды ендіру мәселелерін пысықтауда.

  ТКҰБЖ-ның негізгі мақсаты мыналарды қамтиды:

  • ақша айналымында бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көленкелі айналымын азайту;
  • жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;
  • коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңтайландыру;
  • бюджеттік (салық, кеден) және өзге де міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану;
  • қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды қысқарту.    

Жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктерді бірінғай процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы ресурстарын пластикалық карточкаларға қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға және банктік қызмет аясын кеңейту үшін бағыттауға мүмкіндік берді.

 Сонымен, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:

  • микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру;
  • халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.

 

Қорытынды.

Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.

Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші  бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Әсіресе  халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда. 

Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

 Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал Қазақстанға келетін болсақ, ұлттық валюта – теңгенің он бір жыл айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г.

2. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.

3. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж

4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики”т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.

5. “Деньги и кредит”12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.

6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.

7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.

8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы”Алматы,“Жеты Жаргы”,2000г.

9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.

10. “Ақша, Несие, Банктер”,2003-07.

11. “Ақша, Несие, Банктер”,2002-11.

Пред.678910
скачать работу

Ақша түсінігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ