Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақсу-Жабағылы қорығы



 Другие рефераты
Германия мемлекеті мен Қазақстан Шылым шегудің алдын алу Экология Массаж

“АҚСУЫМ – АРЫМДАЙ, ЖАБАҒЫЛЫМ – ЖАНЫМДАЙ…”

 

“Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім … Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін”.Шерхан МҰРТАЗА

 

Кең-байтақ Қазақ жерінде он қорық бар. Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғал­жын, Марқакөл, Науырзым, Үстірт. Қайран Қазақстаныңызда он ұлттық парк бар. Алтынемел, Баянауыл, Бурабай, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Көк­шетау, Шарын, Сайрам-Өгем, Көлсай көл­дері. Бұларға қоса үш табиғи резерв (қор) құ­рылған. Олар Ертіс орманы, Семей орма­ны және Ырғыз-Торғай орманы деп ата­лады. Бір қарағанда, бұларыңыз аз емес се-кілді. Ал майталман мамандардың меңзеуі­не мән берсек, қазақ жері үшін әлі де жет­кі­ліксіз көрінеді. Көбейте түсу керек, деседі.

Кез-келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің, іргетасының бірі - оның табиғи қорлары, табиғат байлығы. Сондай мақтан тұтар байлығымыздың бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан.

Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында - 21255 га., Төле би ауданында - 53597 га, Бәйдібек ауданында - 231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында - 10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, беткейінде селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Шыңдарын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан.

Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүіктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде; эндемик өсімдіктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қия, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималау ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарытоғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерінде балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері бар. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдардың қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды.

Ақсу-Жабағылы – елімізде ең бірінші құрылған қорық. Қазақ қорықтарының ең әуелгісі. Алаш ардақтыларының ақыл-парасатына, алыстан ойлап, тереңнен түйсіне білгеніне қайран қаласыз. Орталық Азиядағы, қала берді Қазақстандағы айрықша аймақ, бүкіл дүние жүзіндегі бірегей аумақ саналар Ақсу-Жабағылы қорығының құрылу қайнарының бастау көзінде Тұрар Рысқұлов тұрды. Жиырма­сыншы жылдың шіліңгір шілдесінде Талас Алатауының тармақтарына Ташкент университетінен ғалымдар жіберіле бастады. “Музейлер мен ескілік ескерткіштерін, өнер және табиғат байлықтарын қорғау жөнін­дегі Түркістан комитеті” тарапынан 1922-1923 жылдары Түркістан өлкесінің ерекше ендіктері ретінде Тәңіртаудың таңғажайып тұсы жан-жақты зерттеле түсті. Жиырма бесінші жылғы ақпан айында Ақсу-Жаба­ғылы қорығын құруды жедел түрде қолға алу туралы шешім шығарылды. Жиырма ал­тыншы жылдың шілдесіне дейін тыным­сыз жұмыс жүргізілді. Көп ұзамай-ақ Қазақ АКСР басшылығы Ақсу-Жабағылы қорығын құру туралы қаулы қабылдады. Оны Мәскеудегі Михаил Иванович Калинин мен Тұрар Рысқұлов бекіткен.

Ақсу-Жабағылы қорығының тұңғыш директоры Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі, табиғаттың шынайы жанашыры, аса білікті де білімді маман, ізгі ниетті ғалым Борис Петрович Тризна деген кісі еді. Алғашқыда 30545 гектар болған қорық аумағы осы Тризнаның табандылы­ғы және тағы да Тұрардың қамқорлығы арқасында 1935-1937 жылдары 69826 гектар­ға дейін ұлғайтылды. Бал татыған Балдыберек және Балабалдыберек өзендерінің бойындағы, Майдантал тау қыраттарының беткейлеріндегі, Жабағылы өзенінің оң жақ қапталдарындағы аршалы алқаптардың бәрі дерлік сол кездерде қосылған. Өкінішке қарай, ерен энтузиаст, бұрынды-соңды замандардағы басшылар­дың ішіндегі ең мықтысы, аса абзалы болған Борис Петрович Тризнаның талқаны отыз жетінші жылы таусылды.

Өткен жылы “Егемен Қазақстанда” сіздің тілшіңіздің “Сайрам-Өгем дегенде, Сайрам-Өгем…” деген дүниесі жария­ланған. Алғаш Астанада, сонсоң Таразда ұшырасып қалғанымызда ше, Шерхан Мұртаза ағамыз оң жақ қасының ұшын жоғары көтере қарап: “А-а-ал, Ақсу-Жабағылыны қаш-шан жазасың?” – деген. Кейінірек Кенен тойында кездескенде үшінші мәрте: “Ақсу-Жабағылы қайда-а-а?” – деді. Сол жақ қасын шиырса, Шера­ғаң сұстылау ғой. “Шіркін-ай, Ақсу-Жабағылыны түсінде жиірек көріп жүр екен-ау”, деп түйгенбіз. Ішімізден. Содан бермен қарата қараша күз өтті. Оңтүстікте қары азырақ, көк мұздағы көбірек болған қысыңыз артта қалды. Жауын-шашыны мол көктеміңіздің ортасына жеткенбіз. Жаңбыр-жаңбырдың арасында Ақсу-Жабағылыға қарай жолға шыққанбыз.

Сәуіріңіз тәуірлеу тұрпат танытса, қызғалдақ мұнда тоғызына таман гүлдейді. Иә-иә, тұп-тура тоғызыншы сәуіріңізде қызғалдақтың шанақтары қақ-қақ жарылар. Сепкілденген жапырақтарынан мөлдір моншақ мәнзелдес тұп-тұнық, тап-таза тамшылар сәулелене сырғанар. Қызғалдақ­ты Тәңіртаудың қазақтары Ақсу-Жабағы­лының алқызылы деп те атаған. Атам заманыңызда. Қызғалдақ. Ай, айналайын қазағым-ай. Тіліңнен бал тамады ғой. Қыз­ғалдақ деген сөзді қайталап айтыңызшы. Бір сәт үнсіз қалып, қайтадан қайта­лаңызшы. Ғажап емес пе?! Сіз Ақсудың алқызылы, Жабағылының қып-қызылы – қызғалдақты көрген шығарсыз? Білетін боларсыз? Сарғалдақты ше? Олар осында ғана осылай өседі. Араласып. Жарасып. Жайнап. Сіз осынау Ақсу-Жабағылыдай алтын аймағыңыз Қызғалдақ ханшайым­ның отаны екенін білесіз бе? Алқызы­лыңыздың алты түрі арыңыздай Ақ­суыңыздың аңғарла­рында, жаныңыздай Жабағылыңыздың жоталарында жай­найтынынан хабардарсыз ба? Көргеніңіз бар ма?

 

 

Тәңіртау мен Қаратаудың, Қазығұрттың қазақтары қадым заманнан бұл ғажайыпты қызғалдақ деген. Ал жұрттың көбі кәдімгідей-ақ “қызғалдақ” деп білетін жұқалтаң ғана, жеңілтектеу, желбір-желбең гүліңізді “итқызғалдақ” деп атаған. Рас, алыстан алаулап-алдап, албырап-арбап, адырлардың бәрін жауып кететін итқызғалдақтың да өзіндік орны бар. Бірақ, оны Қызғалдақ ханшайыммен шатасты­рудың жөні жоқ. Шын қызғалдақтың шанағы жалғыз ғана. Ал итқызғалдақтың бір түбінен бірталайы бытырлай күшіктеп, желіге желпіл қағады.

 

Биыл бұл өңіріңіздің өзгеше қызғалдағы сәуірдің он бесінен бастап, аздап-аздап қана ашылды. Жабағылы ауылының жоғарғы жағында. Шақпақбабаның төменгі тұсынан тауға қарата қарағандағы қияларда. Күмісбастаудың Иірсу жақ иықтарында. Ақсу мен Жабағылының бастапқы бойлық­тарын барласаңыз, бірте-бірте, сәуірдің соңына, мамырдың басына таман, тіпті маусым мен шілдеде ашылатын алқызыл­дарды аңғарарсыз. Ақыры алқызылыңызды айтқаннан кейін арғы тарихын қозғаңқырап кетелікші. Қорыққа көктемде келіп көрсеңіз, Жаратқан иеміздің әуелден-ақ алқызылды Ақсу-Жабағылыңыздың маңдайына жазға­нын сезінесіз. Еуропа елдерінің ерен ғалым­дары сіздің Ақсу-Жабағылыңыздан алған. Қызғалдақ пен сарғалдақтың сұрыптарын ең көп өсіретін және күллі әлемге таратқан Голлан­дияңыздың ботаниктері ше? Қызғал­дақ пен сарғалдақтың тұқымын Тәңір­тауыңыздың текті төрінен әкеткен. Бүгінде бүкіл дүние жүзінің өркениетті елдеріне “Грейг қызғалдағы” және “Кауфман қыз­ғалдағы” деген аттармен белгілі қызғалдақтар – біздікі. Грейгіңізге де, Кауфманыңызға да рахмет! Ғылым жүзінде жазып, қазақтың тауынан қазып алғаны үшін. Сол кездегі салттары солай ғой. Кім алғаш ашса, ғылыми айналымға түсірсе, жаңа дүние соның есімін еншілеген. Әйтпесе, Ақ­суыңыздың алқызылын, Жабағылыңыздың қып-қызылын Тәңіртауыңызға теліп атаса да, қазағыңызға еншілеп ныспыласа да, Алатау мен Қаратауды айтса да, болар еді-ау. Дейсіз-дағы. Әттең-ай, әттең!

1988 жылы Алматыдағы “Қайнар” баспасынан шыққан “Ақсу-Жабағылы” атты альбом-кітаптың авторлары айтқан­дай-ақ, төрткүл дүниеге түгел тараған қызғалдақ пен сарғалдақтың отаны – текті төріңіз. Алқызылдың алты түрі де алғаш ос

123
скачать работу


 Другие рефераты
Влияние промышленности и сельского хозяйства на окружающую среду Краснодарского края
Процесс и методы управления организацией
Феномен любви в русской культуре
Миграция химических элементов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ