Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақсу-Жабағылы қорығы

ық. Айтпақшы, Ақсу-Жабағылыңыз – нәуірзек тор­ғайыңыздың атамекені. Өзге өңірлерде азайып кеткен көкшілтім, көрікті құс, нәзіктік пен имандылықтың бірегей белгі­сіндей сезілер сезімтал құс – нәуірзекті сағынсаңыз, Кіші Қайыңдыға, Үлкен Қайыңдыға шығасыз, Балдыберектің бастауларына барасыз. Қанаттылар фаунасын зерттеген А.Ф.Ков­шарь “Талас Алатауының құстары” атты кітап шығарған. Сол кітапта осы қорықты мекендейтін 240-қа жуық құс сипатталған. Сарышымшық пен сайрауық, Шерағаң шығармаларында шырыл қағатын зарғалдақ. Ұлардың жөні бір басқа. Кекілік. Анау кетіп барады-ай, тастан-тасқа секіріп. Әлемдік деңгейдегі, кешегі кеңестік және қазекемнің Қызыл кітаптарына кірген алуан-алуан қанатты­ларды, сүтқоректілерді, өсімдіктерді санап келтірмектің өзі көп көлемді алып кетер. Ғалымдарыңыз мыңға жуық қоңыз түрін, үш жүзден астам көбелек санап, саралаған. Әне, Жабағылы жақтағы жақпар тастардың тасасынан ақбауыр бұлдырық бұлдырай көтеріліп, бұрқ етіп қонды. Тобылғының түбіне. Бүркітұя құзарының батыс бүйірінен алып құс ары қарай айналып кетті. Кейде күшігеніңіз көкте қалықтайды. Тазқараны тез танисыз.

Ақсу-Жабағылы қорығы Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің арнайы комитетіне қарайды. Елу үш адам еңбек етеді. Күзет бөлімі, экологиялық ағарту және туризм бөлімі, ғылым бөлімі, қаржы және ұйымдастыру бөлімі бар. Он бес кордонның мемлекеттік инспекторлары отбасыларымен бірге тау түкпірлерінде тұрады. “Барлық кордондар күрделі жөндеуден өткізілген, байланыс құралдары, басқа да жағдайлар жасалған, – дейді қорықтың қазіргі директоры Айтбек Меңлібеков мырза. – Қорықтың бас кеңсесін, мұражайды, тағы басқа ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізгеніміз ЮНЕСКО қамқорлығы ая­сын­да бөлінген қомақты қаржының арқасы”.

Қорық басшылығының құрамында Рашид Әбдірайымов, Вагид Мамедов, Халида Қойлыбаева сынды тәжірибелі мамандар бар. Аға ғылыми қызметкер Елена Чаликованың орны ерекше. Жиырма жылдан бері осында еңбектеніп келеді. Зертханашы Анарқұл Қарақұловтың алпыс жасқа толуы аталып өтіп жатыр екен. Біз барғанда. Қырық екі жылын қорық қарекетіне жұмсапты.

 

 

 

“Аңдарды жылына үш мәрте санақтан өткіземіз, — дейді ғылыми қызметкер Ера­лы Қаспақов. – Биотехникалық шаралар­дың ең маңыздысы осы. Көктемде бір күндік санақ жүргізіледі. Бағыттар бойынша. Күзде үш күндік санақ. Бүкіл аумақты атпен аралаймыз. Үшінші санақ алғашқы қардағы аңдардың іздері бойынша өткізіледі. Қанша аю, қанша арқар мен тауешкі, неше елік пен марал, қанша қабан мен қар барысы, тағысын-тағылар бар екенін айтпаймыз (Ералы жымиып қояды). Соңғы бес жылда біраз-біраз өсу байқалуда. Соған қуанамыз”. Баяғы, отыз жетінші жылы аршалы алқаптары ғана қосылған Майдантал аймағы 2005 жылы тұтастай қорыққа қаратылыпты. Ең қиырдағы өңір – осы. Оңтүстігінде Өзбекстан, шығы­сында Қырғызстан жатыр. Майданталға бару мүмкіндігі тек жазда туады. Ол жақта осы уақытқа дейін толыққанды санақ жүр­гізілмепті. Былтыр Ералылар Майданталда барыстың аналығын және аланын (күшігін) көріпті. Екі жүз елу метрдей жерден. Бұл жақтың барысына қарағанда сұрғылттау, теңбілдері жиілеу, құйрықтары қайқылау сыңайлы сезіліпті. Сол сапарда қорықшы­лар арқарды да жиі жолықтырыпты. Бұрын Майданталда арқар жоқ деп есептелетін.

Қорық қызметкерлерінің арасында атқарар жұмыстарына қарай ағылшын тілін меңгергендер баршылық. Экологиялық он бағыт бойынша үш соқпақпен саяхат жасалады. Көбінесе жаяу. Атпен жүретін арнайы бағдарлар белгіленген. Темір көлік бағыттары да тәптіштелген. Туристік бағытпен келген қанша адам болсын, тіпті жалғыз жетсе де, жанына экскурсиялық жетекші-нұсқаушы ілеседі. Шетелдік туристер, әсіресе, Ақсу каньонына көбірек қызығады. Табиғи күйінде сақталған тауды, Ақсудың арналарын, Жабағылы жықпылда­рын, көбелектер мен құстарды, арша мен қызғалдақты, гүлдер мен өзге де ағаштарды таңырқай тамашалап: “Фантастиш!” деп бастарын шайқап, қайран қалып қайтады. Жабағылы ауылындағы Евгений Белоусов­тың қонақ үйі, голландиялық күйеу бала Ламерт Бистің “Руслан” туристік тұрағы, “Бейбарыс” бірлестігінің базасы, Светлана Баскакованың үкіметтік емес ұйымы шетелдіктерге, өзге де саяхатшыларға қызмет етеді.

Кордондарда жұмыс жүргізудің жауап­кершілігі жоғары. “Ақсудың оң жаға­лауы” кордонындағы Дадабай Шамшилов жиырма жылдан бері осында. Былтыр барыстың бір жұбын жап-жақын жерден көріпті. Ақсу шатқалының шығыс жақ қырқасын қиып, қосақтасып кетіп бара жатыпты. Дадабайдан айылдарын жимапты. Жабағылы кордондағы Cабыр Жүнісбаев, Дарбазадағы Мырзатай Сабаев, Талды­бұлақтағы Орынбек Ораз­баев сынды мемлекеттік инспекторлар, инженер-метеоролог Қалдыбек Бекпен­бетов, экскурсия жетекшілері Ғабит Мамытов, Талғат Сапаров, Жангелді Әбілов, ботаник Самат Жұманов, жыртқыш аңдар жөніндегі маман Серік Меңлібеков сынды қызметкерлер қорық­тың көркеюін көздеп, тер төгіп жүріпті.

Он жылдан астам уақыттан бері Ақсу-Жабағылыңызды Айтбек Меңлібеков басқарып келеді. “Табиғат қорғаудың үздігі” белгісімен, “Құрмет” орденімен марапат­талған. “Бүкіл әлем таңырқайтын табиғат­тың тамаша түкпірі ғой бұл, — дейді дирек­тор. – Бірақ, материалдық жағдай онша жақ­сы емес. Ең ақыры өрт сөндіру мәши­несі жоқ. Өзге қорықтарда мәшине емес, өрттен қорғау бөлімдері, тұтас техника бар. Бір жыл бұрын Мәжіліс депутаттары Нехорошев пен Мырзахметов мырзалар болған. Өрттен қорғау бөлімі, техника, тағы басқа жағдайлар жөнінде айттық. Де­путаттар сауал салып, жәрдемдесу жайында уәде берген. Нәтиже жоқ. Жұмыскерлердің жалақысы жүдә жұқа. Мен – бірінші басшымын. Шошқа да баққам. Құс фабрикасын да басқарғам. Он жылдан бері осындамын ғой. Жекеменшік жерлерім бар. Техникам бар. Әйтпесе, қорықтың айлығы той-томалақтарға апарудан да артыл­майды…”

Директор осылай ой қорытты. Ақсу-Жабағылы үшін үлкен қиындық алда секілді. Сындарлы сынақ күтіп тұрғандай. Қас қылғандай-ақ, Иірсу биігінен кере­меттей кен орны табылыпты деседі. Алтын-күміс, вермукулит, тағы басқа түсті металдардың қабаттары қат-қат деседі. Қайта-қайта қаралып, газеттерде жазылып жүргендей, Иірсудан кеніш ашып, кен ақтарып, қазба байлыққа қарық болмаққа құлшыныс күшейе түсуде. Дүние жүзіне белгілі дүрри гауһарыңыз – Ақсу-Жабағы­лы қорығының тағдырына дүниеауи есеп-қисаптың, тек байымақ пайдакүнемдік пен тойымсыз табыскерліктің тұрғысынан қарау қалай болмақшы?! Қазынаға қызығып, қо­рығымыздың флорасын қуратып, фаунасын қырып-жойып алмаймыз ба? Басқа елдерге безіп кетпей ме? Күллі әлемге күлкі бол­май­мыз ба? Абайлау керек шығар. Шындап зерттеп, шынайы қорытынды жасамақ жөн болар. Қазіргі көрешекті ғана емес, жүз ғасырлық келешекті көздесек қайтеді?

Тап сол түсті металл қабаттары қат-қат дейтұғын Иірсуыңыздың иығынан байқап қарасаңыз, бір жағыңызда Ақсуыңыз, екінші жағыңызда Жабағылыңыз жалғасып жатыпты-ай. Алла тағала Ақсуыңызда алқызыл (қызғалдақ), алма, аршадайын ғажаптарды, ал Жабағылыңызда қазақтың жаны дейтұғын жабағы жылқыны жаратқандай сезінетініңіз анық. А, бәлкім, аяғыңыздың астындағы алтын-күміс кенін әдейілеп, сынамақ үшін берген шығар? Қай жағын таңдар екен, қандай қазынаны қамдар екен деп…

“Қалжыраған, қанаттары талған бір топ қаз желге қарсы ұшып келеді. Тескентауды айналып, Маймақтаудың сыртынан шығып, Манас шыңын бөктер­лей, Ақсай арнасын, Ақсу-Жабағылыны бетке алып, баяу қалықтайды. Тез ұшар еді, жел бар… Қаздар мен қазақтар – қа­нат аңсағандар”, – деп жазады Шерағаң шығармасында. Атақты “Ай мен Айша­сында”. Өзге туындыларында да Ақсу-Жабағылыға айналып соға береді. Тұрар Рысқұлов Ташкенттен мәшинемен де келіп тұрған. Еңку-еңку жер шалып, сең­гір-сеңгір тау асып, атпен де асығып жетеді екен. Ақсу-Жабағылының теңдесі жоқ табиғатына жанарлары жасаурай қарап: “Ақсуым – арымдай, Жабағылым – жанымдай… Айналайын алашым, қазағым, Қазақстаным, аман бол. Түркі­станым, түгел бол!” – деген шығар Мәскеу жаққа біржолата кетерде.

Иә, ең алдымен, Ақсу-Жабағылыда ең­бек ететін әрбір жан осы ұлағатты ұғынуға парыздар. Тек олар ғана емес, Қазақ елінің, Қазақ жерінің бүкіл жұрт­шылығы Шерағаң шырылын тереңірек түйсініп, Тұрар тектес тілекте болмағы абзал. Туған ел табиғаты­ның таңғажайып­тарынан айырылып қалмау үшін! Барша­мыз: “Ақсуым – арымдай, Жабағылым – жанымдай…” десек, бұл – Алакөл мен Алматы, Барсакелмес, Батыс Ал­тай мен Үстірт, Марқакөл мен Науыр­зым, Қаратау мен Қорғалжын қорық­тарын да, Алтын­емел, Баянауыл, Бурабай, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Көк­шетау, Шарын, Көлсай көлдері, Сайрам-Өгем сынды ұлттық парктерімізді де қалт­қысыз сүйгеніміз. Бүкіл Байтағымызды ба­ға­лағанымыз. Ана-Табиғатты аялағанымыз.

 

Мархабат БАЙҒҰТ.

123
скачать работу

Ақсу-Жабағылы қорығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ