Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақсу-Жабағылы қорығы

ында пайда болғаны дәлелденген. Төртеуінен нешеме жүздеген сұрыптар өсірілген. Ақсу-Жабағылыдан апарылып, аудандастырылған Алқызыл аруыңыз – Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда биік бағаланып, дүр дипломмен марапат­талған. Содан бері біздің қызғалдағымыздан 200-ден астам түр тараған.

Қызғалдақ пен сарғалдақ десе, алпауыт, алып мемлекеттер, шат-шадыман шаһарлар тұрғындарының, бүгінгі өркениетті, мәдениетті есептелер адамдардың ойларына бірден Еуропа елдері, оның ішінде Голландия оралары аян. Ондайларға оян дей алмайсыз. Ақсу-Жабағылыны айтып, тәптіштеп түсіндірмекке мүмкіндігіңіз жоқ. АҚШ-тан, Жапониядан, Канададан, Германиядан, Италиядан, Австрия мен Швейцариядан, жаңағы Голландияңыздың өзінен арнайы келетіндер өркениетті мемлекеттерде өсіп жатқан қызғалдақтар мен сарғалдақтардың төркін төрі көркем­ниетті қазақ топырағы екеніне көз жеткізіп кетіп жатыр. Там-тұмдап жазылып та жүрген жағдайлар жоқ емес. Айтпақшы, осы сапарымызда ше, Ақсу-Жабағылы қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімін басқаратын Елмира Жұ­манова қарындасымыз қызықты бір хикаяны әңгімелеп берген. Жабағылы ауылында біраздан бері Ламерт Бис деген голланд жігіті тұрыпты. Келіншегі Елмира – қазақ қызы. Жабағылыда туған. Сағи Қаратаевтың қызы. Мәселенің мәнісі былай екен. Ламерт Голландиядан туристік сапармен келген. Ақсу-Жабағылының атақ-даңқын естіп. Сағи Қаратаевтың қора-қопсысы, мал фермасы, таудың табиғаты – бәр-бәрі Ламерт мырзаға тосын, қызықты көрінген. Қазақылау қалыптағы қора-қопсыны, табиғилық жақтары басымырақ тіршілікті қызықтап жүріп, ары-бері өтіп жүріп, Елмирамен танысқан. Ғашық боп қалған. Мінекиіңіз, енді екеуі Жабағылы ауылында тұрып жатыпты. Екі перзенттері бар. Голландиядағы құда-құдағилар жыл сайын келетін көрінеді. Сәкеңдердің де барыс-келістері жақсы. Біразырақ бұрын “Времяның” тележурналистері Ламерттен арнайы сұхбат алыпты. “Бис мырза, нелерді және кімдерді ерекше ұнатасыз?” деген­дейін сауал берген. Күйеу бала: “Ақсу-Жабағылыдағы Грейг қызғалдағын және қазақтың Елмира деген қызын жақсы көремін”, – деп жауап беріпті. “Қызғал­дақтың ең ерекше, қалың өсетін жері – Қойлыбайдың жайлауы. Ол – Жабағылы жотасының күнгейі, Кіші Қайыңдының қарсы жақ беткейі, – дейді Елмира Жұманова. – Төле би ауданы аумағы жағынан алсақ, Шуылдақ шатқалының тепсеңдері түгел тұнған сарғалдақ”.

Сарғалдақтың саршанақтары сәуір сәулесімен нұрланады. Көктем күш алып келеді. Тү-у төбелерде, құзар шыңдарда сүрі қарыңыздың көбесі сөгіле қоймаған. Ақсуыңыздың арнасы арқырай аққан ақшылтым судың арынынан асып-сасар емес. Міз бақпайды. Қия-қияларда, жар­тыкештенген жартастардың ықтасында­рында ақбүрген мен ақжусан бүр жарыпты. Жабағылы жақтың жел тимес жықпыл­дарында ақгүл бұта ағараңдайды. Шақпақ­бабаға қарата еңкейер еңістерде ақшуақ жусан желкілдеп үлгеріпті. Шық тұнған шырыш балалапты. Андыз жапырақтары қалқайып қарайтындай. Өзегі өсіп үл­гермепті. Бір шаршы аршынның аумағында сасырыңыздың бірнеше түрі самсап тұрыпты.

Ақсу-Жабағылы флорасының айрық­ш­алық­тарын белгілі ботаник ғалым Н.Х.Кармышева ханым кезінде кереметтей келістіре мәністеп, мазмұндап кеткен. Әрі ғылыми қызметкер, әрі директор болған. Жиырма жыл бойы. 1939-1959 жылдары. Ғылым үшін үлкен жаңалық ретінде танылған, тек текті төріңізде – Ақсу-Жабағылыда ғана өсетін өзгеше өсімдіктер түрін ашқан. Айналайын аршаңызды айрықшалап сипаттаған. Сонысы ұнайды. Арша. Ақсу-Жабағы­лының аршасы. Біз-дағы бұрынырақта арша туралы жазың­қырағанбыз. Тәңіртау­дың төңірегінде, Алатау мен Қаратаудың түйісер тұстарында аршаңыздың алты түрі болған екен. Кейінгі үш жүз жылдың ішінде оның үш түрі мұқым-мүлде жойылып кеткен. Бүгінде қара арша, балғын арша және сауыр арша дейтін түрлері қалған. Аршаны алаш баласы, қазақ жұрты әулие ағаш санаған. Беталбаты балта шаппаған. Тек бесікке ғана, қобызға ғана, онда да абайлап қана, Табиғат-анамыздың таңдау-талғауымен ғана, меңзеуімен ғана мәністеп қиған. Он тоғызыншы ғасырдың басынан бастап аршаға алапат қырғын келген. Қарашекпенділер өздерінің таусылмас қара орманындай, қарағайындай қараған. Отындыққа қырыққан. Үй-жайларына, шошқа қораларына дейін шығындаған. Кендер мен кеніштер ашылса-дағы, аршаға сор боп жабысқан. Темір жолдың табанына тепкілеп тұрып төсеген. Солдаттарының гимнастеркаларын аршадан алынатын бояумен бояған… Жиырмасыншы ғасырыңыздың жиырмасыншы-отызыншы жылдарында отындыққа кесілген арша арбаға, тракторға, мәшинеге тиеліп әкетіліп жатқан. Қаратаудың Құлантау, Жылан­дытау, Пістелітау, Бозторғай мен Боралдай жағы, Машат шатқалы мен Арыс арналары аршадан осылайша айырылып қалған. Ақсу-Жабағылы қорығы құрылмағанда ше, аршаңыздың тағдыры не болар еді?! Шүкіршілік, қорық аумағының отыз пайызы – арша. Кармышева ханым: “Ғасырлар бойы жасайтын ғажайып арша алқаптары Қазақстан бойынша тек Ақсу-Жабағылы аумағында және Сайрамсу мен Сарыайғыр шатқалдарында ғана сақталып қалған”, – деп жазды. Ғалымдар баяғыдан-ақ баян етіп келеді. Небәрі бір ғана гектар арша алқабы күніне ауа арқылы тарайтын отыз кілә асылзат бөледі. Ол фитонцид деп аталады. Фитонцид ағыны жүрген жерде микроб болмайды. Осы отыз кіләңіз, яғни бір гектар арша алқабынан аңқитын асылзат алып қалаңызды залалсыз­дандыруға әбден-ақ жеткілікті екен.

Ақсу-Жабағылының таңғажайып тауларында көшкін болдырмай, жарлауыт­тандырмай, жақсы сақтап келе жатқан да – арша. Ылғалды ықыласты түрде реттейтін де – арша. Маралыңыз аршаның арасында. Қоңыр аюыңыз бен қабаныңыз және борсығыңыз аршаның айналасында. Қасқырыңыз бен түлкіңіз аршаның ыршып түсер түйірлерін тістеріне басып тұшыр­қанар. Суырларыңызға дейін сусылдап келіп, аршаның түбінде аялдар. Биігіректегі арқарлар мен таутеке-тауешкілер аршаны кие тұтатынын білдіріп, белгілі бір мез­гілдерде айнала-төңірегіне үйіріле еркелейді. Олардан да жоғарырақ жақты мекендеп, аса сирек көрінер қар барысының қалаулы аршалары алабөтен бөлекше болады. Ай­налайын аршаңыз Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Жабағылы, Балдыберек және Балабал­дыберек сияқты өзендерді, мыңдаған бастау-бұлақтар мен Айнакөл, Қызөлгенкөл сияқты жүздеген көл-көлшіктерді сақтауға септесіп келе жатыр. Ақсу-Жабағылы қорығының мұражайында төрт жүз жылға жуық уақыт жасаған аршаның кесіндісі сақтаулы тұр. Алты жүз, жеті жүз жыл жасаған аршалар аз емес. Мыңдаған жылдардан бері маңғаздана мұнартып көрінер керемет аршалар алыстан менмұн­далайды. Оларға жетуіңіз қиын. Аршыл аршаның ақсөңке тартқан сүйектеріне дейін иірқобызданып, шиырлана шуақтанып жататынын қайтерсіз… Тәңіртаудың Ақсу-Жабағылы аймағындағы аршалы алқаптар Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбек­станның өз маңайындағы өңірлеріне, кенттері мен шаһарларына аңқыма асылзатын шашыратып тұрғаны анық.

Батыс Тянь-Шаньның бұл бөлігіндегі бағзыдан келе жатқан бедер-бәдіздерді сөйлеткен сұңғыла ғалымдарыңыз осыдан 440-570 миллион жылдар бұрын Ақсу-Жабағылыңыздың аймағы теңіздің түбі болған деседі. Сұрғылт әктастардың құра­мынан небір жануарлардың қалдықтары табылған. Кейіннен құрғақтанған қорықтың орнын екінші қайтара су басқан. Осыдан 350-400 миллион жылдай уақыт бұрын қолайлы, жылы климат орнаған. Ал 230-280 миллион жылдар ілгеріректе қылқан­жапырақты ағаштар пайда бола бастапты. Жағрапиядан жақсырақ хабардар, табиғат тылсымдары турасында түсінігі бар кісілер одан бергісін біліңкірейді.

Ата-бабаларымыз Ақсу-Жабағылының тарихи тастарында талай-талай таңбалы жазбалар мен суреттер қалдырған. Сіз бен біздің ежелгі ата-бабаларымыз. Сол жазба­лар мен таңбалар және сурет-сызбалар көп жылдардан бері ғалымдарды, мамандарды, саяхатшыларды, жалпы жанкүйер жұрт­шылықты қайран қалдырып келеді. Жабайы жануарлар, олардың ішінде машат-бұлақ кешкен маралдар, сол маралдардың маңайындағы қайқы құйрық иттер, таутекелер мен арқарлар, сондай-ақ аңшы­лар айтарлықтай шеберлікпен бейнеленген. Қасқабұлақтағы қоңырқошқыл, жалтыр тастардағы жүздеген жазба-сызбалар жоғары мәдениеттілігімен, талғам биікті­гімен бөлекшеленеді. Олардағы маралдар да, таутекелер мен арқарлар да, адамдар да дегдарлықпен, бекзаттықпен бәдізделген. Төбеттері мен түйелерінің тұрық-тұрпат­тарына қарап-ақ тауарихтарын тасқа оймыштап қалдырған қазақтардың арғы ата-бабаларының қолтаңбаларын анық аңғарасыз. Жан-жүрегіңіз толқынысқа түседі. Өкінішке қарай, осы жазбалар мен таңбалар, сырлы суреттер жан-жақты, жүйелі зерттеліп-зерделенбеген. Түбегейлі түрде жазылған туындылар, дерек-дәйектері толыққанды дүниелер, сипатты суреттері жетіп-артылып жататындай альбом-кітаптар жоқтың қасы. Қысқартып қайырсақ, Қасқабұлақ құпиялары әлі толық танылып, ашылып біткен жоқ.

Біз жоғарыда Ақсу-Жабағылының қызғалдағы мен аршасын ғана аз-кем айтыңқырадық. Жабайы алмалары – айрықша әлем. Оларды Сиверс алмасы деп атайды. Ғылым жүзінде. Ал, шынтуайтында – Ақсудың алмалары. Ақсу өзенінің арналарын қуалай өседі. Ақсу каньонында деген дұрыс шығар. Каньонның ұзындығы 18 шақырым, тереңдігі 500-600 метр, ені жарты километрге жетеді. Америкадағы атақты шатқалдан кейінгі екінші орында. Ақсудың жабайы алмалары түрлі-түрлі. Түстері ақсары, сарғыш, қызғылт сары, қызыл, т.б. Дәмі де тәтті, қышқылтым, су­сілепір деп бірер түрге бөлінеді. Қарашаның соңында сау етіп төгіліп, қуыс-қуысқа жасырынып, жапырақ жамылып жатқан жабайы алманы желтоқсанның соңында қалың қардан аршып алып, қарш-қарш шайнаған қандай! Өгем өзеніндегідей, Сайрамсу мен Қасқасудағыдай қазақы қайың қасқайып тұрыпты. Аққайың емес, қызыл­қайың емес, жіңішкелеу қоңырқай қайың емес, күреңдеу реңді қазақы қайың. Бұтаның бірқаншасы, тобылғы мен ұшқаттың бірталайы, сары және қызыл доланалар, ақтал, таутал, сәмбітал, өрімтал, қаратал, ақтерек пен көктерек – сізге тағы не керек? Аққурай, қызылқурай… Андызды айттық.

Құстар, құстар. Біз бұл сапарымызда біраз уақыт бозторғай үнін, бозторғай әнін, бозторғай шырылын тыңдад

123
скачать работу

Ақсу-Жабағылы қорығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ