Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алтынбаев Қалихан (1927 -2002)



 Другие рефераты
Талаптан Ахметжан жазушы-драматург Арғынбек Апашбайұлы (1882-1946 жж.) Ақышев Нұрдәулет (1950) жазушы Ақсақал Қалмырзаев (1936)

Қалихан Алтынбаев — ерекше қабілеттілігімен, сыршыл сезімталдығымен, ойының өрістілігімен, тілінің өткірлігімен дараланған ақын. Ол бүкіл саналы ғұмырын ақындыққа арнады.

1927 жылы 23 желтоқсанда Жарма ауданының Малай колхозында туған. Шешесі Сағила Смаққызы- халық ақыны, С.Әлімбетовтың жақын қарындасы. Әкесі Қалиасқар- домбырашы, өлеңші, шежіреші адам болған.

Қалихан Алтынбаев газет тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеп, қалың бұқараның ортасында жүрді. Ол қайда болса да ел ішіндегі атақты адамдардың үлгілі ісі мен шежірені, бұрынғы ақындардың мұраларын, қағытпа- қайым айтыс өлеңдерін, мақал-мәтелдерді, қысқасы бесік жырынан жоқтауға дейінгі әдеби мұраларды жинақтап, қойын дәптер жазды. Оларды мақала етіп, Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қорына жіберді. Ол сонау қырқыншы жылдардан бастап сол ғылыми орынның тілшісі.

Айтыскер ақынның көптеген мақалалары республикалық «Абай» журналы, » Қазақ батырлары»,»Семей таңы», «Үш анық» газеттерінде шықты.

Көрнекті өнер иесінің ерекше қасиеті- ұлттық өнеріміздің алтын қазығы- ауыз әдебиетін терең білетіндігі, халқымыздың өткен-кеткен тарихынан, көне шежірелерден мол хабарлар екендігі, шұрайлы тіл байлығы, тіліміздегі ескі сөздердің мағынасын жетік ажырата алатындығы.

Шығыстан шыққан қазіргі айтыс ақындары Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов, Айнаш Сейсекенова, Дәмеш Омарбаевалар Қалихан Алтынбевты ұстаз тұтады.

Айтыс өнеріне 1957 жылдан бастап белсене араласып келе жатқан ақын, талай ұлы дүбір сайыстарда суырылып шығып, абыройға ие болды. Ең алғаш Жарма ауданының орталығында Көсембек Байқұтанов деген ақынмен айтысқа түсті. Оның кезекті бір айтыста қолма-қол тауып айтқан «Үш бәйтерек» деген өлеңі көпшіліктің сұрауымен баспа бетінде жарық көріп, ел аузынан түспейтін аңызға айналып кеткені шындық.

Айтыскер ақын Қ.Алтынбаев өз өмірінде аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі сөз сайысына 27 мәрте түсті. Олар айтыс кітаптарына енгізілген. Әуелден-ақ Қ. Алтынбаевтың шығармалары әдебиет зерттеуші ғалымдардың, сыншылардың назарына іліккен. Оған ең бірінші болып баға берген ғалым- Есмағамбет Ысмайылов.

Қалихан — жазып та шығаратын, қолма-қол суырыпта айтатын жалынды талант. Академик, сыншы М.Қаратаев «Әдебиет және эстетика»,» Эпостан эпопеяға «деген кітаптарында, зерттеуші ғалым С.Сандыбаев «Қазақ фольклоры және эстетика» деген еңбегінде ақынның айтыскерлік шеберлігіне зор баға береді. Сондай–ақ Қазақстанның халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың «Екі естелік» кітабының бір бөлімінде ақын туралы көптеген жылы лебіздер берілген. Ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың Қ. Алтынбаев поэзиясына арналған зерттеу мақаласы да арнайы назар аударарлық.

Ақын онға тарта поэмалардың авторы. Жеке басылып шыққан «Мамай батыр» поэмасы күні кеше ғана өткен ұлы ақынымыз Абайдың 150 жылдығына арналып, Семей таңы» газетінің ішінде кітапша болып шықты.

Айтыс өнерінің тарланы Қалихан Алтынбаев сөз сайысының бір оңтайлы қисынында былай деген еді:

Қолыма он үшімде домбыра алдым
Кездесіп көрген емен тапшылыққа.
Ақ борасынмын
Солтүстіктен ойастайын,
Жаманға үрей, жақсыға ой тастайын
Айтыстың Рүстем дастан палуанымын
Қалайша мына топта айқаспаймын,-

деп өзінің шомбал тұлғасын өлеңмен сомдаған арқалы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қалихан Алтынбаев 2002 жылы 7 қыркүйекте дүние салды.

скачать работу


 Другие рефераты
Ахмет Жұбанов
Государство в политической системе общества
Көмірсулар жане липидтер
Образовательные ресурсы интернет


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ