Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арғынбек Апашбайұлы (1882-1946 жж.)



 Другие рефераты
Әбенов Шәкір, ақын (1901-1994 ) Талаптан Ахметжан жазушы-драматург Алтынбаев Қалихан (1927 -2002) Ақышев Нұрдәулет (1950) жазушы

Зайсан ауданы Қара Ертіс болысы Ақарал ауылында 1882 жылы туған. ( У. Қыдырханов мәліметі). Әкесі кедейдің кеуделісі, еті тірі адам болыпты. Арғынбек әуелі Саид Мустафа деген араб шейхынан оқып, хат таныған екен. Анасы Әйкен аса көрікті, ақылды, өлеңші адам болған. Тойларда айтысқа, өлім-жітімде жоқтауға отырғызады екен. Анасының әсері болар Арғынбек он жасынан өлең шығара бастаған:
Он жасымда қағазға,
Салып едім көзімді.
Әкес өліп жасымда,
Қалдырды надан өзімді,
Бәрін босқа өткіздім,
Өнер табар кезімді.- деп жырлайды.

Бала Арғынбек Зайсандағы татар көпестеріне қосшы болып, одан орыс жемтемір-барлаушыларына жалданыпты.Көпес Керімберді Бабаевтың ықпалымен қазандағы Шәмшиден Құсайыновтың баспасын қисса –дастандар жіберіп тұрған.
Арғынбек Апашбайұлы қазақ халқының жазба әдебиетінің іргесін қалап, шаңырағын көтерген Абай бастаған ақындардың өнегесін жалғастырушы тұлғалы ақындардың бірі болған. Ол өз заманының реалист-ақыны, ұлағатты ағартушысы, гуманист, елім деп еміреніп өткен замана жыршысы.

1912 жылы өрдегі керейлерге көшіп кетеді. 30 жылдар Алтайда басталған аласпыран кезінде Гоминданға қарсы көтерілісті қолдап өлең жазғаны үшін түрмеге түседі.
Жат жерде жүрсе де туған жерге деген сағыныш ақынның көптеген жыр шумақтарына шабыт берді. Ұзақ – ұзақ толғауларында не ұйқас, не сөз қайталауы кезікпейтін, өлеңінің бәрінде жерге, елге құрмет сезіліп тұрады екен.
1915-1925 ж. аралығында «Қалам алып Арғынбек», «Жер -адамның анасы», «Жігіт сол» т.б. көлемді де терең ойлы өлең-толғаулар жазған.
Ақынның «Қазақ Сырдан ауғанда», «Ата жұртым -қазағым», «Россия туралы» дастандары ел ішіне кең тараған.

1927- 28 жылдар аралығында ақын ерекше бір тың шабытпен бітімі бөлек, тілі шұрайлы «Жыр романын» жазады.
Арғынбек өлеңдері Қазақстан, Қытай, Монғолия, Түркия елдеріндегі қазақтар арасына кең тараған. Оның бірқатар туындылары ҚР ҒА-ның Орталық Ғылыми кітапханасында қолжазба қорында сақталған.
Туған жерге деген күңіреніске толы Арғынбектің жыр-мұрасы әлі толық зерттеліп, оқырмандарына жете қойған жоқ. Ақынның шертілмей жатқан шерлі шежірелері, қазылмай жатқан қазыналары аз емес. Арғынбек Апашбайұлы 1946 жылы Қытай Халық Республикасы Шыңжан өлкесінің Алтай аймағында қайтыс болды.

Шығармалары:

Апашбайұлы А. Жер — адамның анасы// Жұлдыз.- 2004. — N 2. — Б. 139-140
Апашбайўлы А. Орта жүздің Сырдан аууы: Толғау // Жұлдыз.- 2004. — N 2. — Б. 141-143

Ол туралы:

Қыдырханұлы У. Күңіреніп өткен өмір// Жұлдыз.-2004. — N2 — Б.136-138

Қыдырханұлы У.Күңіреніп өткен өмір// Ертіс өңірі.-2004.- 12 ақпан. — Б. 28

Арғынбек Апашбайұлы//Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары.- Өскемен.- 2006.-Б.308-310.

скачать работу


 Другие рефераты
Сократ
Индуизм
XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстан. Абылай хан (1771-1781 жж.)
Конспект урока по биологии - гликолиз


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ