Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әр түрлі режимдегі түзеу мекемелерінде сотталған ер мен әйел адамдардың жаза өтеу ерекшеліктері



 Другие рефераты
Тәрбиелеу колониясында жазаны өтеу Түрмелерде жазаны өтеу Қоныстану колониясында жазаны өтеу Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу, сотталғандардың еңбек ету жағдайлары және оны төлеу

Қазақстан  Республикасы ҚАК – нің 69 – бабына сай түзеу мекемелерінің үш түрі қызмет істейді: түзеу колониялары, түрмелер және тәрбиелеу колониялары.

Түзеу колониялары -  кәмелетке толған  бас бостандығынан айыруға сотталғандарды  ұстайтын түзеу мекемелерінің  негізгі түрі. Олар жалпы, қатаң, айрықша режимдегі колониялар және қоныстану колониясы болып бөлінеді.

ҚР ҚАК – нің 69 – бабына сай  жалпы режимдегі  түзеу колонияларында арнайы жасаған кішігірім немесе орта ауырлықтағы және ауыр қылмыстар жасағаны үшін  бас бостандығынан айыруға алғаш рет  слтталған адамдар,  сондай – ақ  абайсызда жасаған қылмысы үшін жеті жылдан астам мерзімге  бас бостандығынан айруға сотталған адамдар  жазасын өтейді.

Қатаң режимдегі  түзеу колонияларында аса ауыр қылмысы жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған,  сондай – ақ сотталушы  бұрын бас  бостандығынан   айыруды өтеген болса, қылмыс қайталанған жағдайда  сотталған еркектермен аса қауіпті қайталанба қылмыс жасаған әйелдер жазасын өтейді.

Айрықша режимдегі түзеу колонияларында қылмыс аса қауіпті қайталанған жағдайдағы адамдар,  өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар,  өлімге кесу түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айруға ауыстырылып сотталғандар жазасын өтейді.

Заңға сәйкес бір түзету колониясы көлемінде сотталғандарға жазаны атқару үшін әр түрлі, яғни әдеттегі  оңайлатылған, жеңілдетілген, қатаң жағдайлар белгіленіледі. Бұл сотталғандардың мінез – құлқына байланысты оларға жазаны қалай өтеудің жайы белгіленеді. Бұл сотталғандар жатақханаларда тұрады. Мыналар рұқсат етіледі:

  • тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті нәрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы  қаражаттан ай сайын жеті айлық еептік көрсеткіш мөлшерінде жұмсауға;
  •  жыл ішінде төрт қысқөа мерзімді, яғни төрт ұзақ уақыт кездесуге;
  • жыл ішінде төрт посылка, сондай – ақ сәлемдеме және бандероль алуға рұқсат етіледі.

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзбаған және дағдылы жағдайларда еңбекті адал істеген сотталғандар жаза мерзімінің  көлемінде тоғыз айын өтегендер негізінде жеңілдетілген жағдайға кешірілуі мүмкін.

Жазаны  өтеудің  жазылған алдыңғы қатарлы жүйесі – қатаң және ерекше режимдегі  түзеу мекемелерінде де қолданылады. Соңғылардың өзгешелігі – сотталғандарға тек құқықты шектеудің мөлшерінде айрықша режимде ұстау жағдайлары жеңілдетілмейді.

Қатаң оқшаулау, көптеген  материалдық шектеулер – қатаң реттелген ішкі күн тәртібі, ал айрықша режимде – колония  аумағында еркін жүру мүмкіндігінше көп шектелген. Осының бәрі сотталғандарға  едәуір қайғы – қасірет әкелуі мүмкін. Қайталама қылмыс жасағандарға олардың жеке басының айрықша қоғамға қарылығы, бұл адамдарға берік, терең қалыптасып кеткен көзқарастар мен әдеттер, бар уақытта  құқық бұзуға әзір жүретіндігі,  ұзақ мерзімге жазалауға сотталғандық,  және бұрындары сотталғандық,  сол себепті түзеу әсеріне  ұшырағандық тән жағдай. Сондықтан,  түзеу амалы ретіндегі тәрбие жұмысы сотталғандардың мұндай  айрмашылығын  еске алуы тиіс.

ҚР заңдары  сотталған ерлер мен әйелдерді  түзеу мекемелерінде бөлек ұстауды белгілеген. Ал  аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін аналар және түзеу мекемесінің балалар үйінде  сәбиі бар  аналар ғана оған кірмейді. Түзеу мекемесінде  отырған аяғы ауыр әйелдерге босанар алдында және босанғаннан кейін демалыс беріледі, оларға балалар үйінде тұратын баласын үш жасқа толғанға тәрбиелеуге мүмкіндік беріледі.

Әйел адамдар  ағзаларының психофизиологиялық ерешеліктеріне байланысты оларды  бас бостандығынан айыруды, ер адамдарға қарағанда, олардың мінез құлқына ерекше әсер етеді. Отбасының ыдырауы ер адамдарға қарағанда,  әйел адамдар өміріне қиынырақ соғатыны белгілі. Жазаны өткеру кезінде сотталған әйел адамдардың әрбір екіншісінің  отбасы  ыдырайды (ер адамдардың әрбір үшіншісі).

30 жасқа толмаған және орта білімі жоқ әйелдерді жалпы білім алуға оқыту міндетті. Сотталған әйелдермен тәрбие жұмысын жүргізудің өз өзгешелігі және оқшауда жүрген әйелдердің психо – эмоционалдық ерекшеліктеріне байланысты  едәуір қиындығы бар. Олармен тәрбие жұмысын жүргізгенде сағыну, торығу сияқты  күрделі психологиялық, дене құрылысы жағдайларын және әйелдердің анатомо – физиологиялық өзгешеліктерін еске алуы тиіс.

скачать работу


 Другие рефераты
Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
Биография Петра Третьего
Развитие воображения у детей
Маркетинг в строительстве


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ